Сабақ
Жобаның мақсаты:
Радиус бойынша шеңбер мен дөңгелек құрастыру
Мұғалімге арналған нұсқаулық
Жобаны демонстрациялық түрде өткізуге де, балаларды топтарға бөліп өздеріне жасатсаңыз да болады.
Балаларға «Шеңбердің ұзындығын қалай өлшейміз?» деген сұрақ қойыңыз. Әдеттегі ұзындық сияқты сызғышпен өлшеу мүмкін еместігін талқылаңыз.
Тәжірибелік бөлімді бастамас бұрын оқушыларды барлық қажетті материалдармен таныстырып, қамтамасыз етіңіз.
Жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасы ережелері туралы қысқаша нұсқаулық өткізіңіз.
Сабақтың басында оқушыларға PBL (project based learning) айдарын түсіндіріңіз. 4К дағдылары (сыни тұрғыдан ойлау, коллаборация, креативтілік, презентация)
Теориялық бөлім
Шеңбер — барлық нүктелері берілген нүктеден (орталықтан) бірдей қашықтықта орналасқан сызық. Орталықтан шеңберге дейінгі қашықтық радиус (r) деп аталады. Шеңбердің ортасы арқылы өтетін екі радиустың қосындысы – диаметр (d), ол радиустың екі есесіне тең:
d=2r
Ғалымдар шеңбер ұзындығы мен диаметрінің қатынасы әрқашан бір санға тең болатынын байқаған. Бұл санды π (пи) деп атаған. Оның жуық мәні:
π≈3,14
Сондықтан шеңбердің ұзындығы мына формуламен есептеледі:
C=π⋅d немесе C=2πr
Мысалы, егер диаметрі 8 см болса, онда оның ұзындығы:
C=π*8=3014*8=25,12 см.
Тәжірибелік бөлім
1-қадам. Шеңбердің суретін сілтеме арқылы үш түрлі картонға шығарып алыңыз. Сілтеме. Оларды шеңбер бойымен қиып алыңыз.

2-қадам. Екі шеңберді қиып, 12 сектор етіп бөліңіз. Әр бөлікті “сектор” деп атайтынын түсіндіріңіз.

3-қадам. Үшінші шеңберді екі түрлі түсті секторларды кезектестіріп орналастырып толтырыңыз. Балаларға сұрақ қойыңыз:
“Барлық шеңберді жабуға неше сектор қажет болды?”

4-қадам. Жіптің бір жағына түйін байлап, оны шеңбердің жарты бөлігін айналдыра өлшеңіз. Жіпке фломастермен белгі қойыңыз. Содан соң 2–3 см артық етіп қиып алыңыз.


5-қадам. Шеңбердің артына жіптің артық етіп қиылған жерінен жабысқақ таспамен жабыстырыңыз.

6-қадам. Жіп жабысқан шеттің келесі бетіне фломастермен белгі қойыңыз. Сосын оны гофра картонға кеңселік түймемен не брадспен бекітіңіз.


7-қадам. Шеңбердің жанына секторларды бір-біріне қарама-қарсы қойып желімдеңіз. Сізде суреттегідей төртбұрыш шығады. Тігенен — радиус (r), ал ұзындығы — жарты шеңбердің ұзындығы (πr).

8-қадам. Енді жіптің ұзындығын осы төртбұрыштың ұзындығымен салыстырыңыз. Балаларға сұрақ қойыңыз: “Жіптің ұзындығы төртбұрыштың ұзындығына тең бе?”

9-қадам. Қорытынды шығарыңыз:
- Шеңбердің толық ұзындығы (C) = 2 * πr.
- Шеңбердің жарты ұзындығы (жіп) = πr.

Қорытынды
Бұл жоба арқылы оқушылар шеңбер ұзындығы мен радиустың арасындағы байланысты түсініп, шеңбердің ұзындығын табу жолын жіппен өлшеп, көзбен көріп үйренеді. Сектор ұғымын меңгереді.
Жоба балалардың қызығушылығын арттырып, математикадағы күрделі ұғымды қарапайым тәжірибемен жеткізуге мүмкіндік береді. Оқушыларда зерттеушілік дағды, логикалық ойлау және өз еңбегін талдай білу қабілеті дамиды.

Бұл жобада әр оқушыға бірнеше санат бойынша STEAM атағы беріледі:
– Осы модельді құрастыра отырып, сіз шынайы Ғылым шебері болдыңыз! Сіз сағаттың қалай жұмыс жасайтынын білдіңіз. Бұл нағыз ғылыми ойлау!
– Мына керемет сағатқа қараңызшы! Сіз өзіңіздің құрылыс дағдыларыңызды және мәселелерді шешу дағдыларын жұмыс үлгісін жасау үшін пайдаландыңыз. Құттықтаймыз, сіз – Сарапшы – инженерсіз!