Спиральды ойыншық
Спиральды калейдоскоп
Жобаның мақсаты: Бұл жоба балалардың шығармашылық және зерттеу дағдыларын дамыта отырып, ойыншықты жасау арқылы визуалды тәжірибе мен инженерлік ойлау қабілеттерін жетілдіруге бағытталған. Балалар сым мен түтікшелерді дұрыс орналастыру, құралдарды қауіпсіз пайдалану арқылы қолмен жұмыс жасау дағдыларын үйренеді.
Қалыптастырушы дағдылар:
- Шығармашылық: Спиральды ойыншықтың сыртқы көрінісін әр бала өз қалауынша безендіре алады, бұл олардың шығармашылық қабілеттерін дамытады.
- Қол моторикасы: Құралдарды пайдалану, түтікшелерді қиып және біріктіріп, ұсақ бөлшектермен жұмыс істеу арқылы ұсақ моториканы жақсартуға мүмкіндік береді.
- Техникалық ойлау: Қарапайым механизм құру арқылы балалар қозғалыс принциптерін, оның ішінде түтікшелердің және сымның жұмысын түсінуді үйренеді.
- Визуалды қабылдау: Түстермен жұмыс жасауды үйренеді.
Жобаның құндылығы:
Бұл жоба балаларға механикалық ойыншық жасау арқылы визуалды тәжірибе мен ғылымды біріктіру мүмкіндігін береді. Ойыншық жасаудың нәтижесінде балалар өз идеяларын іске асырып, қызықты көріністермен тәжірибе жасау арқылы ғылыми түсініктерін тереңдетеді. Спиральды ойыншықты көріп, ойын барысында қозғалыс пен түс ойынын түсіну оларға қуаныш сыйлайды және еңбектерінің нәтижесін көруге ынтасын арттырады.
Тәрбиешіге арналған нұсқаулық
- Балаларға ойыншықтың қалай жұмыс істейтіні және оның визуалды әсерлері туралы қызықты әңгіме айтып беріңіз.
- Бұл жобаны балалар топпен, жұппен немесе жеке орындайды.
- Балалар жобаның мақсатын қамтитын тақырыптармен танысуы керек.
- Балаларға арналған жұмыс алаңын дайындаңыз.
- Тәжірибелік бөлімді бастамас бұрын балаларға барлық қажетті материалдарды таныстырыңыз және беріңіз.
STEAM жобасындағы қауіпсіздік техникасы
Ұйымдастырған іс әрекетті бастамас бұрын тәрбиленушіге қауіпсіздік техникасымен танысу ұсынылады. Қажет болған жағдайда (ҚТ-да көрсетілген заттарды пайдаланған жағдайда) балаларға қысқаша нұсқау жүргізу қажет. Кеңселік пышақты және ыстық желімді тәрбиеші өзі қолдануы керек.
Сілтемеге өтіңіз Қауіпсіздік ережелері
Тәжірибелік бөлімі
1-қадам. Қаламға сымды басы мен соңынан шамалы бөлігін қалыдырып ширата ораңыз. Жасалған спиральды шығарыңыз.


2-қадам. Стакандардың түп жағынан 5 см-дей өлшеп сызып, қалған бөлігін қиып тастаңыз.


3-қадам. Стаканға сымның ширатылмаған жағын кіргізіп орап бекітіңіз.

4-қадам. Түтікшелерді ұсақ бөліктерге бөліңіз. Әр түстен 5-6 дана жетеді.

5-қадам. Түтікше бөліктерін сымға кіргізіп шығыңыз.

6-қадам. Сымның келесі ұшын екінші стаканға кіргізіп, орап бекітіңіз.

7-қадам. Ағаш таяқшалардың ұштарын стакандарға жабысқақ таспамен жабыстырыңыз.

8-қадам. Ойыншықты тұрғызыңыз.

Спиральды ойыншық дайын! Ойыншықты аударып, түтікшелерді спираль бойы жылжуын бақылап ойнай аласыз.

Қорытынды
Бұл жоба балалардың шығармашылық және техникалық дағдыларын дамытуға, сондай-ақ механикалық қозғалыс пен визуалды әсерлердің негіздерін түсінуге мүмкіндік береді. Спиральды ойыншықты жасау барысында балалар өз қолдарымен жасаған нәрсені сынап, оның қалай жұмыс істейтінін көреді, бұл олардың ғылыми қызығушылығын арттырып, еңбегінің нәтижесіне мақтаныш сезімін сыйлайды.