Түтікшелермен көпіршік үрлейік
Түтікшелермен көпіршік үрлейік
Жобаның мақсаты:
Бұл жоба балалардың моторикасын, шығармашылық ойлау қабілетін және табиғи құбылыстарға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған. Жоба барысында балалар өз қолдарымен ойыншық жасап, оны көбікті суда қолданып, қызықты тәжірибе арқылы табиғат заңдылықтарын зерттейді.
Қалыптастырушы дағдылар:
- Ұсақ моторика: Түтікшелерді дәл өлшеп, кесіп және желімдеу арқылы балалардың қол икемділігі дамиды.
- Логикалық және кеңістіктік ойлау: Балалар материалдарды үйлестіріп, құрылымдар жасауды үйренеді.
- Эксперимент жүргізу дағдылары: Көбікті су мен ойыншық арқылы физикалық заңдылықтарды зерттеу.
Жобаның құндылығы:
- Тәжірибелік білім: Балалар көбікті судың физикалық қасиеттерін тәжірибе арқылы түсінеді.
- Эстетикалық сезім: Балалар түрлі түстер мен материалдарды үйлестіріп, әдемі ойыншықтар жасайды.
- Шығармашылық еркіндік: Балалар өз ойыншықтарының дизайнын өз қалауы бойынша жасай алады.
Тәрбиешіге арналған нұсқаулық
- Бұл жобаны балалар топпен, жұппен немесе жеке орындайды.
- Балалар жобаның мақсатын қамтитын тақырыптармен танысуы керек.
- Балаларға арналған жұмыс алаңын дайындаңыз.
- Тәжірибелік бөлімді бастамас бұрын балаларға барлық қажетті материалдарды таныстырыңыз және беріңіз.
STEAM жобасындағы қауіпсіздік техникасы
Ұйымдастырған іс әрекетті бастамас бұрын тәрбиленушіге қауіпсіздік техникасымен танысу ұсынылады. Қажет болған жағдайда (ҚТ-да көрсетілген заттарды пайдаланған жағдайда) балаларға қысқаша нұсқау жүргізу қажет.
Сілтемеге өтіңіз Қауіпсіздік ережелері
Тәжірибелік бөлімі
1-қадам. Түтікшелерді ұзындығы 1,5 см болатындай етіп сызғышпен өлшеп, фломастермен белгілеп шығыңыз.

2-қадам. Түтікшелерді қиып шығыңыз.

3-қадам. Екіжақты жабысқақ таспаның үстіне түрлі түсті түтікшелерді жабыстырып шығыңыз.


4-қадам. Таспаның екінші жағын аударып, сол жағы бойынша түтікшелерді ораңыз.


5-қадам. Түтікшеге ағаш таяқшаны екіжақты жабысқақ таспаның көмегімен жабыстырыңыз.

6-қадам. Су мен суық сабынды араластырып көбікті су дайындаңыз.

7-қадам. Суға түтікшелерден жасалған ойыншықты батырыңыз.

Дайын! Балалар ойыншықты көбікті суға батырып үрлеп ойнаса болады.

Қорытынды
Бұл жоба балаларға тәжірибелік дағдылар мен шығармашылық қабілеттерді дамытуға көмектеседі. Олар өз қолдарымен жасалған ойыншықтарды көбікті суда қолданып, қызықты және интерактивті түрде физикалық құбылыстарды зерттейді. Жоба балалардың табиғатқа деген қызығушылығын арттырып, олардың өз-өзіне деген сенімділігін нығайтады.