Жол сақшысы – бағдаршам
Жобаның мақсаты:
Балаларға бағдаршамның жұмыс істеу принципін көрсету арқылы жол қауіпсіздігі туралы алғашқы түсініктерді қалыптастыру.
Қалыптастырушы дағдылар:
- Шығармашылық және қол моторикасы: қайшымен жұмыс, желімдеу, бөлшектерді құрастыру.
- Логикалық ойлау: бағдаршамның рөлін түсіну, түстердің мағынасын ажырату.
- Коммуникация: топта немесе тәрбиешінің жетекшілігімен талқылау.
Құндылық:
Жолда қауіпсіздік ережелерін сақтау.
Тәртіп пен жауапкершілік.
Бір-біріне көмек көрсету (қажет болған жағдайда тапсырманы орындауда топтық жұмыс).
Тәрбиешіге арналған нұсқаулық
- Бұл жобаны балалар топпен, жұппен немесе жеке орындайды.
- Балалар жобаның мақсатын қамтитын тақырыптармен танысуы керек.
- Балалардан сұраңыз: «Қандай түсте тоқтаймыз? Қандай түсте жүреміз? Неге бұл маңызды?»
- Балаларға арналған жұмыс алаңын дайындаңыз.
- Тәжірибелік бөлімді бастамас бұрын балаларға барлық қажетті материалдарды таныстырыңыз және беріңіз.
- Балалар бағдаршамды құрастырып болғаннан кейін, оны пайдаланып «жол ережесі» бойынша шағын ойын ұйымдастырыңыз.
STEAM жобасындағы қауіпсіздік техникасы
Ұйымдастырған іс әрекетті бастамас бұрын тәрбиленушіге қауіпсіздік техникасымен танысу ұсынылады. Қажет болған жағдайда (ҚТ-да көрсетілген заттарды пайдаланған жағдайда) балаларға қысқаша нұсқау жүргізу қажет.
Сілтемеге өтіңіз Қауіпсіздік ережелері
Тәжірибелік бөлімі
1-қадам: Картон төлкесін ұзындығы 8,8-9 см етіп қиып алыңыз.

2-қадам: Бағдаршам түстері бейнеленген суретті сілтеме арқылы өтіп жүктеп алыңыз: сілтеме.

3-қадам: Шығарылған суретті қиып алыңыз. Және өлшемі сол суретпен бірдей етіп қара картон қағазын қиыңыз.

4-қадам: Қара картон қағазға тігінен үш шеңбер сызып, қиып алып тастаңыз.

5-қадам: Төлкені айналдыра отырып бағдаршам түстерін желімдеңіз.

6-қадам: Қара картон қағазды да төлкені айналдыра отырып желімдеңіз.

7-қадам: Ағаш таяқшаны төлкенің ішкі жағына желімдеңіз.

8-қадам: Бағшаршам түстерін айналдырыңыз.

Қорытынды
Бұл жоба балаларға жол қозғалысы ережелерін ойын түрінде түсінуге көмектеседі. Сонымен қатар, шығармашылық тапсырмаларды орындау арқылы қол моторикасы дамиды, жаңа білім алуға қызығушылығы артады. Тәрбиеші балаларға түсінікті, қауіпсіз ортада жұмыс істеуді және ережелерді сақтауды үйретеді.