Жылыжай эффекті
Greenhouse Effect by PhET Interactive Simulations, University of Colorado Boulder, licensed under CC-BY-4.0 (https://phet.colorado.edu)
Мақсаты:
- Жылыжай эффектісі және оның Жерге әсерін бақылау.
- Парниктік газдар мен бұлттардың күн сәулесіне, инфрақызыл сәулеленуге және беткі температураға әсерін сипаттау.
Виртуалды эксперимент
Виртуалды имитация климаттың өзгеруінің әсерін емес, парниктік әсердің қозғаушы күштерін модельдейді. Модель парниктік эффекттің негізгі тұжырымдамасын бейнелейді. Сәулеленудің тек екі түрін көрсетеді — күн сәулесі (көрінетін) және инфрақызыл сәулелену, ал нақты парниктік газдар кірмейді.
Төмендегі суретте әрбір батырманың атқаратын қызметтері көрсетілген.

Жұмыс барысы:
1-қадам. “Жылыжай эффектісі” виртуальды экспериментіне кіргенде сізде үш түрлі бөлім беріледі: толқындар, фотондар және қабат моделі. Сіз бұл жұмыста толқындар бөлімін таңдап, сол бөлімде эксперименттер істейтін боласыз. Симуляцияны ашып, күн сәулесін іске қосыңыз.

2-қадам. Энергия балансы мен жазықтықтың температурасын көрсету батырмаларын іске қосыңыз.

3-қадам. Жазықтық термометр арқылы температура өзгерісін және энергия балансы арқылы күн сәулесі мен инфрақызыл сәуленің жерге кіріп, шығуының бақылаңыз.

4-қадам. Парниктік газдардың концентрациясын көбейтіңіз. Парниктік газдар концентрациясының жоғарылауы инфрақызыл сәулеленуді сіңіру мүмкіндігін арттырады. Өзгерістерді бақылаңыз.

5-қадам. Парниктік газдардың концентрациясын азайтыңыз. Өзгерістерді бақылаңыз.

6-қадам. “Парниктік газдардың концентрациясы” бөлімінің астыңғы жағында “күнтізбе” орналасқан. Батырманы басып,күнтізбені ашыңыз. Сізде ол жерде мұз дәуірі, 1750 ж, 1950 ж, 2020 ж уақыттары берілген.

7-қадам. 1750 ж кезіндегі парниктік эффекттің әсерін көре аласыз.

8-қадам. Күнтізбені мұз дәуіріне ауыстырыңыз. Өзгерістерді бақылаңыз.

9-қадам. Күнтізбені 1950 жылға ауыстырыңыз. Өзгерістерді бақылаңыз.

10-қадам. Күнтізбені 2020 жылға ауыстырыңыз. Өзгерістерді бақылаңыз.

Қорытынды
Жазықтықтың температурасы мен парниктік газдар арасындағы байланыс сипатталды.
Ағылшын тіліндегі терминдердің қазақша аудармалары:
- start sunlight — күн сәулесін іске қосу
- energy — энергия
- sunlight — күн сәулесі
- infrared — инфрақызыл сәулесі
- greenhouse gas concentration — парниктік газдардың концентрациясы
- lots — көп
- none — жоқ
- cloud — бұлт
- energy balance — энергия балансы
- top of atmosphere — атмосфераның жоғарғы бөлігі
- in — кіру
- out — шығу
- net — таза
- surface thermometer — жазықтық термометрі
- show surface temperature — жазықтықтың температурасын көрсету