Торпақ

play-rounded-fill

Торпақ

Жобаның мақсаты:
Сиырдың қолөнер моделін жасау. Бұл жоба балалардың ұсақ моторикасын, қиялын және әртүрлі материалдармен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға бағытталған.

Құндылықтар:

  • Балалардың шығармашылық арқылы табиғат пен жануарларға деген қызығушылығын қалыптастыру.

Қалыптастырушы дағдылар:

  • Ұсақ моторика: Ұсақ бөлшектермен жұмыс (дақтарды салу, элементтерді бекіту).
  • Шығармашылық: Түрлі-түсті бояу мен қолөнердің дизайнын таңдау.
  • Сенсорлық қабылдау: Әртүрлі материалдардың құрылымын зерделеу.
  • Назар мен табандылық: Жұмыс кезеңдерін бірізділікпен орындау.

Тәрбиешіге арналған нұсқаулық:

  • Балаларға жануарлардың пайдасы туралы (мысалы, сиырдан алынатын сүт, қойдың жүні) айтып беріңіз және олардың суреттерін көрсетіңіз.
  • Қолөнердің дайын үлгісін көрсетіңіз, бірақ балаларды өз нұсқасын жасауға ынталандырыңыз.
  • Балаларға қайшыны қолдануға көмектесіп, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіз.

STEAM жобаларындағы қауіпсіздік техникасы:

Жұмысқа кіріспес бұрын балаларды қауіпсіздік техникасымен таныстырыңыз. Қажет болған жағдайда (өткір заттар қолданылса) қысқаша нұсқаулық өткізіңіз. Сілтемеге өтіңіз     

Тәжірибелік бөлім

Жобаны жасауға арналған қадамдық нұсқаулық:

1-қадам. Қағазға торпақтың басын, құлақтарын және мүйіздерін салыңыз. Суретті бояңыз.


2-қадам. Салған суретті қиып алыңыз.


3-қадам. Қағаз стақанды алыңыз. Бұл – торпақтың денесі. Қара фломастермен стақанға бұлт тәріздес дақтарын салыңыз.


4-қадам. Стақанның төменгі бөлігіне төрт тесік жасаңыз.


5-қадам. Екі мақта таяқшасын алып, оларды тең екі бөлікке бөліңіз. Мақта ұштарын қара фломастермен бояп, «тұяқша» жасаңыз.


6-қадам. Таяқшаларды саңылауларға бекітіңіз.


7-қадам. Соңында торпақтың басын стақанға желімдеңіз. Дайын!

Қорытынды


Балалар бұл ойыншықты сюжеттік ойындарда пайдалана алады, басқа жануарлармен бірге «ауыл ауласын» жасай алады немесе ойын бөлмесін безендіруге қолдана алады.