Күзгі молшылық
Күзгі молшылық
Жобаның мақсаты:
- Балаларды күзгі еңбекпен таныстырып, көкөністердің қайда және қалай өсетінін түсіндіру.
- Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, пластилинмен жұмыс істеу арқылы қол моторикасын жетілдіру.
- Көкөністердің адам денсаулығына пайдасын түсіндіру және дұрыс тамақтану туралы білім беру.
Қалыптастырушы дағдылар:
- Шығармашылық: Әр көкөністі өзіне тән пішін мен түспен мүсіндеу арқылы балалардың қиялын дамыту.
- Қол моторикасы: Саусақтармен илеп, пішін жасау арқылы ұсақ моторика дағдыларын жетілдіру.
- Эстетикалық талғам: Түрлі түстерді үйлестіре отырып, көкөністердің табиғи бейнесін жасау.
- Танымдық қабілет: Әр көкөністің атауы, түсі, құрылымы және оның пайдасы туралы білім алу.
- Еңбекке баулу: Күзгі еңбектің маңызын түсіндіру, егін жинау және оны сақтау туралы әңгімелеу.
Жобаның құндылығы:
Бұл жоба балаларға күзгі еңбектің маңызын түсінуге және ауыл шаруашылығының рөлін ұғынуға көмектеседі. Балалар көкөністерді мүсіндеп, олардың табиғи ерекшеліктерін зерттеп, күзгі өнімдердің қалай жиналатынын үйренеді. Сонымен қатар, бұл жоба еңбекқорлыққа, пайдалы тағамдарды бағалауға және шығармашылық қабілеттерді дамытуға ықпал етеді.
Тәрбиешіге арналған нұсқаулық
- Балаларға күзгі егін жинау маңыздылығы туралы қысқаша әңгіме айтып беріңіз.
- Әр көкөністің қайда өсетіні (жерде, ағашта, бұтада) туралы сұрақтар қойып, балалардың қызығушылығын арттырыңыз.
- Бұл жобаны балалар топпен, жұппен немесе жеке орындайды.
- Балалар жобаның мақсатын қамтитын тақырыптармен танысуы керек.
- Балаларға арналған жұмыс алаңын дайындаңыз.
- Тәжірибелік бөлімді бастамас бұрын балаларға барлық қажетті материалдарды таныстырыңыз және беріңіз.
STEAM жобасындағы қауіпсіздік техникасы
Ұйымдастырған іс әрекетті бастамас бұрын тәрбиленушіге қауіпсіздік техникасымен танысу ұсынылады. Қажет болған жағдайда (ҚТ-да көрсетілген заттарды пайдаланған жағдайда) балаларға қысқаша нұсқау жүргізу қажет.
Сілтемеге өтіңіз Қауіпсіздік ережелері
Тәжірибелік бөлімі
1-қадам. Қызыл түсті пластилиннен қызанақ пен болгар бұрышын жасаңыз. Болгар бұрышының сыртын пластик пышақпен сызықтар жасап, формасын келтіріңіз. Жасыл пластилиннен олардың жеміс сабақтарын жасаңыз.


2-қадам. Қызыл сары пластилиннен асқабақ жасаңыз. Сыртын пластик пышақпен сызықтар жасап, формасын келтіріңіз. Жасыл пластилиннен сабағын жасаңыз.

3-қадам. Қызыл сары пластилиннен сәбіз жасаңыз. Сыртына нүктелер қойып шығыңыз. Жасыл пластилиннен қылқанша жапырақтар жасап жабыстырыңыз.

4-қадам. Күлгін пластилиннен баялды жасаңыз. Жасыл пластилиннен олардың жеміс сабақтарын жасаңыз.

5-қадам. Жасыл пластилиннен орамжапырақтың негізін домалақтап жасаңыз. Жапырақтарын жеке-жеке жасап орамжапырақтың негізін ораңыз.


6-қадам. Көкеністерді тарелкаға салыңыз.

Дайын! Енді сіз өз еңбегіңіздің нәтижесін тамашалап, күзгі өнімдерді жинаудың қандай қызықты әрі пайдалы екенін сезіне аласыз!

Қорытынды
Бұл жоба балаларды еңбекқорлыққа баулып, күзгі егін жинау маңызын түсінуге көмектеседі. Олар көкөністерді мүсіндеп, тек қол моторикасын дамытып қана қоймай, сонымен бірге пайдалы тағамдарды тануды үйренеді. Дайын мүсіндерді тарелкаға орналастыру арқылы балалар күзгі өнімдерді жинау және сақтау маңызын ұғынады. Бұл олардың табиғатқа деген қызығушылығын арттырып, өз еңбегіне деген мақтаныш сезімін дамытады.