Тынымсыз инелік

play-rounded-fill

Тынымсыз инелік

Жобаның мақсаты:

  • Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және табиғат әлеміне деген қызығушылықтарын арттыру.
  • Қарапайым материалдардан үшөлшемді инелік моделін жасау арқылы қол моторикасын және қиялдарын дамыту.
  • Табиғаттың әсемдігі мен маңызын түсінуге көмектесу.

Қалыптастырушы дағдылар:

  • Шығармашылық: Инеліктің денесі мен қанатын өз қалауынша сәндеп, ерекше модель жасау.
  • Қол моторикасы: Қайшы және желіммен жұмыс істей отырып, қолдың ұсақ қимылдарын жетілдіру.
  • Техникалық ойлау: Инеліктің қозғалысын қамтамасыз ететін конструкцияны құру және оны жүзеге асыру.
  • Экологиялық сана: Табиғаттың әртүрлілігі мен әсемдігін түсіну және оған қызығушылық таныту.

Жобаның құндылығы:

Бұл жоба балаларға табиғат әлеміне жақындауға мүмкіндік береді. Инеліктің моделін жасау арқылы олар тек қолөнерге бейімділігін дамытып қана қоймай, табиғаттың маңызды бөлігін тереңірек түсінеді. Жұмыс барысында балалардың шыдамдылығы, ұқыптылығы және өз еңбектеріне деген жауапкершілігі қалыптасады.

Тәрбиешіге арналған нұсқаулық

  • Балаларға инеліктер туралы қызықты ақпарат беріңіз: олардың өмір салты, табиғаттағы рөлі және ерекше қасиеттері туралы айтыңыз. 
  • Бұл жобаны балалар топпен, жұппен немесе жеке орындайды.
  • Балалар жобаның мақсатын қамтитын тақырыптармен танысуы керек. 
  • Балаларға арналған жұмыс алаңын дайындаңыз. 
  • Тәжірибелік  бөлімді бастамас бұрын балаларға барлық қажетті материалдарды таныстырыңыз және беріңіз.

STEAM жобасындағы  қауіпсіздік техникасы
Ұйымдастырған іс әрекетті бастамас бұрын тәрбиленушіге қауіпсіздік техникасымен танысу ұсынылады. Қажет болған жағдайда (ҚТ-да көрсетілген заттарды пайдаланған жағдайда) балаларға қысқаша нұсқау жүргізу қажет.
Сілтемеге өтіңіз     Қауіпсіздік ережелері

Тәжірибелік бөлімі

1-қадам. Инеліктің эскизін берліген сілтеме арқылы өтіп қағазға басып шығарыңыз. Сілтеме. Инеліктің денесі мен қанатын қиып алыңыз. 

2-қадам. Инеліктің денесіндегі сызықтар арқылы бүктеп гармошка жасаңыз.

3-қадам. Тескіш арқылы инеліктің денесіндегі шеңбермен белгіленген жерді тесіңіз. 

4-қадам. Түтікшеге денесіндегі тесіктер арқылы кіргізіңіз.  

5-қадам. Гармошка жасалмай артылған қағаздың бөлігін орап, бүктелген жерге желімдеңіз. Бұл инеліктің басы. 

6-қадам. Инеліктің көздерін жабыстырыңыз. Аузын фломастермен салыңыз. 

7-қадам. Инеліктің қанатын желімдеңіз.

Дайын! Көктемде бауда мекендейтін тынымсыз, көңілді инелік моделі дайын. 

Қорытынды

Тынымсыз инелік жобасы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, олардың табиғатқа деген қызығушылығын арттырады. Инеліктің моделін жасау процесі балаларға табиғаттың керемет әлемін танып-білуге, қиялын іске асыруға және өз күшіне деген сенімділікті нығайтуға көмектеседі. Дайын бұйым балаларға өз еңбегімен жасалған ойыншықпен ойнауға мүмкіндік береді.