Құлыншақ
tarbieshi project — 1
Жобаның мақсаты: Бұл жоба арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, қолмен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіруге және табиғатқа, жануарларға деген қызығушылықтарын арттыруға көмектеседі. Балалар құлыншақтың бейнесін жасау арқылы тек шығармашылық емес, сонымен бірге өз бетінше жұмыстар орындау, түстерді, пішіндерді үйлестіру сияқты дағдыларды да меңгереді. Сонымен қатар, бұл жоба балалардың бақылаушылық қабілеттерін дамытып, нәтижеге жету үшін жоспарлы түрде жұмыс істей білуіне септігін тигізеді.
Құндылық: Бұл жоба балаларға түрлі материалдар мен құралдарды пайдалану арқылы өздерінің шығармашылық қиялын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Құлыншақтың бейнесін жасап, оны әртүрлі түстермен әрлеу балалардың эстетикалық талғамын дамытады.
Қағазды кесу, жапсыру, жіппен жұмыс жасау сияқты әрекеттер балалардың қол моторикасын жақсартады. Осы жұмысты орындау арқылы балалар саусақтарының ептілігін дамытады және түрлі заттарды біріктіруде дәлдік пен ұқыптылыққа үйренеді.
Бұл жобада балалар әртүрлі элементтерді біріктіру үшін логикалық ойлау мен жоспарлау дағдыларын қолданады. Құлыншақ бейнесін жасау балаларға табиғат пен жануарларды танып-білуге, олар туралы жаңа ақпарат алуға мүмкіндік береді. Бұл жоба жануарларға деген сүйіспеншілік пен қамқорлық сезімін қалыптастырады.
Тәрбиешіге арналған нұсқаулық
- Бұл жобаны балалар топпен, жұппен немесе жеке орындайды.
- Балалар жобаның мақсатын қамтитын тақырыптармен танысуы керек.
- Балаларға арналған жұмыс алаңын дайындаңыз.
- Тәжірибелік бөлімді бастамас бұрын балаларға барлық қажетті материалдарды таныстырыңыз және беріңіз.
STEAM жобасындағы қауіпсіздік техникасы
Ұйымдастырған іс әрекетті бастамас бұрын тәрбиленушіге қауіпсіздік техникасымен танысу ұсынылады. Қажет болған жағдайда (ҚТ-да көрсетілген заттарды пайдаланған жағдайда) балаларға қысқаша нұсқау жүргізу қажет.
Сілтемеге өтіңіз
Теориялық бөлім
Балаларға арналған шығармашылық жобалар олардың когнитивті дамуына, көз-қол үйлесімділігіне және моториканың жетілуіне маңызды әсер етеді. Құлыншақтың бейнесін жасау шығармашылық дағдыларды дамытумен қатар, табиғатқа, жануарларға деген қызығушылықты арттырады. Мұндай жобалар балалардың өзіндік қабілеттерін, идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді және болашақта ғылыми немесе шығармашылық салаларға қызығушылықтарын арттыруы мүмкін.
Қағазды қию, жабысқақ заттарды пайдалану, түстермен әрлеу секілді әрекеттер балалардың қол моторикасын дамытады. Мұндай жұмыстар ұсақ моториканы жақсартып, балалардың қолдарының ептілігін арттырады. Сондай-ақ, қағаз материалдарымен жұмыс жасау арқылы балалар олардың түрлі қасиеттерін (жұмсақ, қатты, жыртылатын, т.б.) түсініп, шығармашылық жұмыстарда қолдануды үйренеді.
Жіпті байлау арқылы балалардың саусақтары ұсақ қимылдарды орындауға үйренеді, бұл олардың қол моторикасын жетілдіреді.
Тәжірибелік бөлімі
Құлыншақтың жасалу жолы
1-қадам: Үш түсті қатты қағазды дайындап алыңыз. Үш құлыншақ жасайтын боламыз. Осы үш қағазға жәй қаламмен құлыншақтың суретін және ертоқымын салып алып, қайшымен қиып алыңыз


2-қадам: Ертоқымды құлыншақтың үстіне желіммен жапсырыңыз

3-қадам: Құлыншақтың құйрығын дыроколмен тесіп алып, тоқыма жіпті құйрығына байлаңыз. Ақ түсті фломастермен құлыншақтың көзін, аузын, құлағының сурет салып алыңыз


4-қадам: Әрі қарай кір қыстырғышты құлыншаққа қыстырыңыз. Құлыншағымыз дайын


Қорытынды
Құлыншақ жобасы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, қол моторикасын жақсартуға және табиғатқа деген қызығушылығын арттыруға бағытталған. Бұл жоба балаларға эстетикалық талғам мен шығармашылық ойлауды дамытуға көмектеседі, сондай-ақ олардың өз қолдарымен бір нәрсе жасаған кезде қуаныш сезімін оянады. Жоба барысында балалар өздерінің шығармашылық идеяларын жүзеге асырып, жаңа дағдыларды меңгереді. Құлыншақ бейнесін жасау барысында балалардың ептілігі, логикалық ойлауы мен конструктивті дағдылары дамып, жануарларға деген сүйіспеншілік пен қамқорлық сезімі қалыптасады.