Қоқыс жәшігін жасайық

play-rounded-fill

Қоқыс жәшігін жасайық

Жобаның мақсаты:

  • Балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, оларды қайта өңдеу және қоршаған ортаны қорғау принциптеріне баулу.
  • Шығармашылық қабілеттерін дамытып, функционалды бұйым жасауға үйрету.
  • Қол моторикасы мен техникалық дағдыларды жетілдіру.

Қалыптастырушы дағдылар:

  • Шығармашылық: Қоқыс жәшігін жасау және сәндеу арқылы балалардың қиялы мен өнерге деген қызығушылығы дамиды.
  • Қол моторикасы: Қайшы және желіммен жұмыс істей отырып, қол икемділігін жетілдіру.
  • Техникалық ойлау: Қарапайым механизм құру және оның жұмыс принципін түсіну.
  • Экологиялық сана: Қайта өңдеудің маңыздылығын түсініп, табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру.

Жобаның құндылығы:

Бұл жоба балаларға экологиялық жауапкершілікті түсінуге көмектеседі. Олардың шығармашылық әлеуетін ашып, қарапайым материалдарды қолдана отырып, пайдалы бұйым жасауға ынталандырады. Жұмыс процесінде балалар өз қолынан шыққан нәтижеге қуануды және өз жетістіктерін бағалауды үйренеді. Сонымен қатар, бұл жоба экологиялық сауаттылықты арттыруға ықпал етеді.

Тәрбиешіге арналған нұсқаулық

  • Балаларға қайта өңдеу және экологиялық жауапкершілік туралы қысқаша ақпарат беріңіз. Қоқысты дұрыс сұрыптаудың маңызын түсіндіріңіз.
  • Бұл жобаны балалар топпен, жұппен немесе жеке орындайды.
  • Балалар жобаның мақсатын қамтитын тақырыптармен танысуы керек. 
  • Балаларға арналған жұмыс алаңын дайындаңыз. 
  • Тәжірибелік  бөлімді бастамас бұрын балаларға барлық қажетті материалдарды таныстырыңыз және беріңіз.

STEAM жобасындағы  қауіпсіздік техникасы
Ұйымдастырған іс әрекетті бастамас бұрын тәрбиленушіге қауіпсіздік техникасымен танысу ұсынылады. Қажет болған жағдайда (ҚТ-да көрсетілген заттарды пайдаланған жағдайда) балаларға қысқаша нұсқау жүргізу қажет. Кеңселік пышақмен тәрбиеші өзі қолдануы керек.
Сілтемеге өтіңіз     Қауіпсіздік ережелері

Тәжірибелік бөлімі

1-қадам. Қағаз стаканның біреуінің төменгі жағынан кеңселік пышақтың көмегімен ойық жасаңыз. 

2-қадам. Гофра картондан суреттегідей бір жағы екінші жағынан жіңішке болатын төртбұрыш қиыңыз. 

3-қадам. Төртбұрыштың кішкентай жағын стаканның ойығынан шығып тұратындай етіп орналастырыңыз.

4-қадам. Екінші стаканның жоғарғы жағын 1 см биіктікте қиып тастаңыз.

5-қадам. Кішірейген стаканды бірінші стаканға кіргізіңіз.

6-қадам. Қатты қағаздан өлшемі стаканмен бірдей болатын шеңбер қиып алыңыз. 

7-қадам. Шеңберді стаканға жабысқақ таспамен бекітіңіз.

8-қадам. Стаканды қоқыс тастайтын жәшікке ұқсауы үшін сыртын сәндеңіз. Сілтемеге өтіп суретті шығарып, қиып жапсырсаңыз болады. бұл суреттегі белгі “қайта өңдеу” дегенді білдіреді. Сілтеме

Қоқыс тастайтын жәшік дайын! Стаканнан шығып тұрған батырма тәрізді картонды басу арқылы қоқыс жәшігін аша аласыз.

Қорытынды

Бұл жоба балаларды экологияға жауапкершілікпен қарауға баулиды және олардың шығармашылық, техникалық дағдыларын дамытады. Қолдан жасалған қоқыс жәшігі арқылы олар қайта өңдеудің маңыздылығын түсінеді, ал жұмыс нәтижесі балаларға өз күш-жігерін бағалап, жаңа идеяларға шабыт алуға мүмкіндік береді.