Қарлығаштың құйрығы неге айыр?
Қарлығаштың құйрығы неге айыр
Жобаның мақсаты:
- Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұлттық мәдениет пен табиғатқа деген қызығушылықтарын арттыру.
- Қазақтың «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» ертегісі түсіндіру арқылы олардың тарихи және рухани білімдерін тереңдету.
- Балаларды табиғатты қорғауға, ұлттық дәстүрлер мен құндылықтарға құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Қалыптастырушы дағдылар:
- Шығармашылық: Қарлығаштың бейнесін сәндеп, қанаттарын гармошка етіп жасау арқылы балалардың қиялы дамиды.
- Қол моторикасы: Қайшыны пайдалану, қағазды бүктеу және ұсақ бөлшектерді желімдеу арқылы қолдың ұсақ қимылдарын жетілдіру.
- Кеңістіктік ойлау: Қарлығаштың денесін, қанаттарын және басқа бөліктерін дұрыс орналастыру арқылы үш өлшемді ойлауды дамыту.
- Эстетикалық талғам: Қарапайым материалдардан әдемі бейне жасау арқылы балалардың өнерге деген қызығушылығын арттыру.
Жобаның құндылығы:
Бұл жоба балаларға тек шығармашылықты дамытуға ғана емес, сонымен қатар ұлттық құндылықтар мен дәстүрлер туралы білім алуға мүмкіндік береді. «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» ертегісін оқу арқылы балалар мейірімділік, жанашырлық, табиғатты қорғау сияқты қасиеттерді түсінеді. Жоба балаларға көктемнің келуін, табиғаттың жаңаруын және құстардың жылы жақтан ұшып келуінің мәнін түсіндіреді.
Тәрбиешіге арналған нұсқаулық
- Балаларға “Қарлығаштың құйрығы неге айыр?” ертегісін айтып беріңіз.
- Бұл жобаны балалар топпен, жұппен немесе жеке орындайды. Ертегіде қарлығаштың батылдығы мен жанашырлығы арқылы оның құйрығының айыр болғанын түсіндіріңіз.
- Балалар жобаның мақсатын қамтитын тақырыптармен танысуы керек.
- Балаларға арналған жұмыс алаңын дайындаңыз.
- Тәжірибелік бөлімді бастамас бұрын балаларға барлық қажетті материалдарды таныстырыңыз және беріңіз.
STEAM жобасындағы қауіпсіздік техникасы
Ұйымдастырған іс әрекетті бастамас бұрын тәрбиленушіге қауіпсіздік техникасымен танысу ұсынылады. Қажет болған жағдайда (ҚТ-да көрсетілген заттарды пайдаланған жағдайда) балаларға қысқаша нұсқау жүргізу қажет.
Сілтемеге өтіңіз Қауіпсіздік ережелері
Тәжірибелік бөлімі
1-қадам. Қара қатты қағаз мен ақ қағазға диаметрі 10 см болатын шеңберлер сызып, қиып алыңыз.

2-қадам. Ақ шеңберді ортасынан бүктеп, сопақша пішін салып, қиып алыңыз.

3-қадам. Қара шеңбердің екі жағына ақ сопақша пішінді желімдеңіз.

4-қадам. Шеңберді ортасынан бүктеңіз. Қарлығаштың көздерін желімдеңіз.

5-қадам. Қарлығаштың денесінде бүктелген жаққа жақын кішкентай ойық жасаңыз.

6-қадам. Қара түсті қағаздан ені 10 см болатын төртбұрыш қиып алыңыз.

7-қадам. Қағаздың артылған бөлігінен қарлығаштың тұмсығын және құйрығын жасаңыз.

8-қадам. 10 см төртбұрышты гармошка етіп бүктеңіз.

9-қадам. Қарлығаштың тұрсығы мен құйрығын желімдеңіз.

10-қадам. Гармошка болып жасалған қанатты қарлығаштың денесіндегі ойықан кіргізіңіз.

Қарлығаш дайын!

Қорытынды
Бұл жоба арқылы балалар тек қарлығаштың бейнесін жасап қана қоймай, қазақтың мәдениеті мен табиғатына тереңірек үңіледі. Ертегіні тыңдап, өздері жасаған қарлығаш арқылы олар батылдық пен жанашырлықтың маңыздылығын түсінеді. Көктемнің келуімен балалар табиғаттың жаңаруын, халықтың бірлігі мен дәстүрлерінің маңызын сезінеді.