Мерекелік желбау
Мерекелік желбау
Жобаның мақсаты:
- Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және оларды қарапайым материалдармен жұмыс істеуге үйрету.
- Ұсақ моториканы жетілдіру және эстетикалық талғамды қалыптастыру.
- Қысқы мерекелер мен табиғат әлеміндегі бұғылар туралы түсінік беру.
Қалыптастырушы дағдылар:
- Шығармашылық: Бұғыны өз қалауы бойынша безендіріп, әртүрлі материалдармен жұмыс істеу.
- Қол моторикасы: Қайшы, желім, гуашь және жіп қолдану арқылы саусақ бұлшықеттерін дамыту.
- Табиғатпен танысу: Бұғылардың табиғаттағы орны, олардың қысқы маусымдағы ерекшеліктерін түсіну.
Жобаның құндылығы:
Бұл жоба балаларға табиғаттың бір бөлігі болып табылатын бұғыларды жақынырақ таныстырады. Қыс мезгілімен, қысқы ертегілермен және мерекелік көңіл-күймен байланысты бұғы жасау арқылы балалар шығармашылық қабілеттерін дамытады. Сонымен қатар, қарапайым материалдардан әдемі бұйымдар жасау арқылы олардың ұқыптылығы мен еңбекқорлығы артады.
Тәрбиешіге арналған нұсқаулық
- Балаларға қыс мезгілі және бұғылар туралы қысқаша әңгіме айтып беріңіз.
- Бұл жобаны балалар топпен, жұппен немесе жеке орындайды.
- Балалар жобаның мақсатын қамтитын тақырыптармен танысуы керек.
- Балаларға арналған жұмыс алаңын дайындаңыз.
- Тәжірибелік бөлімді бастамас бұрын балаларға барлық қажетті материалдарды таныстырыңыз және беріңіз.
STEAM жобасындағы қауіпсіздік техникасы
Ұйымдастырған іс әрекетті бастамас бұрын тәрбиленушіге қауіпсіздік техникасымен танысу ұсынылады. Қажет болған жағдайда (ҚТ-да көрсетілген заттарды пайдаланған жағдайда) балаларға қысқаша нұсқау жүргізу қажет.
Сілтемеге өтіңіз Қауіпсіздік ережелері
Тәжірибелік бөлімі
1-қадам. Картон төлкені қоңыр түске бояңыз.

2-қадам. Бізбен төлкенің бір жақ басына қарама-қарсы екі тесік жасаңыз.

3-қадам. Тесіктерден тоқыма жіпті өткізіп, суреттегідей байлаңыз. Бұл бұғының бас жағы болады.

4-қадам. Қоңыр картонға бұғы мүйіздерін салып, қиып алыңыз.

5-қадам. Бұғыға мүйіздерін, көздерін және мұрнын желімдеңіз. Аузын фломастермен салыңыз.

6-қадам. Креп қағаздардан ұзын тілшелер қиыңыз. Әр түстен 4-5 дана болсын.

7-қадам. Қағаз тілшелерді төлкенің төменгі жағына желімдеңіз.

Дайын! Жіпті ұстап тұрып бұғыны қозғалтып ойнасаңыз болады. Терезеге жақын жерге терезе ашылғанда желмен қозғалып тұратындай іліп қоя аласыз.

Қорытынды
Бұл жоба балалардың табиғатқа деген қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілеттерін арттыруға көмектеседі. Балалар өз қолдарымен жасаған бұғы арқылы қысқы ертегі әлеміне еніп, өз еңбегінің нәтижесін тамашалай алады. Бұл олардың өз күшіне деген сенімділігін арттырып, жаңа шығармашылық жобаларға шабыттандырады.