Менің отбасым
Менің отбасым
Жобаның мақсаты:
- Балалардың отбасы құндылықтарын түсінуіне көмектесу.
- Балаларды жақындарына деген құрмет пен сүйіспеншілікке баулу.
- Шығармашылық қабілеттерін дамытып, қол моторикасын жетілдіру.
- Отбасы мүшелерінің бір-бірімен қарым-қатынасын түсініп, олардың рөлін ұғыну.
Қалыптастырушы дағдылар:
- Шығармашылық: Балалар өз отбасы мүшелерін бейнелеп, ағаштың дизайнын өз қиялымен жасайды.
- Қол моторикасы: Қайшы, желім және фломастерді пайдалану арқылы ұсақ моториканы дамыту.
- Танымдық қабілет: Отбасы құрылымы туралы түсінігін кеңейтіп, әр адамның отбасы үшін маңызын түсіну.
- Сөйлеу және коммуникативтік дағдылар: Балалар отбасы мүшелері туралы әңгімелеп, олардың рөлін сипаттайды.
- Эмоционалдық даму: Отбасына деген сүйіспеншілік пен ризашылық сезімдерін қалыптастыру.
Жобаның құндылығы:
Бұл жоба балаларға отбасының маңызын түсінуге және шығармашылық арқылы өз отбасы мүшелеріне деген сүйіспеншілігін білдіруге мүмкіндік береді. Балалар өздерінің отбасы құрылымын суреттеп, олардың әрқайсысының маңызын ұғынады. Сондай-ақ, жоба олардың көркемдік дағдыларын дамытып, өз ойын бейнелі түрде жеткізуге ықпал етеді.
Тәрбиешіге арналған нұсқаулық
- Балаларға отбасының маңызы туралы әңгіме айтып беріңіз.
- Әр баладан өзінің отбасы мүшелері туралы айтуын сұрап, оларды шығармашылық жұмысқа бағыттаңыз.
- Бұл жобаны балалар топпен, жұппен немесе жеке орындайды.
- Балалар жобаның мақсатын қамтитын тақырыптармен танысуы керек.
- Балаларға арналған жұмыс алаңын дайындаңыз.
- Тәжірибелік бөлімді бастамас бұрын балаларға барлық қажетті материалдарды таныстырыңыз және беріңіз.
STEAM жобасындағы қауіпсіздік техникасы
Ұйымдастырған іс әрекетті бастамас бұрын тәрбиленушіге қауіпсіздік техникасымен танысу ұсынылады. Қажет болған жағдайда (ҚТ-да көрсетілген заттарды пайдаланған жағдайда) балаларға қысқаша нұсқау жүргізу қажет.
Сілтемеге өтіңіз Қауіпсіздік ережелері
Тәжірибелік бөлімі
1-қадам. Ақ картонға алақаныңызды қойып суретін салып, қиып алыңыз. Немесе дайын шаблонды шығарып алыңыз: шаблон

2-қадам. Алақаныңызға үйдің суретін салыңыз.

3-қадам. А4 қағазға отбасы мүшелері бейнеленген суретті шығарып, қиып алыңыз. Отбасы мүшелері

4-қадам. Сіздің отбасыңызда кімдер бар, соларды саусақтарыңызға желімдеңіз.

5-қадам. Ағаш таяқшаны алақанның артқы бетіне жабысқақ таспамен жабыстырыңыз.

Дайын! Сіздің отбасыңыз бейнеленген отбасы ағашы дайын.

Қорытынды
Бұл жоба балалардың отбасы мүшелерін жақсырақ тануына, олармен байланысты нығайтуына және шығармашылық қабілеттерін дамытуына көмектеседі. Отбасы ағашын жасау арқылы балалар өз туыстарына деген сүйіспеншілігін көрсете алады. Жобаның нәтижесінде олар өздерінің отбасына деген ризашылығын білдіріп, оған мақтанышпен қарайды.