Бәйтерек-тіршілік ағашы
Бәйтерек тіршілік ағашы
Жоба мақсаты:
Балаларды қағаз тәрелкеден, синель сымынан, жіптен және түрлі түсті қағаздан «Тіршілік ағашын» жасауды үйрету. Жоба балалардың ұсақ моторикасын, қозғалыс координациясын, шығармашылық қабілеттерін және сенсорлық қабылдауын дамытады.
Құндылықтар:
Жоба балаларға ағаштың тіршілік, өсу және күш символы екенін түсінуге көмектеседі. Ол эстетикалық талғамды дамытып, ұқыптылық пен сабырлылықты арттырады. «Тіршілік ағашын» жасау арқылы балалар түрлі материалдармен жұмыс істеп, түстер мен текстураларды үйлестіруді үйренеді
Қалыптастырушы дағдылар:
- Ұсақ моторика: жіпті айналдыра орау, түйін түю, жіптерді тесіктерден өткізу, түрлі түсті қағазды мүжіп илеу саусақтардың дәлдігін жаттықтырады.
- Шығармашылық: балалар «жапырақтардың» түсін және ағаштың пішінін өздері таңдайды.
- Сенсорлық қабылдау: әртүрлі материалдармен (қағаз, сым, тоқыма жіп) жұмыс істеу тактильді қабылдауды дамытады.
- Координация және ұстамдылық: жоба элементтерді тоқу мен бекіту кезінде ұқыптылықты талап етеді.
Тәрбиешіге арналған нұсқаулық:
- Жұмысты бастамас бұрын балаларға ағаштың өмір, табиғат және өсу символы екенін түсіндіріңіз. Ағаштардың әр түрлі мезгілдердегі суреттерін көрсетуге болады.
- Жобаның жасалу процесін қарапайым тілмен түсіндіріп, дайын үлгіні көрсетіңіз, ағаштың бөлімдеріне (тамырлары, діңі, ұшар басы) ерекше назар аударыңыз.
- Балаларға синель сымымен және жіппен жұмыс істеуде көмек көрсетіңіз.
- Балаларды «жапырақтардың» түсін таңдау кезінде қиялдарын көрсетуге ынталандырыңыз.
STEAM жобасындағы қауіпсіздік техникасы
Жұмысты бастамас бұрын балаларды қауіпсіздік техникасымен таныстыру қажет. Қажет болған жағдайда (өткір құралдар пайдаланылса), қысқаша нұсқаулық өткізіңіз. Сілтемеге өтіңіз
Тәжірибелік бөлім
Жобаны орындауға арналған қадамдық нұсқаулық:
1-қадам : Қағаз тәрелкенің ортасын кесіп, тек шеңбер пішіндес жиектерін қалдырыңыз.

2-қадам : Тәрелкенің төменгі бөлігінде 5-6 тесік жасаңыз — олардан жіп өткізетін боламыз.

3-қадам : Дәл солай тәрелкенің жоғарғы бөлігінде ұшар басын жасау үшін 10-12 тесік жасаңыз.

4-қадам: Тәрелкеге синель сымын (синельная проволока) жабысқақ таспамен бекітіп, ағаштың қаңқасын жасаңыз.

5-қадам: Ұзындығы бірдей бірнеше жіп кесіндісін дайындаңыз — олардың саны төменгі тесіктердің санына сәйкес болуы керек. Әрбір жіпті өз тесігіне өткізіп, соңына түйін байлаңыз. Түйіндерді бірнеше рет байлаңыз, сонда олар қалың болып, тесік арқылы қайта өтіп кетпейді.



6-қадам: Жіпті айналдырып, оны синель сымын айнала орап, ағаш “діңін” құраңыз.

7-қадам: Жіптердің жоғарғы ұштарын тәрелкенің жоғарғы тесіктерінен өткізе отырып, ағаштың “ұшар басын” жасаңыз. Бір жіпті бірнеше тесік арқылы өткізуге болады. Артқы жағынан мықты түйін байлап, құрылымды бекітіңіз.


8-қадам: Енді түрлі түсті қағазды кішкентай бөліктерге кесіп, оларды түйіршіктерге ораңыз — бұлар жапырақтар немесе гүлдер болады. Балаларға жапырақтар мен гүлдердің түстерін өзі таңдауға немесе түрлі маусымдарды бейнелеуді ұсыныңыз. (сары/жасыл/ақ/қызғылт ағаш)


9-қадам: Қағаз түйіршіктерін жоғарғы жіптерге жабыстырып, әдемі, жарқын ұшар басын жасаңыз.

Дайын! Балалар өз туындыларын қабырғаға безендіру ретінде іле алады.

Қорытынды
Бұл жоба балаларға шығармашылық ойлауды, ұсақ моториканы және координацияны дамытуға көмектесті. Олар қарапайым материалдардан әдемі қолөнер жасауға болатынын түсініп, шығармашылық процесін бағалауды үйренді.