Түстер мен табиғат үйлесімі

play-rounded-fill

Түстер мен табиғат үйлесімі

Жобаның мақсаты:

Бұл жоба балалардың табиғат құбылыстарын тануға және түсінуге көмектеседі. Жоба барысында балалар кемпірқосақ пен бұлттың суретін салып, оны шығармашылық тұрғыда безендіру арқылы өздерінің моторикалық және шығармашылық қабілеттерін дамытады.

Қалыптастырушы дағдылар:

  • Шығармашылық қабілет: Түрлі материалдарды пайдаланып кемпірқосақ пен жаңбырды бейнелеу.
  • Ұсақ моторика: Ұсақ түтікшелерді кесу және оларды дәл жабыстыру.
  • Эстетикалық қабылдау: Түрлі-түсті элементтерді үйлестіру арқылы композиция құрастыру.

Жобаның құндылығы:

  • Эстетикалық талғамды дамыту: Балалар табиғат құбылыстарын әсем суреттеп, оларды сәндейді.
  • Жаратылыстану қызығушылығын арттыру: Балалар табиғат құбылыстарының (жаңбыр, кемпірқосақ) пайда болу ерекшеліктерімен танысады.
  • Топтық жұмыс дағдылары: Жобаны бірге орындау арқылы балалар бір-біріне көмектесуді үйренеді.

Тәрбиешіге арналған нұсқаулық

  • Балаларға кемпірқосақ пен бұлттың табиғаттағы рөлі туралы қысқаша түсіндіріңіз.
  • Бұл жобаны балалар топпен, жұппен немесе жеке орындайды.
  • Балалар жобаның мақсатын қамтитын тақырыптармен танысуы керек. 
  • Балаларға арналған жұмыс алаңын дайындаңыз. 
  • Тәжірибелік  бөлімді бастамас бұрын балаларға барлық қажетті материалдарды таныстырыңыз және беріңіз.

STEAM жобасындағы  қауіпсіздік техникасы
Ұйымдастырған іс әрекетті бастамас бұрын тәрбиленушіге қауіпсіздік техникасымен танысу ұсынылады. Қажет болған жағдайда (ҚТ-да көрсетілген заттарды пайдаланған жағдайда) балаларға қысқаша нұсқау жүргізу қажет.
Сілтемеге өтіңіз     Қауіпсіздік ережелері 

Тәжірибелік бөлімі

1-қадам. А4 қағазға кемпірқосақ пен бұлттардың суретін салыңыз. 

2-қадам. Суретті фломастермен бояңыз.  

3-қадам.  Екінші А4 қағазға бұлт пен жаңбырды суретін салыңыз және бояңыз.

4-қадам. Түтікшелерді ұзындығы 1,5 см болатындай етіп қиып шығыңыз. 

5-қадам. Суреттегі жаңбыр тамшыларына ұзынынан екіжақты таспа жабыстырып шығыңыз.

6-қадам. Екіжақты жабысқақ таспаның үстіне түрлі түсті түтікшелерді араластыра отырып жабыстырып шығыңыз. 

7-қадам. Кемпірқосақ салылған суретте кемпірқосаққа ұзынынан екіжақты таспа жабыстырыңыз.

8-қадам. Екіжақты жабысқақ таспаның үстіне кемпірқосақ түстерін бір-бірден түтікшелермен бейнелеп жабыстырыңыз.

Дайын! Жаңбыр жауып тұрған бұлт пен кемпірқосақ дайын.

Қорытынды

Бұл жоба балалардың табиғатқа деген қызығушылығын арттырып, олардың шығармашылық ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі. Балалар өз қолдарымен жасаған туындыларына қуанып, табиғаттың сұлулығын бағалауды үйренеді. Сонымен қатар, жоба балалардың ұсақ моторикасын, топпен жұмыс істеу дағдыларын және өз-өзіне деген сенімділігін арттырады.