Менің сүйікті ойыным

play-rounded-fill

Менің сүйікті ойыным

Жобаның мақсаты:
Өз қолымен қарапайым материалдардан үстел ойынын жасау, балалардың қозғалыс үйлесімділігі мен шығармашылық дағдыларын дамыту.

Құндылықтар:

  • Қолжетімді материалдардан ойындар жасауға қызығушылықты арттыру;
  • Өзіндік дербестікті және өзіне деген сенімділікті дамыту;
  • Бірлескен ойындар арқылы топтық жұмыс дағдыларын қалыптастыру.

Қалыптастырушы дағдылар:

  • Ұсақ моторика: ұсақ бөлшектермен жұмыс (тесіктер жасау, элементтерді біріктіру, «ойыншыларды» басқару).
  • Қозғалыс үйлесімділігі: шпажкалар арқылы стакандарды басқарып, допты дәл қозғалту.
  • Шығармашылық ойлау: ойынның ерекше дизайнын жасау, ойын алаңын белгілеу және «ойыншылардың» бейнесін әрлеу.
  • Топпен жұмыс: жобаны бірге жасау және жұппен немесе топпен ойын ойнау.

Тәрбиешіге арналған нұсқаулық:

  • Балаларға ойын элементтерін өз бетімен сәндеуге мүмкіндік беріңіз (мысалы, стакандарға бет бейнелерін салу).
  • Ойын барысында жағымды атмосфераны сақтап, балалардың бастамаларын қолдап отырыңыз.
  • Ойын ережелерін мысалдар келтіре отырып, түсінікті әрі қарапайым етіп түсіндіріңіз.

STEAM жобаларындағы қауіпсіздік техникасы:

  • Жұмысқа кіріспес бұрын балаларды қауіпсіздік техникасымен таныстырыңыз. Қажет болған жағдайда (өткір заттар қолданылса) қысқаша нұсқаулық өткізіңіз. Сілтемеге өтіңіз     

Тәжірибелік бөлім

Жобаны жасау бойынша қадамдық нұсқаулық:

1-қадам. Ойынның негізін дайындаңыз. Ойын алаңы үшін тікбұрышты картонды қиып алыңыз. Картонды екі жағынан бірдей бүгіңіз.


2-қадам. Ойын алаңына белгі салыңыз (мысалы, ортасында шеңбер және қақпа белгілері).


3-қадам. Қағаз стакандарды алыңыз және оларға бет бейнелерін салыңыз.


4-қадам. Стакандардың бүйірлерінен тесік жасаңыз.


5-қадам. «Ойыншыларды» ойын алаңына орналастырыңыз.


6-қадам. Картонның бүйір қабырғаларында шпажкалар үшін тесіктер жасаңыз. Тесіктердің екі жағында да бірдей биіктікте орналасқанына көз жеткізіңіз. Шпажкаларды тесіктерге өткізіп, қағаз стакандарды оларға бекітіңіз. Стакандар аздап алаңнан көтермеленіп тұруы керек, сонда оларды шпажкаларды айналдыру арқылы оңай басқаруға болады.


7-қадам. Ойын алаңына теннис добын қойыңыз. Дайын! Енді балалар шпажкаларды қозғалтып, стакандарды басқарып, допты қақпаға түсіре алады.

Қорытынды


Бұл жоба балалардың ұсақ моторикасын, қозғалыс үйлесімділігін, сондай-ақ шығармашылық және әлеуметтік дағдыларын дамытады. Материалдардың қарапайымдылығы мен ойынның қызықтылығы жобаны балалар үшін қолжетімді және тартымды етеді. Мұндай әдіс балалардың өздерін ойын жасаушылар ретінде сезінуіне көмектеседі және олардың өз күштеріне деген сенімдері мен шығармашылық қабілеттерін қалыптастырады.