Теңдеу. Кіріспе

Equality Explorer: Basics by PhET Interactive Simulations, University of Colorado Boulder, licensed under CC-BY-4.0 (https://phet.colorado.edu)

Мақсаты:

  • Теңдеу түсінігімен танысу;
  • Теңдеуді құруды және шешуді үйрену

Бұл виртуалды жұмыс математика сабағында келесі тақырыптары бойынша пайдалануға арналған:

  • 1 сынып. “Теңдеу”

Теориялық бөлім

Теңдеу белгісізі бар теңдік. Белгісізді табу — бұл теңдеуді шешу. Белгісізді әріппен белгілейді. Теңдеуді шешудің мақсаты: теңдеуге шешкен кезде белгісіз санды табу. Мысалы:

x+3=7

x=4

4 — теңдеудің түбірі.

Теңдеудің түбірін табу үшін, оны таңдап алуға немесе қосу мен азайту амалдарының байланысы туралы біліміңді пайдалануға болады. Теңдеудің шешуін міндетті түрде тексеру керек. 

  • Егер қосындының мәнінен қосылғыштардың біреуінің мәнін азайтса, онда екінші қосылғыш шығады. 
  • Егер айырманың мәніне азайтқышты қоссаң, онда азайғыш шығады. 
  • Егер азайғыштан айырманың мәнін кемітсең, онда азайтқыш шығады. 

Виртуалды эксперимент

“Теңдеу. Кіріспе” симуляторы оқушыларға теңдеу мен теңсіздік және айнымалы ұғымын зерттеуге мүмкіндік береді. Негіздер экранында оқушылар теңдеу құра алады және теңдік пен теңсіздіктің функционалдық анықтамаларын жасай алады. Зертханалық экранда оқушылар объектілердің мәндерін өзгерте алады және бірегей теңдеулер құра алады.

Жұмыс барысы:

Бөлім 1. Негіздер

1-қадам. Симуляцияны іске қосыңыз: сізге 2 түрлі режим беріледі: “Basics” және “Lab”. “Basics” бөлімін ашыңыз.

2-қадам. Сізге берілген: 

  • Теңдеу көрсетілетін тақта (1);
  • Заттарды теңестіре отырып, теңдеу құруға арналған таразы (2);
  • Таразыда тұрған заттарды кетіруге арналған өшіргіш (3);
  • Таразы үстіндегі заттарды реттейтін батырма (4);
  • Теңдеу құруға арналған заттар (5);
  • Құрған теңдеулерді фотоаппарат бартырмасын басып, суреттер тақтасына сақтасаңыз болады (6);
  • Жаңарту және себет батырмалары (7);
  • Теңдеу құруға арналған заттар топтамасының түрлері (8);
  • Қайта бастау батырмасы (9).

3-қадам. Таразының екі жағына заттарды бір-бірден қойып, өзара салыстыру жүргізіңіз.

4-қадам. Алғашқы теңдеуді құрыңыз. 

5-қадам. Фотоаппарат батырмасын басып, суреттер тақтасына сақтаңыз.

6-қадам. Келесі теңдеуді құрыңыз. Қажет болған жағдайда өшіргішті және таразы үстіндегі заттарды реттейтін батырманы қолдансаңыз болады. 

7-қадам. Фотоаппарат батырмасын басып, суреттер тақтасына сақтаңыз.

8-қадам. Бірнеше теңдеу құрып, суреттер тақтасын толтырыңыз.

Бөлім 2. Зертхана

 9-қадам. “Lab” бөлімін ашыңыз. Сізге берілген: 

  • Теңдеу көрсетілетін тақта (1);
  • Заттарды теңестіре отырып, теңдеу құруға арналған таразы (2);
  • Таразыда тұрған заттарды кетіруге арналған өшіргіш (3);
  • Таразы үстіндегі заттарды реттейтін батырма (4);
  • Теңдеу құруға арналған заттар (5);
  • Заттардың мәнін өзгертуге арналған тақта (6);
  • Құрған теңдеулерді фотоаппарат бартырмасын басып, суреттер тақтасына сақтасаңыз болады (7);
  • Жаңарту, себет және заттардың мәнін көрсету батырмалары (8);
  • Қайта бастау батырмасы (9).

10-қадам. Әр заттың мәндерін тақтадан қарап, таразыға заттарды теңестіріп қою арқылы теңдеу құрастырыңыз. 

11-қадам. Фотоаппарат батырмасын басып, суреттер тақтасына сақтаңыз.

12-қадам. Заттардың мәндерін өзгертіңіз. 

13-қадам. Таразыға заттарды теңестіріп, теңдеу құраңыз. 

14-қадам. Фотоаппарат батырмасын басып, суреттер тақтасына сақтаңыз.

15-қадам. Заттардың мәндерін өзгерте отырып, бірнеше теңдеу құрып, суреттер тақтасын толтырыңыз.

Қорытынды

Виртуалды “Теңдеу. Кіріспе” симуляторы оқушыларға теңдеу тақырыбын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді. Заттардың әртүрлі мәнге ие болуы, оларды таразыда теңестіру оқушыларға визуалды түрде қабылдауға ыңғайлы болып, түрлі теңдеулер құрып үйренді.