Кітап
Жобаның мақсаты: Бұл жобаны жасау арқылы балаларға шығармашылық қабілеттерін дамыту, қолөнер дағдыларын қалыптастыру және ертегілер әлеміне деген қызығушылықтарын арттыру көзделеді. Ерекше техникалар мен құралдарды пайдалану арқылы балалар өз ертегі кітаптарын жасай алады, бұл оларға өз шығармашылықтарын көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, осы жобада балалар қолмен жасалған кітаптың әрбір бөлігін құрастыру арқылы еңбекке деген сүйіспеншілік пен жауапкершілікті үйренеді.
Құндылық: Ертегі кітаптарын жасау жобасы балалардың эстетикалық талғамын қалыптастырып, логикалық ойлау қабілетін арттырады. Қолөнермен айналысу тек шығармашылықпен шектелмейді, сонымен қатар балалардың ұсақ моторикасын дамытады, шыдамдылықты, дәлдікті және тәртіптілікті үйретеді. Жоба барысында балалар әртүрлі техникалық және көркемдік дағдыларды меңгеріп, өз бетінше жұмыс істеуге үйренеді.
Тәрбиешіге арналған нұсқаулық
- Бұл жобаны балалар топпен, жұппен немесе жеке орындайды.
- Балалар жобаның мақсатын қамтитын тақырыптармен танысуы керек.
- Балаларға арналған жұмыс алаңын дайындаңыз.
- Тәжірибелік бөлімді бастамас бұрын балаларға барлық қажетті материалдарды таныстырыңыз және беріңіз.
STEAM жобасындағы қауіпсіздік техникасы
Ұйымдастырған іс әрекетті бастамас бұрын тәрбиленушіге қауіпсіздік техникасымен танысу ұсынылады. Қажет болған жағдайда (ҚТ-да көрсетілген заттарды пайдаланған жағдайда) балаларға қысқаша нұсқау жүргізу қажет.
Сілтемеге өтіңіз
Теориялық бөлім
Ертегі кітабы – баланың қиялын дамытуға арналған, түрлі кейіпкерлер мен оқиғаларға толы кітап. Балалар өздеріне ұнайтын ертегіні таңдап, оны кітап түрінде шығару арқылы жаңа оқу материалы мен мәдениетке үйренеді. Ертегі кітабының дизайны мен суреттері мен иллюстрациялармен балалар өздері толықтырады. Бұл, өз кезегінде, балаларға кітапты қызықты әрі тартымды етеді.
Тәжірибелік бөлімі
34 kidsteam project
1-қадам:Сәлем, балақай! Біз сенімен ертегі кітабын жасайтын боламыз. Бізге керек заттарды әзірлеп алайық. Бізге түрлі түсті қағаз, қайшы, желім, ақ қағаз керек болады. Қажетті заттарымыз дайын болса жобамызды жасауды бастайық. Қатты ақ қағазды сызғышпен ені 2 см ұзындығы 20 см_-ден 2 дана жолақтар қиып аламыз.

2-қадам: 2 дана қағазды гормошка тәрізді бүтейміз. Суретте көрсетілгеней жасаңыз.


3-қадам: Қатты түрлі-түсті А4 қағаздарын екіге бүктеңіз. Мен 4 түрлі қағазды қолдандым


4-қадам: Кітаптың бүктелген жерінің үстіңгі және төменгі жерін 2см өлшеп жіңішке етіп қиып алыңыз. Абайлаңыз қатты үлкен болып кетпесін. Егер үлкен болып қалса арасынан өтетін қағаз бостау болып қалады. Мен кітаптың астыңғы жағы мен үстінгі жағынан 5 см тастап барып 2см өлшеп алып қидым.

5-қадам:Қиылған жерге, гормошка қағаздың бір қыртысын кітаптың арасына салыңыз. Кітаптың парағын ашқанда (3 сурет) ішінен гормошка қағаздың бір қыртысын шығуы керек



6-қадам: Әрі қарай кітаптің ішінен шығып тұрған гормошка қағазының қыртысын арасын өлшеп алыңыз. Сол өлшеммен қатты қағазды өлшеп қиып арасын өткізіңіз (2 сурет)


7-қадам: Осылай барлық кітаптың парақтарының арасынан өткізіп шығыңыз.


8-қадам: Әрі қарай кітаптың арасынан өткізіп отырған гормошка қағаздың артылған шетін қиып қалғанын желіммен кітаптың екі жағына жапсырыңыз

9-қадам: Ертегі кітабымызды жасауды аяқтап қалдық. Енді кітаптың сыртын әдемі жылтыр қағазбен қаптайық(жылтыр қағазды кітаптың өлшемімен өлшеп алыңыз)

10-қадам: Кітаптың екі жағын қағаз желіммен желімдеп алыңыз

11-қадам: Кітаптың сыртын безендірейік. Өздігінен жабысатын қағазға өзіңіздің ертегіңізге байланысты сурет салып жапсырыңыз. Мен гүлдің суретін салып кітапқа жапсырдым. Міне біздің ертегі кітабымыз дайын


Қорытынды
Бұл жоба балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытумен қатар, оларды еңбек етуге баулиды. Қолдан жасалған ертегі кітаптары балалардың қиялын ұштауға, олардың өз идеяларын жүзеге асыруына мүмкіндік береді. Жобаның соңында балалар кітаптарын өздерінің шығарған ертегілердің суреттерімен безендіріп, туындыларын басқа адамдарға көрсету арқылы өз жетістіктерін бағалай алады. Мұндай жобалар балалардың әлемді тану процесін қызықты әрі шығармашылық тұрғыдан жүзеге асырады.