Отбасылық шам

play-rounded-fill

tarbieshi project — 2

Жобаның мақсаты: Бұл жоба арқылы балаларың  қолөнері мен шығармашылық қабілеттерін дамыту. Жоба балаларға отбасы мүшелерінің маңыздылығын түсіндіру мен есте сақтау қабілеттерін жетілдіруге көмектеседі. Сонымен қатар, балалардың қолдарынан шыққан шығармашылық жұмыстарын жасап, оларға өзінің отбасы мүшелерімен байланысын сезінуге мүмкіндік береді

Құндылық: Балалар өздері жасаған бұйым арқылы шығармашылық қабілеттерін шыңдайды. Бұл жоба баланы отбасына деген махаббатқа, жауапкершілікке, жақын адамдарды құрметтеуге тәрбиелейді. Отбасы мүшелерінің суреттері арқылы бала өз отбасының маңыздылығын және бірге өткізілген уақытты қадірлеуді үйренеді.

Тәрбиешіге арналған нұсқаулық

  • Бұл жобаны балалар топпен, жұппен немесе жеке орындайды.
  • Балалар жобаның мақсатын қамтитын тақырыптармен танысуы керек.
  • Балаларға арналған жұмыс алаңын дайындаңыз.
  • Тәжірибелік  бөлімді бастамас бұрын балаларға барлық қажетті материалдарды таныстырыңыз және беріңіз.

STEAM жобасындағы  қауіпсіздік техникасы
Ұйымдастырған іс әрекетті бастамас бұрын тәрбиленушіге қауіпсіздік техникасымен танысу ұсынылады. Қажет болған жағдайда (ҚТ-да көрсетілген заттарды пайдаланған жағдайда) балаларға қысқаша нұсқау жүргізу қажет.
Сілтемеге өтіңіз     

Теориялық бөлім

  Бұл жоба балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда маңызды рөл атқарады. Шығармашылық қабілеттерді дамыту үшін әртүрлі материалдар мен құралдарды қолдану балалардың моторикасын және танымдық қабілеттерін шыңдайды. Сонымен қатар, қолөнер жұмыстары балаларды сабырлыққа, шыдамдылыққа және жоспарлауға үйретеді. Бұл жобада пайдаланылатын таяқшалар мен пергамент қағазы балалардың қиялын ашып, оларды жаңа идеялар мен шығармашылық жұмыстар жасауға шабыттандырады.

Жоба электрондық шаммен жабдықталғандықтан, балалардың жұмысында жарық көзі ретінде қолданылатын шам балалардың назарын аударады және қосымша шығармашылық элемент береді. Текшенің ішіне шамды орналастыру – бұл жобаның ерекше және қызықты бөлігі, себебі ол тек эстетикалық жағынан ғана емес, сонымен қатар функционалдық тұрғыдан да маңызға ие.

Тәжірибелік бөлім

Отбасылық шам  жасалу жолы:

1-қадам: 16 дана балмұздақ таяшаларын  4 данадан бөліп алыңыз. Енді таяқшадарың басы мен аяғын біріктіріңіз. Біріккен таяқшалардын шаршы шығуы керек.  Таяқшаларды ыстық желіммен жапсырыңыз

2-қадам: Біріккен таяқшалардың орасын ақ түсті пергамент қағазды салып өлшеп алыңыз. Осылайша төрт дана қағазды өлшеп қиып аласыз

3-қадам: Әрі қарай қиылған төрт  қағазға өзіңіз қалаған отбасыға байланысты суреттерді салыңыз

4-қадам: Салынған суреттерді біріккен таяқшаларға бекітіңіз

5-қадам: осылайша барлық таяқшалардың қабырғаларын ыстық желімен бекітіп шығыңыз

6-қадам: Барлық таяқшаларды біріктіргенде сізде асты және үсті ашық текше шығу керек

              Осы текшенің ішіне электродық шамды қосыңыз. Біздің  отбасы шамы дайын.

Қорытынды

Жоба балалардың өздерінің отбасын бейнелейтін шығармашылық жұмыстарын жасап, оларды бір бүтінге жинақтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, балалардың қолөнерге деген қызығушылығын арттырып, олардың шығармашылық ойлау қабілетін дамытады. Бұл жоба балалардың өз отбасылары туралы ойланып, олармен уақыт өткізу құндылығын түсінуге көмектеседі.