Сүйікті қозым
Сүйікті қозым
Жобаның мақсаты:
Балалардың ұсақ моторикасын дамыту және шығармашылық қабілеттерін арттыру. Қарапайым материалдарды пайдаланып қозы мүсінін жасау арқылы балаларды қол еңбегіне қызығушылығын арттыру.
Құндылықтар:
- Балалардың табиғатқа және үй жануарларына деген қызығушылығын қолдау.
- Қарапайым материалдарды пайдаланып, шығармашылық ойлау және қиялды дамыту.
- Материалдармен тәжірибе арқылы ұсақ моторика мен қолдың икемділігін арттыру.
- Жануарлар бейнесін жасау арқылы баланың байқағыштығын және көркемдік қабілеттерін дамыту.
Қалыптастырушы дағдылар:
- Ұсақ моторика: Мақта таяқшалары және жұмсақ ермексаз сияқты материалдармен жұмыс жасау саусақтардың икемділігін арттырады.
- Көз-қол үйлесімділігі: Қозының бөлшектерін біріктіру арқылы үйлесімділікті жақсартады.
- Байқампаздық: Әртүрлі пішіндер мен материалдардың ерекшелігін зерттеп, қолданылуын бақылауды үйренеді.
Тәрбиешіге арналған нұсқаулық:
- Балаларға жұмыс орнын дайындап, барлық қажетті материалдарды таратыңыз.
- Жобаның мақсаты мен нәтижесін түсіндіріңіз.
- Балаларға материалдарды қауіпсіз қолдану туралы қысқаша нұсқаулық беріңіз.
- Балалармен бірге қозы жасаудың әр қадамынан өтіңіз.
STEAM жобаларындағы қауіпсіздік техникасы:
- Жұмысқа кіріспес бұрын балаларды қауіпсіздік техникасымен таныстырыңыз. Қажет болған жағдайда (өткір заттар қолданылса) қысқаша нұсқаулық өткізіңіз. Сілтемеге өтіңіз
Тәжірибелік бөлім
1- қадам. Қозының денесі: Ақ түсті ермексаздан домалақ мүсін жасаңыз.

2-қадам. Қозының жүнін жасау үшін сізге мақта ұштары қажет болады. Ол үшін мақта таяқшаларының ұштарын қайшымен қиып алыңыз.

3-қадам. Енді осы ұштарды ермексазды айнала орналастырыңыз. Қозының басына ашық орын қалдырыңыз.

4-қадам. Қозының аяқтарын жасап, денесіне қосыңыз.

5-қадам. Қозының басы: Қара ермексаздан бас пішінін және құлақтарын мүсіндеп, оларды денесімен біріктіріңіз.


6-қадам. Қозының басына дайын көздерді жабыстырыңыз.

7-қадам. Қалған мақта ұштарын төбесіне орналастырыңыз.

Дайын!

Қорытынды
Бұл жоба қарапайым және қолжетімді материалдарды қолдана отырып, балалардың шығармашылық қабілетін арттырады. Балалар өздерінің сүйікті қозысын жасап, оны ерекше мақтанышпен көрсете алады.