Тотықұс

Жобаның мақсаты: Бұл жоба арқылы  балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және моториканы жақсарту мақсатында тоты құсының қозғалысын көрсететін ойыншық жасайды. Жобаға түрлі-түсті қарындаштар мен басқа да материалдарды пайдалана отырып, өздерінің шығармашылық идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бұл жоба балаларды еңбекке баулып, шыдамдылық пен жинақылыққа үйретеді.

Құндылық: Жоба балаларға сурет салу, қиып алу, жапсыру және жіппен жұмыс істеу сияқты түрлі шығармашылық әрекеттерді біріктіруге мүмкіндік береді. Бұл олардың шығармашылық ойлауын дамытады. Балалардың саусақ моторикасын жақсарту үшін түрлі құралдарды пайдалану арқылы іске асады. Жоба балаларды табиғи материалдармен жұмыс істеуге баулып, олардың қолөнер дағдыларын қалыптастырады

Тәрбиешіге арналған нұсқаулық

  • Бұл жобаны балалар топпен, жұппен немесе жеке орындайды.
  • Балалар жобаның мақсатын қамтитын тақырыптармен танысуы керек. 
  • Балаларға арналған жұмыс алаңын дайындаңыз. 
  • Тәжірибелік  бөлімді бастамас бұрын балаларға барлық қажетті материалдарды таныстырыңыз және беріңіз.

STEAM жобасындағы  қауіпсіздік техникасы
Ұйымдастырған іс әрекетті бастамас бұрын тәрбиленушіге қауіпсіздік техникасымен танысу ұсынылады. Қажет болған жағдайда (ҚТ-да көрсетілген заттарды пайдаланған жағдайда) балаларға қысқаша нұсқау жүргізу қажет.
Сілтемеге өтіңіз     

Теориялық бөлім

Шығармашылық дамытудың маңызды аспектісі балалардың өз ойларын, сезімдерін және қиялдарын жүзеге асыра алуы болып табылады. Бұл процесс олардың танымдық қабілеттерін, сенсорлық қабылдауларын, моторикасын  дамытады. 4 жасар балалар үшін қолөнер жобалары ерекше маңызды, өйткені олар ойын арқылы жаңа дағдыларды үйренеді. Тотықұсының бейнесін жасау арқылы балалар өнерді, табиғатпен байланыстыруды және шығармашылық ойлауды үйренеді. Бұл жоба балалардың қолдарының ептілігін жақсартады, өйткені олар қиып алу, жапсыру, желімдеу, жіпті өткізу сияқты дәл жұмыстарды орындайды. Осы әрекеттер барысында балалардың моторикасы жетіліп, ойлау қабілеті дамиды. Тотықұсын жасау кезінде балалар әртүрлі бөліктерді біріктіріп, оларды нақты бір мақсатқа сай орналастыруды үйренеді.

Тәжірибелік бөлімі

Тотықұстың жасалу жолы

play-rounded-fill

tarbieshi steam project — 4

1-қадам: Сәлем, достым! Тотықұс жобасын жасауды бастайық. Ең әуелі ақ қағазға бір-біріне қарап тұрған екі дана тотықұстың суретін  жәй қаламмен салып алыңыз.

2-қадам: Ақ қағазға салынған екі тотықұстың суретін екіге бөліп қиып алыңыз.

3-қадам: Әрі қарай бізге картон қағаз бен қайшы қажет болады. Екі тотықұстың суретін картонның екі жағына қағаз желіммен жапсырып, қайшымен қиып алыңыз.

4-қадам: Қиып алған тотықұстың екі жағын бірдей етіп  түрті-түсті қарындашпен бояп алып, тотықұысқа тіс шұқығыштан тұмсық жапсырыңыз

5-қадам: Қатты қағаздан ені 1см ұзындығы 20 см өлшеп, екі дана қиып алыңыз. Сізде суретте көрсетілгендей екі ұзын қағаз шығу керек. Осы екі қағазды кезек кезек бүктеу арқылы  гормошка жасаңыз

6-қадам: Бүктелген қағазың бір жағын стаканның бір бүйіріне, екінші жағын тотықұстың ішіне жапсырыңыз.

7-қадам: Әрі қарай стаканға бекітілген гормошка қағаз бен тотықұстың тұмсығының арасын өлшеп стакады тескішпен тесіп алыңыз.

8-қадам: Тотықұстың тұмсығы мен гормошка қағазының тура ортасын белгілеп алып,  тотықұстың белгіленген жеріне жіпті өткізіп желіммен бекітіңіз.  Жіптің екінші шетін стакандағы тесікке өткізіп, стаканның ішінде шығып тұрған жіпті тартыңыз. Жіпті тартқанда тотықұс қозғалады. Міне біздің тотықұсымыз дайын

Қорытынды

Бұл жоба балаларға тек қолөнермен айналысып қана қоймай, сонымен бірге оларды әрекеттегі динамиканы көруге және түсінуге үйретеді. Тоты құстың қозғалысы олардың механикалық қозғалыстарды қалай жасауға болатынын байқап көруге мүмкіндік береді. Жоба балаларға өз шығармашылығын пайдалануға, материалдарды дұрыс қолдануға, және жұмыс барысында шыдамдылық танытуға үйретеді. Сонымен қатар, балалар өздеріне тән жаңа дағдыларды меңгеріп, өзіндік жұмыстарын жасап шыққан кезде ерекше қуаныш сезімін алады.

Жобаның нәтижесінде балалар тотықұсы сияқты қозғалатын қызықты ойыншықты өз қолымен жасап, табиғатпен және қолөнермен танысады. Бұл балалардың әлемді тереңірек түсінуіне және шығармашылық ізденістерін жалғастыруға ықпал етеді.