experimentum.kz

STEAM жоба

Қаржылық жоспарлау моделі және жеке бюджетті есептеу арқылы іскерлік ойын

Бұл жобада оқушылар өздерінің (жеке/отбасылық) қаржысын зерттейді. Қаржылық сауаттылықты үйреніп, айлық кірістер мен шығыстарды анықтаңыз. Сонымен қатар, жалпы бюджетті дұрыс бөлу мақсатында және монополия ойынын пайдалана отырып, қаржылық сауаттылық дағдыларын дамытатын болады.

Қаржылық жоспарлау моделі және жеке бюджетті есептеу арқылы іскерлік ойын Read More »

Көлеңке театры

Бұл жобада оқушылар көлеңке театрын өз қолдарымен жасайды, және өз ойларынан қойылым ойлап тауып, көрініс көрсетеді Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері Оқу мақсаттары 5.2 Жарық 4.5.2.1 көлеңке кедергінің көлеміне және көзден кедергіге дейінгі қашықтыққа тәуелділігін зерттеу және түсіндіру;4.5.2.2 жарықтың шағылысу және жұтылу сияқты қасиеттерін зерттеу және түсіндіру

Көлеңке театры Read More »

Су тазарту станциясының технологиялық процесін көрсететін модель

Осы жоба аясында оқушылар Ағынды суларды тазарту қондырғыларының қалай жұмыс істейтінін біледі. Оқушылар су сапасының көрсеткіштерін анықтау бойынша зертханалық жұмыстарды орындайды. Сонымен қатар, барлық материалдарды зерттей отырып, олар Ағынды суларды тазарту станциясының жұмыс моделін жасайды.

Су тазарту станциясының технологиялық процесін көрсететін модель Read More »

Қашықтан деректерді жеткізу мүмкіндігі бар автономды цифрлық метеостанцияны әзірлеу

Әрбір адамға әсер ететін жаһандық фактор – ауа-райы жағдайлары. Қазіргі уақытта ауа райы жағдайын Интернеттен көруге немесе теледидардан көруге (тыңдауға) болады. Бірақ сіз өзіңіздің SMART метеостанцияңыз арқылы ең дәл ақпаратты ала аласыз. Бұл жобада сіз өзіңіздің жеке нақты көрсеткіштерді көрсететін «ақылды» үй метеостанциясын жасай аласыз.

Қашықтан деректерді жеткізу мүмкіндігі бар автономды цифрлық метеостанцияны әзірлеу Read More »

Пластикалық қалдықтардан жасалған өнер нысандары

Бұл жобада оқушылар планетамыздың пластикалық материалдармен ластануы, Өндіріс, сондай-ақ қайта өңдеу үшін қолданылатын шаралар сияқты маңызды экологиялық мәселелердің бірін зерттейді. Осы мәселеге сүйене отырып, пластикалық материалдарды қайта өңдеуге және қайта пайдалануға арналған шығармашылық шешімдерін ұсынады.

Пластикалық қалдықтардан жасалған өнер нысандары Read More »

Материал датчиктері бар автоматты сұрыптау құрылғысының жобасы

Зерттеулер бойынша жыл сайын 2 млрд тонна қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылатыны белгілі болып отыр. Ал 2050 жылға дейін осы көрсеткіш 70%-ға өсетіні болжануда. Егер қазірден бастап қалдықтарды сұрыптап қайта қолданбайтын болсақ, бірнеше он жылда планетамыз үлкен бір қоқыс үйіндісіне айналмақ. Бұл мәселе сізге де маңызды болса осы жобаға кірісіп көріңіз. Бұл жобада оқушыларға экологиялық білім мен тәрбиенің негіздері беріледі. Ал практикалық бөлім оқушыларды ынталандырып сұрыптауды қызықты ететініне сенімдіміз.

Материал датчиктері бар автоматты сұрыптау құрылғысының жобасы Read More »

Армандағы үй жобасы

Әр адам өзі армандаған үйін салып, тұрғысы келеді. Бірақ көптеген адамдар үйді жобалау ережелерімен таныс емес. Осыған байланысты құрылыс кезінде қиындықтар туындауы мүмкін немесе бөлмелердің орналасуы ыңғайсыз болуы мүмкін. Бұл жобада біз сәулетшілер рөлінде шығып, үйдің жоспарын жасаймыз. Тек екі өлшемді түрде ғана емес, сонымен қатар үйдің 3D моделін модельдейміз және AR технологияларын қолдана отырып, кеңейтілген шындықта үш өлшемді модельді тамашалайтын боламыз.

Армандағы үй жобасы Read More »

Ұлттық стиль элементтері бар архитектуралық нысандарды модельдеу

Әр едле туризмның дамуына, сол елдің мәдениетін ерекше етіп көрсететін архитектуралық туындылардың болуы үлкен септігін тигізеді. Осындай өзекті әрі маңызды мәселені оқушыларға жеткізу жолында осы жоба кішкене болса да себеп болады деген ойдамыз. Бұл жобада оқушылар, еліміздің қалаларында, болашақта болуы мүмкін, ұлттық нақыштағы элементтерді қолданып, еліміздің архитектурасын ерекшелендіретін ғиматтардың жобасын ойлап тауып сызатын болады.

Ұлттық стиль элементтері бар архитектуралық нысандарды модельдеу Read More »

Көз денсаулығы

Бұл жобада біз көздің құрылысын, оның қалай жұмыс істейтінін, көздің ерекшеліктерін зерттейміз. Бірнеше эксперимент жүргіземіз. Қазіргі уақытта көз денсаулығы мәселесінің қаншалықты маңызды екенін білеміз және осы тақырып бойынша ең пайдалы кеңестер мен шешімдерді ұсынуға тырысамыз.

Көз денсаулығы Read More »

Гаражға кіруді автоматты басқару жүйесін жобалау

Бұл жобада оқушылар ақылды үйдің бөлігі болатын ақылды гараж жүйесін құрастыратын болады. Гаражда қашықтан басқарылатын ақылды қақпа және қозғалыс датчигі бар жарықтандыру жүйесі болады. Ол үшін оқушылар Ардуиноны қолданады.

Гаражға кіруді автоматты басқару жүйесін жобалау Read More »