Дұрыс және бұрыс бөлшектер

Fractions: Intro by PhET Interactive Simulations, University of Colorado Boulder, licensed under CC-BY-4.0 (https://phet.colorado.edu)

Мақсаты:

  • Дұрыс және бұрыс бөлшектерті ажырата білуді үйрену 

Бұл виртуалды жұмыс математика сабағында келесі тақырыптары бойынша пайдалануға арналған:

  • 4 сынып. Дұрыс және бұрыс бөлшектер

Теориялық бөлім

Бөлшек дегеніміз — бүтін бөліктің қанша тең бөлікке бөлінгенін және осындай бөліктердің қанша бөлігін алғанын көрсететін сан.

Мысалы:

  • Пиццаның 1/2 бөлігі пиццаның 2 тең бөлікке кесілгенін және 1 бөлігін алғанын білдіреді.
  • Алманың 3/4 бөлігі алманың 4 тең бөлікке бөлініп, 3 бөлікке бөлінгенін білдіреді.

Бөлшектің құрылымы

Бөлшек бір-бірінің үстіне жазылған және сызықпен бөлінген екі саннан тұрады:

  • Алымы: жоғарғы сан қанша бөлік алынғанын көрсетеді.
  • Бөлімі: төменгі сан бүтіннің қанша тең бөлікке бөлінгенін көрсетеді.

Мысалы: Бөлшекте 3/4, 3 саны-алымы, ал 4 саны — бөлімі.

Дұрыс және бұрыс бөлшектер

  • Дұрыс бөлшектер: дұрыс бөлшекте алымы бөлімінен кіші болады. Бұл дегеніміз, біз бүтіннен аз бөліктерді аламыз. Дұрыс бөлшек әрқашан 1-ден аз. Мысалы: 1/2, 3/4, ⅝.
  • Бұрыс бөлшектер: бұрыс бөлшекте алымы бөлімінен үлкен немесе оған тең. Бұл дегеніміз, біз бүтін санды немесе бүтін саннан көп бөліктерді аламыз. Дұрыс емес бөлшек әрқашан 1-ден үлкен немесе оған тең. Мысалы: 5/5, 7/4, 9/2

Виртуалды эксперимент

Бөлшек құру симуляциясы оқушыларға бөлшек алымының өзгеруі оның мәніне қалай әсер ететінін, бөлшектің бөлгішін өзгерту оның мәніне қалай әсер ететінін болжауға және түсінуге мүмкіндік береді. Сандар мен суреттер арқылы бөлшектер арасында сәйкестікті икемді түрде зерттеуге мүмкіндік береді. 

Жұмыс барысы:

1-қадам. Симуляцияны іске қосыңыз: сізге 3 түрлі режим беріледі: “Intro”, “Game” және “Lab”. “Intro” бөлімін ашыңыз.

2-қадам. Жұмыс аймағында сізге берілген:

  • Бөлшектердің әртүрлі көріністері: дөңгелек, тіктөртбұрыштар, цилиндр, торт және кесінді (1);
  • Бөлшек моделінің бос қаңқасы (2);
  • Бөлшектерді құрайтын пішіндер (3);
  • Бөлшек моделінің бос қаңқасының санын арттыратын батырма (4);
  • Бөлшектің алымын және бөлімін өзгертетін батырмалар (5);
  • Қайта бастау батырмасы (6).

3-қадам. Бөлшек моделінің бос қаңқасына бөлшектерді құрайтын пішінді тінтуірмен әкеліп қойыңыз. Сізде бөлшектің алымы да, бөліміде 1-ге тең болады. Яғни, 1/1 бөлшегі — толық пішінді құрайды. Бұл бұрыс бөлшек.

4-қадам. Бөлшектің бөлімін 2-ге арттырыңыз. Сізде ½ — жарты дөңгелек пайда болды. Демек, ½ — пішіннің жартысын білдіреді екен. Бұл дұрыс бөлшек.

5-қадам. Бөлшектің бөлімін 3-ке арттырыңыз. Сізде ⅓ бөлшегі пайда болады. Бұл дұрыс бөлшек.

6-қадам. Бөлшектің алымын 2-ке арттырыңыз. Сізде 2/3 бөлшегі пайда болады. Бұл дұрыс бөлшек.

7-қадам. Сіз осылай бөлшектің алымын және бөлімін арттыру немесе кеміту арқылы бөлшектің пішін түрінде қалай көрінетінін біле аласыз. Бірнеше бөлшек түрін құрастырып көріңіз.

8-қадам. Бөлшек моделінің бос қаңқасының санын арттыратын батырмасын басып, экранға 2 бос қаңқа шығарыңыз. Бөлшектің бөлімін беріңіз. 

9-қадам. Бос қаңқаларды пішіндерден әртүрлі бөлшек құрастыру арқылы бұрыс бөлшектер құрыңыз. 

10-қадам. Басқа пішін түрлері үшін де тәжірибелерді қайталасаңыз болады. 

Қорытынды

Бұл виртуалды жұмыс оқушыларға бөлшектерге қатысты білімін бекітетін болады. Симуляцияда бөлшектердің пішін түрінде қалай болатыны көрсетілген, сол арқылы оқушылар бөлшек ұғымын жақсы түсінетін болады.

Терминдер сөздігі

  • Max — Максимум — Максимум
  • Intro — Введение — Кіріспе
  • Game — Игра — Ойын
  • Lab — Лаборатория — Зертхана