Сабақ

play-rounded-fill

Жобаның мақсаты: 

Судың ластану көздерін анықтау

Мұғалімге арналған нұсқаулық

Жобаны орындау үшін әр топта 4-5 оқушыдан болатындай етіп бөліңіз.

Тәжірибе алдында оқушылармен «Су неге ластанады?» және «Ластанған суды қалай тазалауға болады?» деген сұрақтар төңірегінде әңгіме жүргізіңіз.

Тәжірибелік бөлімді бастамас бұрын оқушыларды барлық қажетті материалдармен таныстырып, қамтамасыз етіңіз.

Жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасы ережелері туралы қысқаша нұсқаулық өткізіңіз. 

Сабақтың басында оқушыларға PBL (project based learning) айдарын түсіндіріңіз. 4К дағдылары (сыни тұрғыдан ойлау, коллаборация, креативтілік, презентация)

Теориялық бөлім 

Су — жер бетіндегі ең маңызды табиғи ресурс. Ол адам өміріне, жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігіне қажет. Бірақ бүгінгі таңда судың ластануы — үлкен экологиялық мәселе. Судың ластану көздеріне тұрмыстық қалдықтар, өнеркәсіп қалдықтары, ауыл шаруашылығында қолданылатын тыңайтқыштар мен пестицидтер, сондай-ақ көлік құралдарынан шыққан қалдықтар жатады.

Лас су өзендерге, көлдерге немесе жер асты суларына түскенде, табиғи тепе-теңдік бұзылады. Ластағыш заттар судың сапасын төмендетіп, тірі ағзалардың денсаулығына зиян тигізеді. Сол себепті судың ластануын алдын алу, оның табиғи сүзгіден қалай өтетінін бақылау — маңызды тәжірибе.

Бұл жобада оқушылар өз қолымен жаңбыр бақшасының үлгісін жасап, судың әртүрлі қабаттардан өткенде қалай тазаланатынын көреді. Осы арқылы олар су айналымындағы табиғи сүзгілеу процесін түсінеді.

Тәжірибелік бөлім

1-қадам. Бөтелкені суреттегідей ортасынан ойып алып тастаңыз.

2-қадам. Бөтелкенің төменгі жағына жұмсақ пластилинді жабыстырыңыз. Пластилин бөтелкенің ⅓ бөлігін алатындай болсын. Пластилиннің кепкенін күтіңіз. Пластилин сізде асфальттың рөлін атқарады. 

3-қадам. Бөтелкенің қалған бөлігіне топырақ салыңыз. Топырақ жаңбыр бақшасын көрсетеді. 

4-қадам. Стаканның екі жағын тескішпен тесіңіз. Жіпті бау ретінде тесіктер арқылы өткізіп, ұштарын түйіндеңіз. 

5-қадам. Жаңбыр суына балама дайындаңыз. Стаканға су, сұйық май, тағамдық бояғыш, сұлы үлпектері мен кішкене топырақ қосып араластырыңыз.

6-қадам. Дайын лас суды екі стаканға бөліңіз.

7-қадам. Бөтелкені ауыз жағы үстелдің шетіне шығып тұратындай етіп қойыңыз. Төменгі жағының астына бөтелкенің қақпағы не басқа зат қойып биіктетіңіз. Стаканды бөтелкенің ауыз жағына жіп арқылы іліңіз.

8-қадам. Бір стакандағы суды бөтелкеге пластилин жабысқан жағынан құйыңыз. 

9-қадам. Ілініп тұрған стаканға сүзіліп шыққан суға мән беріп қараңыз. Оны екінші стакандағы лас сумен салыстырыңыз. 

Қорытынды

Бұл тәжірибе арқылы оқушылар судың ластану көздерін анықтап қана қоймай, табиғаттағы сүзу процесін көрнекі түрде түсінеді. Жобаның нәтижесінде балалар:

  • судың ластану жолдарын ажырата алады;
  • табиғи сүзгі ретінде топырақтың рөлін түсінеді;
  • экологиялық жауапкершілікке тәрбиеленеді.

Су — шектеулі ресурс. Оны қорғау әр адамның міндеті екенін тәжірибе арқылы сезіну — оқушыларға экологиялық ойлау қабілетін қалыптастыруға көмектеседі.

Бұл жобада әр оқушыға бірнеше санат бойынша STEAM атағы беріледі:

– Осы модельді құрастыра отырып, сіз шынайы  Ғылым шебері болдыңыз! Сіз сағаттың қалай жұмыс жасайтынын білдіңіз. Бұл нағыз ғылыми ойлау!– Мына керемет сағатқа қараңызшы! Сіз өзіңіздің құрылыс дағдыларыңызды және мәселелерді шешу дағдыларын жұмыс үлгісін жасау үшін пайдаландыңыз. Құттықтаймыз, сіз – Сарапшы – инженерсіз!