Иілгіш жылан

play-rounded-fill

Иілгіш жылан

Жобаның мақсаты:
Балмұздақ таяқшаларынан және екіжақты жабысқақтарды(липучки) қолданып, қызықты жылан жасау арқылы ұсақ моториканы, шығармашылық қабілетті дамыту және балаларды қарапайым инженерлік шешімдермен таныстыру.

Құндылықтар:

  • Қиял мен шығармашылық қабілеттерді дамыту
  • Өздігінен ойыншық жасауға қызығушылықты қалыптастыру
  • Модульдік принциппен танысу

Қалыптастырушы дағдылар:

  • Ұсақ моторика: Ұсақ заттармен (таяқшалар, жабысқақтар, сәндік элементтер) жұмыс істеу саусақтардың икемділігін арттырады. Таяқшаларды бояу қол қозғалысының нақтылығын дамытып, жазуға дайындықты жақсартады.
  • Шығармашылық: Жыланды безендіру барысында балалар өздерінің қиялын дамытып, түстер мен өрнектерді таңдайды, стиль сезімін және шығармашылық қабілетіне сенімділікті қалыптастырады.
  • Кеңістіктік ойлау: Таяқшаларды қозғалмалы конструкцияға қосу арқылы балалар элементтердің өзара әрекетін түсініп, пішіндерді модельдеуді және қозғалысты зерттеуді үйренеді.
  • Зейін қою: Ұсақ-түйектерге назар аудару, нұсқаулықтарды орындау және жұмысты соңына дейін жеткізу балалардың шыдамдылығы мен назарын шоғырландыру қабілетін дамытады.

Тәрбиешіге арналған нұсқаулық:

  • Балалардың шығармашылығына қолайлы жұмыс орнын дайындаңыз.
  • Балаларды таяқшаларды өз стилімен бояуға шабыттандырыңыз, жыланды ерекше етіңіз.
  • Егер балаларға таяқшаларды жабысқақтармен біріктіру қиын болса, оларға көмектесіңіз.

STEAM жобаларындағы қауіпсіздік техникасы:

Жұмысқа кіріспес бұрын балаларды қауіпсіздік техникасымен таныстырыңыз. Қажет болған жағдайда (өткір заттар қолданылса) қысқаша нұсқаулық өткізіңіз. Сілтемеге өтіңіз     

Тәжірибелік бөлім

Жобаны жасау бойынша қадамдық нұсқаулық:
1-қадам:
Балаларға балмұздақ таяқшаларын беріңіз. Оларды фломастерлермен немесе бояулармен түрлі түсті өрнектер және сүйікті түстермен бояуға рұқсат етіңіз. Қалауыңызша жылтырақтар қоссаңыз да болады.


2-қадам: Жіңішке таяқшаны алып, оны екіге бөліңіз (тәрбиеші жасауы қажет). Бөліктерді дайын таяқшаның шетіне жабыстырыңыз – бұл жыланның басы болады. Содан кейін, жыланның басын бейнелеу үшін оған көздерді жабыстырыңыз.


3-қадам: Бояу кепкеннен кейін, әр таяқшаның шеттеріне екіжақты жабысқақтарды жабыстырыңыз.


4-қадам: Таяқшаларды жабысқақтар арқылы жалғаңыз, сонда олар жылан сияқты иілетін болады.

Дайын! Енді балалар жыланмен ойнап, оны түрлі формаларға иілтіп, «тірілте» алады.

Қорытынды


Бұл жоба балалардың шығармашылық ойлауын, ұсақ моторикасын және ұсақ-түйектерге  назар аударуын дамытуға көмектеседі. Иілгіш жылан – тек ойыншық қана емес, сонымен қатар олардың өз қолымен жасалған еңбегінің нәтижесі.