Бүкіләлемдік тартылыс заңы
Gravity Forse Lab by PhET Interactive Simulations, University of Colorado Boulder, licensed under CC-BY-4.0 (https://phet.colorado.edu)
Мақсаты:
- Тартылыс күшінің заттардың массасымен және олардың арасындағы қашықтықпен байланысы.
Бұл виртуалды зертхана 6-сыныптарда сабақтарда қолдануға арналған.
Виртуалды эксперимент
Тартылыс заңы симуляциясында оқушылар екі объектінің бір-біріне әсер ететін тартылыс күшін бақылайды және гравитациялық тартылысқа әсерін көру үшін массалардың қасиеттерін өзгертеді. Әлемдегі барлық заттар олардың арасында көрінбейтін магниттер бар сияқты бір-біріне тартылады. Зат неғұрлым үлкен болса, соғұрлым ол тартады. Бұл бүкіләлемдік тартылыс заңы деп аталады. Ол бізді жерде ұстайды және ғарышқа ұшуға жол бермейді.
Төмендегі суретте әрбір батырманың атқаратын қызметтері көрсетілген.

Жұмыс барысы:
1-қадам. Симуляция ашылған кезде:
- Бірінші дененің салмағы — 100 кг;
- Екінші дененің салмағы — 400 кг;
- Денелердің арасындағы арақашықтық — 4 м;
- Денелер бір-бірінің массасына әсер ететін күші — 0,000000166852 Н көресіз.
2-қадам. Ыңғайлылық үшін күшті ондық белгіден ғылыми белгіге ауыстырыңыз. Күш мәні — 1,67*10-17 Н тең. Екі дене пішінінің көлемі екі түрлі екенін көресіз. Тұрақты өлшем батырмасын басу арқылы сіз екі дене салмағын өзгертпей, көлемін бірдей ете аласыз.
3-қадам. Денелер арасындағы қашықтықты арттырыңыз. Сіз арақашықты 0-10 м арасында өзгерте аласыз. Тартылыс күшін бақылаңыз.
4-қадам. Денелер арасындағы қашықтықты азайтыңыз. Тартылыс күшін бақылаңыз.
5-қадам. Бірінші дененің массасын өзгертіңіз. Дене массасын 10-1000 кг арасында өзгерте аласыз. Тартылыс күшін бақылаңыз.
6-қадам. Екінші дененің массасын өзгертіңіз. Дене массасын 10-1000 кг арасында өзгерте аласыз. Тартылыс күшін бақылаңыз.
7-қадам. Қорытынды жасаңыз. Денелер арасындағы қашықтықты өзгерткен уақытта және денелердің массасын өзгерткен уақытта тартылыс күші қалай өзгерді?
Қорытынды
Виртуальды жұмыста тартылыс күші заңы бойынша заттың массасы неғұрлым көп болса, соғұрлым ол тартыны және қашықтық неғұрлым аз болса, тартылыс соғұрлым күшті болатыны көрсетілді.
Ағылшын тіліндегі терминдердің қазақша аудармалары:
- force on mass 1 by mass 2 — 2 дене масса жағынан 1 дене массасына әсер ететін күші
- force on mass 2 by mass 1 — 1 дене масса жағынан 2 дене массасына әсер ететін күші
- mass-масса (салмақ)
- force values-күш мәндері
- decimal notation-ондық бірлік
- scientific notation-ғылыми белгі
- hidden-жасырын
- constant size-тұрақты радиус (өлшем)