Менің сәнді қуыршағым

play-rounded-fill

Менің сәнді қуыршағым

Жобаның мақсаты:

Балалардың шығармашылық қабілеттерін, қиялын және эстетикалық талғамын дамыту. Жобаның барысында балалар өз қолдарымен жасалған қуыршаққа әртүрлі көйлектер ойлап тауып, оларды безендіру арқылы өз идеяларын жүзеге асырады.

Қалыптастырушы дағдылар:

  • Ұсақ моторика: қайшымен жұмыс, бояу, Желімді қолдану.
  • Шығармашылық: түс комбинацияларын таңдау және көйлекке ерекше өрнектер жасау.
  • Қиял: қолөнерді безендіру процесінде қиялдың дамуы.

Құндылық:

  • Интерактивтілік: қуыршақ киімдерін өзгерту мүмкіндігі қолөнерді әдемі ғана емес, сонымен қатар функционалды етеді.
  • Оқыту: жоба геометрия элементтерін (пішіндермен жұмыс), көркемдік талғам мен жоспарлау дағдыларын дамытуды қамтиды.

Тәрбиешіге арналған нұсқаулық

  • Бұл жобаны балалар топпен, жұппен немесе жеке орындайды.
  • Балалар жобаның мақсатын қамтитын тақырыптармен танысуы керек. 
  • Балаларды өз туындыларының ерекшеліктерін көрсете отырып, көйлектерді өз қалауы бойынша бояуға шақырыңыз.
  • Балаларға арналған жұмыс алаңын дайындаңыз. 
  • Тәжірибелік  бөлімді бастамас бұрын балаларға барлық қажетті материалдарды таныстырыңыз және беріңіз.
  • Жоба аяқталғаннан кейін балаларды киімдерді қалай бояғанымен бөлісуге шақырыңыз, оларға не ұнағанын сұраңыз.

STEAM жобасындағы  қауіпсіздік техникасы
Ұйымдастырған іс әрекетті бастамас бұрын тәрбиленушіге қауіпсіздік техникасымен танысу ұсынылады. Қажет болған жағдайда (ҚТ-да көрсетілген заттарды пайдаланған жағдайда) балаларға қысқаша нұсқау жүргізу қажет.
Сілтемеге өтіңіз     

Тәжірибелік бөлімі

1-қадам: Берілген суретті сілтеме арқылы өтіп, қағазқа шығарып алыңыз: Сілтеме

2-қадам: Қағаздағы суреттерді қиып алыңыз.

3-қадам: Стаканға көйлекті қойып эскизін салып алыңыз.

4-қадам: Стакандағы көйлекті айналдыра кеңселік пышақпен қиып алып тастаңыз.

5-қадам: Қыздың басын стаканның жоғары жағына желімдеңіз.

6-қадам: Қыздың мойнын, қолын аяғын салыңыз.

7-қадам: Екінші стаканның төрттен бір бөлігіне әртүрлі түстерімен жолақтар бояңыз.  

8-қадам: Қалған бөліктерді де әртүрлі етіп қиялыңызға ерік беріп бояп шығыңыз. Мысалы мен қалған үш бөлікті келесідей боядым:

  • Бірін сары түске бояп қызыл гүлдер салдым;
  • Екіншісін көгілдірге бояп, төменгі жағына көк түспен толқындар салдым;
  • Үшіншісін қызғылт түске бояп, қызыл жүрекшелер салдым. 

9-қадам: Көйлекдің пішіні ойылған стаканды боялған стаканның сыртына кигізіңіз. 

10-қадам: Қызы бар стаканды айналдырып қыздың көлегін әртүрлә етіп ауыстырып көріңіз. 

Қорытынды

Жұмыстың нәтижесі — интерактивті ойыншық қуыршақ қызықты ойынға себеп болады. Тәрбиеші осы жобаны жүзеге асыра отырып, балалардың дамуына ғана емес, сонымен қатар олардың өз қолдарымен бірдеңе жасау процесіне эмоционалды қанағаттануына ықпал етеді.