experimentum.kz

STEAM лабороториясы

Лабораториялық жұмыс №1: «Әртүрлі өсімдіктер жасушаларындағы фотосинтез пигменттерінің құрамын зерттеу»

Сипаттамасы:  Зертханалық жұмыс барысында оқушылар өсімдіктер жапырақтарындағы фотосинтез пигменттерінің құрамын қағаз хроматографиясы әдісі арқылы зерттейді. Сонымен қатар, әрбір пигмент үшін Rf мәндері есептеледі. Бұл өсімдіктердегі пигменттердің құрамын тексеруге және хлоропласт құрылымы мен қызметі арасындағы байланысты анықтауға мүмкіндік береді. Ұзақмерзімді жоспар бөлімі Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері Оқу мақсаттары Қоректену Хлоропласттың құрылымдық компоненттері және олардың қызметтері. Фотосинтез пигменттері. Rf мәнінің маңызы. 11.1.2.1 хлоропласттың құрылымы мен қызметі арасындағы байланысты орнату.

Лабораториялық жұмыс №1: «Әртүрлі өсімдіктер жасушаларындағы фотосинтез пигменттерінің құрамын зерттеу» Read More »

Лабораториялық жұмыс №1: «Ақуыздардың құрылымына әртүрлі жағдайлардың (температура, pH) әсері»

Сипаттамасы:  Бұл зертханалық жұмыста оқушылар температура мен қышқыл-сілтілік ортаның (pH) ақуыз құрылымына әсерін зерттейді. Мысал ретінде құрамында сыртқы орта өзгерістеріне сезімтал альбумин ақуызы бар жұмыртқаның ағы қолданылады. Тәжірибе барысында оқушылар қышқыл, сілті және қыздыру әсерінен болатын ақуыздың денатурация процесін бақылайды. Ұзақмерзімді жоспар бөлімі Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері Оқу мақсаттары Молекулалық биология және биохимия Ақуыздарды құрамына (қарапайым, күрделі) және қызметіне қарай жіктеу. Ақуыздардың құрылымы және құрылымдық деңгейлері. Ақуыздардың денатурациясы және ренатурациясы. 10.4.1.4 – ақуыздарды олардың құрылымы, құрамы және қызметі бойынша жіктеу10.4.1.5 – ақуыз құрылымына әртүрлі жағдайлардың әсерін зерттеу

Лабораториялық жұмыс №1: «Ақуыздардың құрылымына әртүрлі жағдайлардың (температура, pH) әсері» Read More »

Лабораториялық жұмыс №2: «Глюкозаның альдегидоспирт ретіндегі химиялық қасиеттері. Крахмалға сапалық реакция»

Сипаттамасы:  Бұл зертханалық жұмыста оқушылар глюкоза, крахмал және сахароза сияқты түрлі көмірсулардың химиялық қасиеттері мен реакцияларын зерттейді. Қайтымды қасиеттерін және гидролизге бейімділігін анықтайтын сапалық реакциялар жүргізіледі. Ұзақмерзімді жоспар бөлімі Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері Оқу мақсаттары Тірі ағзалар химиясы Көмірсулардың құрылысы, қасиеттері және қолданылуы 11.5.1.11 – крахмалға сапалық реакция жүргізу 11.5.1.12 – сахароза, крахмал және целлюлозаның гидролиз өнімдерін атау11.5.1.13 – крахмал мен целлюлозаның құрылысы мен қасиеттерін салыстыру

Лабораториялық жұмыс №2: «Глюкозаның альдегидоспирт ретіндегі химиялық қасиеттері. Крахмалға сапалық реакция» Read More »

Лабораториялық жұмыс №1: «Сірке қышқылының қасиеттерін зерттеу»

Сипаттамасы:  Бұл лабораториялық жұмыста оқушылар карбон қышқылдарының ең белгілі өкілдерінің бірі – сірке қышқылының химиялық қасиеттерін зерттейді. Ұзақмерзімді жоспар бөлімі Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері Оқу мақсаттары Карбонилді қосылыстар Карбон қышқылдарының қасиеттері 11.4.2.4 – карбон қышқылдарының химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакциялар теңдеулерін құрастыру

Лабораториялық жұмыс №1: «Сірке қышқылының қасиеттерін зерттеу» Read More »

Лабораториялық жұмыс №2: «Әртүрлі катализаторлардың химиялық реакция жылдамдығына әсер ету тиімділігін зерттеу»

Сипаттамасы:  Бұл зертханалық жұмыста оқушылар танымал «Elephant toothpaste» тәжірибесін орындайды. Бұл тәжірибе катализдің көрнекі мысалы болып табылады. Ұзақмерзімді жоспар бөлімі Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері Оқу мақсаттары Кинетика Катализ 10.3.2.7 — гомогенді және гетерогенді катализді ажырату

Лабораториялық жұмыс №2: «Әртүрлі катализаторлардың химиялық реакция жылдамдығына әсер ету тиімділігін зерттеу» Read More »

Лабораториялық жұмыс №1: «Коваленттік байланысы бар заттардың модельдерін құрастыру (N₂, O₂, алмаз)»

Сипаттамасы:  Бұл зертханалық жұмыста оқушылар коваленттік байланысы бар молекулалардың модельдерін жасайды: азот (N₂), оттек (O₂) және алмаз (C). Жұмысқа қарапайым заттар арқылы практикалық модельдеу және MolView онлайн платформасында 3D модель құрастыру кіреді. Оқушылар коваленттік байланыстың түрлерін, гибридтенуді және заттардың құрылымы мен қасиеттерінің арасындағы байланысты зерттейді. Ұзақмерзімді жоспар бөлімі Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері Оқу мақсаттары Химиялық байланыс Коваленттік байланыс.Коваленттік байланыстың қасиеттері. Гибридтену түрлері: sp, sp², sp³ 10.1.4.1 Коваленттік байланыстың алмасу және донорлық-акцепторлық механизм бойынша түзілуін түсіндіру 10.1.4.2 Қос және үштік байланыстардың түзілуін түсіндіру 10.1.4.3 Коваленттік байланыстың қасиеттерін сипаттау 10.1.4.4 Гибридтену түрлерін түсіндіру 10.1.4.5 Заттардың құрылысы мен қасиеттері арасындағы байланысты түсіндіру

Лабораториялық жұмыс №1: «Коваленттік байланысы бар заттардың модельдерін құрастыру (N₂, O₂, алмаз)» Read More »

Лабораториялық жұмыс №8: «Кальций оксидінің химиялық қасиеттері»

Оқушылар кальций оксидінің химиялық қасиеттерін зерттеу үшін екі тәжірибе жүргізеді. Бірінші тәжірибеде олар кальций оксидінің сумен реакциясын, ал екінші тәжірибеде сірке қышқылымен реакциясын бақылап, талдайды.  Ұзақмерзімді жоспар бөлімі Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері Оқу мақсаттары 1 (I), 2 (II), және 3 (III) топ элементтері және олардың қосылыстары  2 (II) топ элементтері және олардың қосылыстары.Лабораториялық жұмыс №8: “Кальцийдің сумен және қышқыл ерітіндісімен әрекеттесуі” 9.2.1.3 1 (I) және 2 (II) топ металдарының жалпы қасиеттерін салыстыру және реакция теңдеулерін жазу; 9.2.1.4 Кальций оксидтерінің және гидроксидтерінің негізгі қасиеттерін түсіндіру, олардың қолданылуын сипаттау.

Лабораториялық жұмыс №8: «Кальций оксидінің химиялық қасиеттері» Read More »

Лабораториялық жұмыс №10: «Сутекке сапалық реакция»

Сипаттамасы:  Бұл зертханалық жұмыста тұз қышқылы мен мырыштың өзара әрекеттесуінің мысалында сұйылтылған қышқылдардың металдармен реакциясы зерттеледі. Тәжірибе барысында сутек газы бөлініп шығады, оны жанған сіріңкені жақындату арқылы сапалық реакция көмегімен анықтауға болады. Бұл зерттеу металдардың қышқылдармен химиялық реакцияларының негізгі заңдылықтарын және сутектің газ ретінде қасиеттерін көрсетеді. Ұзақмерзімді жоспар бөлімі Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері Оқу мақсаттары Химиялық реакциялар Сұйылтылған қышқылдардың металдармен реакциялары.Зертханалық тәжірибе №10 “Сутекке сапалық реакция” 7.2.2.2 сұйылтылған қышқылдардың әртүрлі металдармен реакцияларын зерттеу және сутекке сапалық реакцияны тәжірибе жүзінде жүргізу.

Лабораториялық жұмыс №10: «Сутекке сапалық реакция» Read More »

Лабораториялық жұмыс №9: «Мырыштың қышқылдармен әрекеттесуі»

Бұл зертханалық жұмыс барысында оқушылар сұйылтылған қышқылдардың металдармен әрекеттесу реакцияларын зерттейді. Ұзақмерзімді жоспар бөлімі Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері Оқу мақсаттары Химиялық реакциялар Сұйылтылған қышқылдардың металдармен әрекеттесуі.Лабораториялық тәжірибе №9: «Мырыштың сұйылтылған тұз қышқылымен әрекеттесуі» 7.2.2.2 Сұйылтылған қышқылдардың әртүрлі металдармен реакцияларын зерттеу және сутегіге сапалық реакцияны тәжірибеде жүргізу.

Лабораториялық жұмыс №9: «Мырыштың қышқылдармен әрекеттесуі» Read More »

Лабораториялық жұмыс №13: «Азот қышқылының басқа қышқылдармен ортақ қасиеттері»

Сипаттамасы:  Бұл зертханалық жұмыста оқушылар азот қышқылының ортақ қасиеттерін сірке қышқылы және лимон шырынымен салыстыра отырып зерттейді. Ұзақмерзімді жоспар бөлімі Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері Оқу мақсаттары 17(VII), 16 (VI), 15 (V), 14(VІ) топтардың элементтері және олардың қосылыстары Азот қышқылы.Зертханалық тәжірибе№ 13″Азот қышқылының басқа қышқылдармен ортақ қасиеттері” 9.1.4.7 азот қышқылының молекулалық формуласын білу және атомдар арасындағы химиялық байланыстың түзілуін түсіндіру;9.2.1.19 басқа қышқылдармен ортақ азот қышқылының қасиеттерін зерттеу

Лабораториялық жұмыс №13: «Азот қышқылының басқа қышқылдармен ортақ қасиеттері» Read More »