experimentum.kz

STEAM жоба

Механикалық баспалдақ моделі

Бұл жоба – эскалатордың жұмыс істеу принципін картоннан қарапайым модель арқылы көрсетуге арналған. Оқушылар эскалатордың негізгі бөліктерімен, қадамдардың қозғалыс механизмдерімен танысады және қарапайым механикалық жүйелерді өз қолымен құрастырады.

Механикалық баспалдақ моделі Read More »

Суретші робот

Бұл жобада оқушылар мотордың көмегімен қарапайым «сурет салатын робот» жасайды. Фломастерлер роботтың аяқтары ретінде қызмет етеді, ал мотордың дірілі арқасында робот қағаз бетінде түрлі-түсті сызықтар қалдырады. Бұл жоба робототехника, өнер және шығармашылықты біріктіреді. 

Суретші робот Read More »

«Дыбысты сым» ойыны

Бұл жоба мектеп оқушыларына электр тізбегін үйретудің қызықты әрі тәжірибелік жолы болып табылады. Балалар өз қолдарымен «Дыбысты сым» атты ойын жасайды. Ойын барысында олар батарея, сымдар, мотор/зуммер және жарық диод сияқты компоненттердің қалай жұмыс істейтінін көреді.

«Дыбысты сым» ойыны Read More »

Жердің өз осімен айналуы

Бұл жоба оқушыларға Жердің өз осімен айналуы туралы ғылыми түсінікті тәжірибе арқылы көрсетуге бағытталған. Макет арқылы оқушылар планетаның қалай айналатынын және осы құбылыстың салдарын (күн мен түннің ауысуы) көреді. Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері Оқу мақсаттары Кеңістік және уақыт Жердің өз осінен айналу салдарын түсіндіру

Жердің өз осімен айналуы Read More »

Экожүйе макеті

Бұл жобаның мақсаты – оқушыларға экосистеманың қалай жұмыс істейтінін тәжірибе жүзінде көрсету. Оқушылар табиғи материалдарды (құм, тас, өсімдік, мүк, су) пайдаланып, экосистема макетін жасайды. Осы арқылы олар табиғи ресурстардың өзара байланысын түсінеді. Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері Оқу мақсаттары Табиғи ресурстар Табиғи ресурстардың қолданылу мақсатын анықтау

Экожүйе макеті Read More »

Шеңбердің ұзындығы

Бұл жоба арқылы оқушылар шеңбердің ұзындығын тәжірибелік жолмен зерттейді. Олар шеңберді бөліктерге қиып, оны төртбұрышқа айналдыру арқылы шеңбердің ұзындығы мен радиустың байланысын көреді. Жіптің көмегімен өлшеу жүргізеді. Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері Оқу мақсаттары Геометриялық фигураларды бейнелеу және құрастыру Радиус бойынша шеңбер мен дөңгелек құрастыру

Шеңбердің ұзындығы Read More »

Жаңбыр суын тазалайтын бақша

Бұл жобада оқушылар шағын үлгіде жаңбыр бақшасын жасайды. Жаңбыр бақшасының табиғи сүзгі ретіндегі қызметін көріп, оның артық жаңбыр суын сіңіру және ластануды азайту мүмкіндігін тәжірибе арқылы зерттейді. Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері Оқу мақсаттары Су Судың ластану көздерін анықтау

Жаңбыр суын тазалайтын бақша Read More »

Қағаздан жасалған ыдыс

Бұл жоба оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыта отырып, түркі халықтарының өмір салты мен материалдық мәдениетін зерттеуге бағытталған. Оқушылар қағаз массасынан (макулатурадан) ыдыс жасап, бұл процесте ежелгі түркілердің тұрмыста қолданған табиғи материалдарға ұқсас баламаларды пайдаланады.  Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері Оқу мақсаттары Қазақстанның тарихи тамырлары Әртүрлі материалдарды зерделеу негізінде түріктердің өмір салтын анықтау.

Қағаздан жасалған ыдыс Read More »

Өсімдіктің өсу қабілетін зерттеу

Бұл жоба оқушыларға өсімдіктердің тірі ағза ретінде қалай қалпына келетінін бақылауға мүмкіндік береді. Өсімдіктің әртүрлі бөліктерін кесіп, судың ішінде қайта өсу процесін бақылау арқылы оқушылар өсімдіктің өмірлік циклі, тіршілік етуі және қайта қалпына келу қабілетімен танысады. Жоба арқылы оқушылар ғылыми бақылау, өлшеу, салыстыру және қорытынды жасау дағдыларын дамытады. Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері Оқу мақсаттары Өсімдіктер Өсімдіктердің өмірлік циклін сипаттау

Өсімдіктің өсу қабілетін зерттеу Read More »

Электр өткізгіштерді зерттеу

Бұл жоба арқылы оқушылар электр тізбегімен танысып, әртүрлі материалдардың электр тогын өткізу-өткізбеу қасиетін зерттейді. Олар қарапайым құралдарды қолданып, өздері шағын тестер құрылғысын жасап көреді. Жоба оқушылардың бақылау, салыстыру, қорытынды жасау қабілеттерін дамытады. Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері Оқу мақсаттары Электр энергиясы Түрлі материалдардың электр өткізгіштігін зерттеу

Электр өткізгіштерді зерттеу Read More »