Дамылсыз жұлдызқұрт

play-rounded-fill

Жұлдызқұрт

Жобаның мақсаты: Әр түрлі материалдармен жұмыс істеу дағдыларын, ұсақ моториканы, қиял мен шығармашылықты дамытатын қозғалмалы жұлдызқұрт моделін жасау.

Құндылықтар: 

  • Табиғат пен қоршаған әлемге деген қызығушылықты шығармашылық арқылы ынталандыру. 
  • Өзінің қолынан жасаған бұйымға деген сенімділікті қалыптастыру. 
  • Түс пен пішінді эстетикалық қабылдауды ынталандыру.

Қалыптастырушы дағдылар: 

  • Ұсақ моторика: ұсақ бөлшектерді таңдау және орналастыру, помпондармен жұмыс.
  • Шығармашылық: помпондардың түсін және ретін таңдау. 
  • Сенсорлық қабылдау: әртүрлі материалдармен (помпондар, картон, ағаш) тактильді әрекеттесу. 
  • Зейін мен ынта: жоба орындау барысында зейін қойып, әрекеттердің кезектілігін сақтап орындау қажет.

Тәрбиешіге арналған нұсқаулық: 

  • Жұмысты бастамас бұрын, балаларға нағыз жұлдызқұрттың қандай болатынын, оның табиғатта қалай қозғалатынын көрсетіп, шабыт алуға көмектесіңіз. 
  • Дайын үлгіні көрсетіп, бірақ балалардың өз түстерін және помпондардың ретін таңдауына мүмкіндік беріңіз. 
  • Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында терможелімді тек өзіңіз қолданған жөн, ал оларға бөлшектерді өздігімен орналастыруға мүмкіндік беріңіз.

STEAM жобаларындағы қауіпсіздік техникасы:

  • Жұмысқа кіріспес бұрын балаларды қауіпсіздік техникасымен таныстырыңыз. Қажет болған жағдайда (өткір заттар қолданылса) қысқаша нұсқаулық өткізіңіз. Сілтемеге өтіңіз   

Тәжірибелік бөлім

Жобаны жасауға арналған қадамдық нұсқаулық: 

1-қадам. Негізді жасау: Гофрленген картонның мөлшерін өлшеп, помпондардың санына сәйкес кесіп алыңыз, бұл жұлдызқұрт денесінің негізі болады. 

2-қадам. Гофрокартонның иректелген бетін тегіс бетінен ажыратыңыз. 

3-қадам. Картонды қалауыңыз бойынша бояңыз. 

4-қадам. Дене бөлігін безендіру: Балалар картонның тегіс бетіне түрлі түсті помпондарды таңдап, орналастырады. Помпондарға терможелім жағуды тәрбиеші жасаған жөн. 

5-қадам. Аяқтарын қосу: Картонның төменгі жағына екі ағаш таяқшаны сыртқа шығып тұратындай етіп жабыстырыңыз. 

6-қадам. Басын жасау: Бірінші помпонға (бас) көздерін жабыстырыңыз.

Дайын! Енді балалар таяқшаларды қозғап, жұлдызқұртты қозғалысқа келтіре алады. Олар өз жұлдызқұрттарына ат қоя алады немесе оған әңгіме ойлап табады.

Қорытынды

Бұл жоба балаларға ұсақ моториканы, шығармашылық ойлауды және өзіндік жұмыс дағдыларын дамытуға көмектеседі. Қолөнер бұйымы балалардың қиялын дамытуды ынталандырады: олар жұлдызқұртты сюжеттік ойындарда қолдана алады, сондай-ақ сыныпты немесе ойын бөлмесін безендіре алады.