Маятник
Pendulum lab by PhET Interactive Simulations, University of Colorado Boulder, licensed under CC-BY-4.0 (https://phet.colorado.edu)
Жоба тақырыбы: Маятник
9 сынып
Жұмыс мақсаты:
- Маятниктің тербеліс периоды неге тәуелді екенін анықтаңыз.
Практикалық бөлім
Маятник каз
Виртуалды экспериментті бастау үшін “Intro” таңдаңыз.

Бұл виртуалды экспериментке арналған шағын нұсқаулық.

1-бөлім. Ұзындығы
Виртуалды эксперимент.
1-қадам. Фотосуретте көрсетілгендей параметрлерді орнатыңыз.

2-қадам. Берілген ұзындықтағы периодты санау үшін секундомерді пайдаланыңыз.

3-қадам. Ұзындығын ұлғайтыңыз. Периодты қайта санау үшін секундомерді пайдаланыңыз. Нәтижелерді салыстырыңыз.

4-қадам. Ұзындығын азайтыңыз. Периодты қайта санау үшін секундомерді пайдаланыңыз. Нәтижелерді салыстырыңыз.

5-қадам. Қорытынды жасаңыз.
2-бөлім. Масса
Виртуалды эксперимент.
1-қадам. Маятниктің массасын ұлғайтыңыз. Периодты санау үшін секундомерді пайдаланыңыз. Нәтижені алдыңғы нәтижемен салыстырыңыз.

2-қадам. Маятниктің массасын азайтыңыз. Периодты санау үшін секундомерді пайдаланыңыз. Нәтижелерді салыстырыңыз.

3-қадам. Қорытынды жасаңыз.
3-бөлім. Гравитациялық үдеу
Виртуалды эксперимент.
1-қадам. Гравитациялық үдеуді арттырыңыз. Периодты санау үшін секундомерді пайдаланыңыз. Нәтижелерді алдыңғы нәтижелермен салыстырыңыз.

2-қадам. Гравитациялық үдеуді азайтыңыз. Периодты санау үшін секундомерді пайдаланыңыз. Нәтижелерді салыстырыңыз.

3-қадам. Қорытынды жасаңыз.
Қорытынды
Маятниктің периоды маятниктің ұзындығына тура пропорционал, ауырлық күшінің үдеуіне кері пропорционал және массаға тәуелді емес.
Глоссарий
Ruler – Сызғыш
Stopwatch – Секундомер
Period trace – Периодты бақылау
Length – Ұзындық
Mass – Масса
Gravity – Гравитация
Friction – Үйкеліс
None – Ешқандай
Lots – Көп
Normal – Қалыпты
Slow — Баяу