Қозғалмалы жануарлар
Қозғалмалы жануарлар
Жобаның мақсаты:
- Балаларды үй жануарлары төрт түлікпен таныстыру.
- Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және қарапайым материалдардан қозғалмалы ойыншықтар жасауды үйрету.
- Қол моторикасын, кеңістіктік ойлауды және техникалық дағдыларды жетілдіру.
Қалыптастырушы дағдылар:
- Шығармашылық: Ойыншықтардың дизайнын жасау, жануарларды бояу және оларды әрлеу.
- Қол моторикасы: Қайшы және желіммен жұмыс істеу арқылы қолдың ұсақ қозғалыстарын дамыту.
- Техникалық түсінік: Қозғалыс механизмін түсіну және оны өз қолымен жүзеге асыру.
- Кеңістіктік ойлау: Жануарлардың бөліктерін стаканмен дұрыс біріктіру және механизмнің жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
- Коммуникация: Жобаны топта орындау кезінде бір-бірімен идеялар бөлісу және қолдау көрсету.
Жобаның құндылығы:
Бұл жоба балаларға қарапайым материалдардан механикалық элементтері бар ойыншық жасау арқылы техникалық дағдыларды үйренуге мүмкіндік береді. Олар қозғалыс принциптерін түсініп, өз қиялдарын пайдалана отырып ойыншықтарды жобалайды. Жұмыс барысында балалардың жауапкершілігі мен шығармашылық қабілеттері дамиды. Сонымен қатар, бұл жоба балалардың айналасындағы адамдармен жұмыс істеу қабілетін жетілдіріп, олардың өзін-өзі бағалауын арттырады.
Тәрбиешіге арналған нұсқаулық
- Балалармен үй жануарлары туралы қысқаша әңгіме өткізіңіз.
- Бұл жобаны балалар топпен, жұппен немесе жеке орындайды.
- Балалар жобаның мақсатын қамтитын тақырыптармен танысуы керек.
- Балаларға арналған жұмыс алаңын дайындаңыз.
- Тәжірибелік бөлімді бастамас бұрын балаларға барлық қажетті материалдарды таныстырыңыз және беріңіз.
STEAM жобасындағы қауіпсіздік техникасы
Ұйымдастырған іс әрекетті бастамас бұрын тәрбиленушіге қауіпсіздік техникасымен танысу ұсынылады. Қажет болған жағдайда (ҚТ-да көрсетілген заттарды пайдаланған жағдайда) балаларға қысқаша нұсқау жүргізу қажет.
Сілтемеге өтіңіз Қауіпсіздік ережелері
Тәжірибелік бөлімі
1-қадам. А4 қағазға сілтеме арқылы өтіп жануарлардың бастарын шығарып алыңыз. Сілтеме.
2-қадам. Суретті фломастермен бояңыз.

3-қадам. Суреттерді қиып алыңыз.

4-қадам. А4 қағаздың артылған бөлігінен 8*1,5 см өлшемде 2 дана төртбұрыш қиып алыңыз.

5-қадам. Сиыр мен қойдың бастарын төртбұрыш қағазға желімдеңіз. Жануарлардың бастары мен мойындары дайын.

6-қадам. Тіс шұқығышты ортасынан бөліңіз. Шұқығыштарды мойындардың ортаңғы бөлігіне суреттегідей кіргізіңіз.

7-қадам. Қағаз стакандардың түбіне суреттегідей етіп кеңсе пышағының көмегімен ойық жасаңыз.

8-қадам. Жануар мойындарының тіс шұқығыштан төменгі жағын стакандағы ойыққа кіргізіңіз.

9-қадам. Екі жануар үшін де мойынның стаканның ішідегі бөлігіне қағаз қыстырғыш қыстырыңыз.

Дайын! Сиыр мен қой ойыншықтарының бастарын қолмен түрту арқылы қозғалта аласыз.

Қорытынды
Бұл жоба балаларды шығармашылыққа баулиды және олардың техникалық ойлау қабілеттерін дамытады. Өз қолдарымен қозғалмалы ойыншықтар жасап, олар механикалық заңдылықтарды түсініп, практикалық дағдыларын жетілдіреді. Нәтижесінде, балалар өз еңбектеріне қуанып, өз қолынан шыққан өнімдерге мақтанышпен қарайды.