Моторлы қайық

play-rounded-fill

Моторлы қайық

Жобаның мақсаты:

Балаларды заттың су бетімен қозғалу принциптерімен таныстыру. Ұсақ моториканы, қимыл үйлесімділігін дамыту және қарапайым механизмдермен тәжірибе жасауды ынталандыру.

Құндылықтар:

Бұл жоба балаларға ауаның қалай қозғалыс тудыратындығын түсінуге көмектеседі. Жоба олардың қызығушылығын арттырып, физикалық құбылыстарды бақылау дағдыларын дамытады және қолда бар материалдармен тәжірибе жасауға ынталандырады.

Қалыптастырушы дағдылар:
  • Ұсақ моторика: балалар қайықтың бөлшектерін біріктіріп, бекітеді.
  • Ғылыми ойлау: ауа қысымының қайықты қалай қозғалтатынын бақылайды.
  • Шығармашылық: өздерінің қайық үлгісін жасап, оны безендіреді.
Тәрбиешіге арналған нұсқаулық:
  • Балаларға : «Қайықтар қалай қозғалады? Оларға жүзуге не көмектеседі?» секілді сұрақтар қойып, жобаға қызығушылығын арттырыңыз. 
  • Материалдарды алдын ала дайындап, балалардың назарын жасау процесіне аударуға көмектесіңіз.
  • Жұмыстың негізгі қағидасын қарапайым түрде түсіндіріңіз: «Шар ішінде толған ауа қайықты алға итереді».

STEAM жобасындағы  қауіпсіздік техникасы
Жұмысты бастамас бұрын балаларды қауіпсіздік техникасымен таныстыру қажет. Қажет болған жағдайда (өткір құралдар пайдаланылса), қысқаша нұсқаулық өткізіңіз. Сілтемеге өтіңіз   

Тәжірибелік бөлім

Жобаны жасауға арналған қадамдық нұсқаулық:

1-қадам. Қайық негізін дайындаңыз: 12×9 см және 4×4 см өлшемдегі екі пенопласт бөлшегін алдын ала дайындаңыз (өлшемін қалауыңызша өзгертуге болады).


2-қадам. Қайықтың корпусын жинаңыз: пенопласт бөлшектерін шпажкамен біріктіріңіз. Шпажканың артық бөлігін кесіп алыңыз.


3-қадам. Қайықты безендіру: Қазақстан туының суретін сілтеме арқылы басып шығарыңыз немесе суретін бейнелеңіз. Туды қиып алып, бояңыз.


4-қадам. Туды шпажкаға жабыстырыңыз.


5-қадам. Қайыққа пішін беру: алдыңғы бөлігінің бұрыштарын кесіп, қайықтың пішінін келтіріңіз. (тәрбиешінің көмегі қажет)


6-қадам. Моторды дайындау: пластик түтікті ортасынан бөліп, ирек бөлігін қалдырыңыз. Шарды түтікке кигізіп, оны резеңкемен бекітіңіз.


7-қадам. Қайықтың артқы жағына түтікке арналған тесік жасаңыз. (тәрбиешінің көмегі қажет)


8-қадам. Моторды бекіту: шармен бекітілген түтікті тесіктен өткізіңіз, түтіктің ирек бөлігі қайықтың астында орналасуы қажет.

Дайын! Қайықты сынап көру: Балалар түтік арқылы шарды үрлеп, қайықты суға қояды және оның көпіршіктер шығара отырып қозғалғанын бақылайды.

Қорытынды

Бұл жоба барысында балалар жоғары қысымдағы ауаның заттарды қозғалта алатынын түсінді. Олар өздерін кішкентай зерттеушілер ретінде сезініп, тәжірибе жүргізуге деген қызығушылықтары артты. Жоба танымдық белсенділікті дамытып, балаларды жаңа ғылыми зерттеулерге ынталандырады.