Төртбұрыштарды зерттеу

Quadrilateral by PhET Interactive Simulations, University of Colorado Boulder, licensed under CC-BY-4.0 (https://phet.colorado.edu)

Мақсаты:

  • Тіктөртбұрыш, ромб, шаршы анықтамаларын білу және олардың қасиеттері мен белгілерін қорытып шығару  

Бұл виртуалды жұмыс математика сабағында келесі тарауы бойынша пайдалануға арналған:

  • 8 сынып. Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу” 

Теориялық бөлім

Төртбұрыш — төрт қабырғасы мен төрт төбесі бар көпбұрыштың ерекше жағдайы.

Төртбұрыштардың жіктелуі

  • Дөңес және ойыс: дөңес төртбұрыш – оның кез келген екі ішкі нүктесін қосатын кез келген түзу осы төртбұрыштың ішінде толығымен жатқан төртбұрыш. Ойыс төртбұрыштың ойыс бұрыштары бар, ішкі бұрыштардың кем дегенде біреуі 180 градустан асатын геометриялық фигура. 
  • Параллелограммдар: қарама-қарсы жақтары жұп параллель болатын төртбұрыш. 
  • Тіктөртбұрыш: барлық бұрыштары түзу болатын параллелограмм.
  • Шаршы: барлық қабырғалары тең болатын тіктөртбұрыш.
  • Ромб: барлық жақтары тең болатын параллелограмм.
  • Трапециялар: тек екі қарама-қарсы жағы параллель болатын төртбұрыш.

Төртбұрыштардың қасиеттері

  • Кез-келген төртбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 360 градусқа тең.
  • Төртбұрыштың диагональдары — қарама-қарсы төбелерді байланыстыратын сегменттер.
  • Төртбұрыштың ортаңғы сызықтары — қарама-қарсы жақтардың ортасын байланыстыратын сегменттер.

Виртуалды эксперимент

«Төртбұрыштар» симуляторында оқушылар аталған төртбұрышты фигуралар арасындағы қасиеттер мен қатынастарды зерттейді.

Жұмыс барысы:

1-қадам. Жұмыс аймағында сізге берілген:

  • Төртбұрыш (1);
  • Төртбұрыштың атауы жазылған тақта (2);
  • Төртбұрышты бастапқы қалпына келтіру батырмасы (3);
  • Музыканы басқару батырмасы (4);
  • Маркер, тор, диагональдар, белгілер батырмалары (5);
  • Кішкентай қадамдар батырмасы (6);
  • Қайта бастау батырмасы (7).

2-қадам. Маркер, тор, диагональдар батырмаларын іске қосыңыз. Маркер, тор батырмалары фигураны құрастыруға, диагональдар батырмасы диагональдарын зерттеуге көмектеседі.

3-қадам. Берілген төртбұрыштан тіктөртбұрыш құрастырыңыз. Ол үшін A, B, C, D нүктелерінің әрқайсын басып тұрып керекті мөлшерде жылжытасыз. Фигураның дұрыстығын төртбұрыштың атауы жазылған тақтаны қосып, тексеріңіз. Атауы —  rectangle. Фигураның диагональдарын зерттеңіз.

4-қадам. Шаршы құрастырыңыз. Тақтада атауы — square деп шығады. Фигураның диагональдарын зерттеңіз.

5-қадам. Әр фигураны құруда жеңіл болу үшін төртбұрышты бастапқы қалпына келтіру батырмасын басып отырыңыз.

6-қадам. Ромб құрастырыңыз. Тақтада атауы — Rhombus. Фигураның диагональдарын зерттеңіз.

7-қадам. Бір бұрышы 90 градус болатын трапеция құрастырыңыз. Тақтада атауы — trapezoid деп шығады. Фигураның диагональдарын зерттеңіз.

8-қадам. Теңбүйірлі трапеция құрастырыңыз. Тақтада атауы — isosceles trapezoid деп шығады. Фигураның диагональдарын зерттеңіз.

9-қадам. Параллелограмм құрастырыңыз. Тақтада атауы — parallelogram. Фигураның диагональдарын зерттеңіз.

10-қадам. Төртбұрыштың басқа құрастырылатын түрлері дөңес төртбұрышқа жатады. Әртүрлі пішінде дөңес төртбұрыштар құрастырып көріңіз. Тақтада атауы — convex quadrilateral.

11-қадам. Ішкі бұрыштардың кем дегенде біреуі 180 градустан асатын төртбұрыш түрін құрастырыңыз. Бұл ойыс төртбұрыш. Тақтада атауы —  concave quadrilateral. 

Қорытынды

Бұл виртуалды жұмыс оқушыларға төртбұрыштың түрлерін және диагональдарын зерттеуге мүмкіндік береді. Геометрия сабағында фигуралардың ұқсастығы мен айырмашылықтарын зерттеуге көмекші құрал ретінде қолданылады. 

Терминдер сөздігі

  • Shape name hidden — Название фигуры скрыто — Фигураның атауы жасырылған
  • Reset shape — Сбросить фигуру — Пішінді қалпына келтіру
  • Marker — Маркер — Маркер
  • Grid — Сетка — Тор
  • Diagonals — Диагонали — Диагоналдар
  • Labels — Метки — Белгілер
  • Small steps — Маленькие шаги — Кішкентай қадамдар
  • Rectangle — Прямоугольник — Тіктөртбұрыш
  • Parallelogram — Параллелограмм — Параллелограмм
  • Square — Квадрат — Шаршы
  • Rhombus — Ромб — Ромб
  • Trapezoid — Трапеция -Трапеция
  • Isosceles trapezoid — Равнобедренная трапеция — Теңбүйірлі трапеция 
  • Convex quadrilateral — Выпуклый четырехугольник — Дөңес төртбұрыш
  • Concave quadrilateral — Вогнутый четырехугольник — Ойыс төртбұрыш