Қол жуу әдебі
қол жуу әдебі
Жобаның мақсаты:
Балаларға судың кір мен микробтарды қалай жуатынын көрсететін көрнекі шығармашылық процесс арқылы гигиена мен қолды дұрыс жуудың маңыздылығын үйрету.
Қалыптастырушы дағдылар:
- Гигиеналық дағдылар: қолды жуудың қажеттілігі мен дұрыс техникасын түсіну.
- Ұсақ моторика: кесу, бояу және ұсақ бөлшектермен жұмыс.
Құндылық:
- Ойын түрінде балалар маңызды гигиеналық әдеттерді үйренеді.
- Жоба қоршаған әлемге, әсіресе көзге көрінбейтін нәрсеге (микробтарға) қызығушылықты оятады.
- Сабақ балалардың дәлдігін, дербестігін және денсаулығы үшін жауапкершілігін қалыптастыруға көмектеседі.
Тәрбиешіге арналған нұсқаулық
- Бұл жобаны балалар топпен, жұппен немесе жеке орындайды.
- Балалар жобаның мақсатын қамтитын тақырыптармен танысуы керек.
- Балаларға қолды жуудың неліктен маңызды екенін, микробтардың не екенін және олардың денсаулыққа қалай әсер ететінін айтыңыз.
- Балаларға арналған жұмыс алаңын дайындаңыз.
- Тәжірибелік бөлімді бастамас бұрын балаларға барлық қажетті материалдарды таныстырыңыз және беріңіз.
STEAM жобасындағы қауіпсіздік техникасы
Ұйымдастырған іс әрекетті бастамас бұрын тәрбиленушіге қауіпсіздік техникасымен танысу ұсынылады. Қажет болған жағдайда (ҚТ-да көрсетілген заттарды пайдаланған жағдайда) балаларға қысқаша нұсқау жүргізу қажет.
Сілтемеге өтіңіз
Тәжірибелік бөлімі
1-қадам: Берілген суреттерді сілтеме арқылы өтіп, қағазқа шығарып алыңыз. Су және қол.


2-қадам: Су ағып тұрған кран бейнеленген суретті түрлі түсті фломастермен бояңыз.

3-қадам: Суреттегі судың шеттерінде жолақ сызықтардың бойымен кеңселік пышақпен кесіңіз.

4-қадам: Қолды және микробтарды үрлі түсті фломастермен бояңыз.

5-қадам: Қолдың суретін шеттерінде жолақ сызықтардың бойымен кеңселік пышақпен кесіңіз. Микробтарды әпқайсысын жекелеп қиып алыңыз.

6-қадам: Микробтарды қолың үстіне қойыңыз.

7-қадам: Қолды су ағын тұрған краннан өткізіңіз. Бұл процесс сізге қолыңызды жуғанда қолыңыздағы кір, микробтардың сумен жуылып кетуін көрсетеді.

Қорытынды
Бұл жоба балаларға гигиенаның маңыздылығын үйретіп қана қоймай, олардың қызығушылығы мен шығармашылық ойлауын ынталандырады. Модель жасау процесі қолды жуу кезінде судың қалай жұмыс істейтінін жақсы түсінуге көмектеседі, ал нәтиже тазалықтың маңыздылығын еске салады. Жоба күнделікті іс-шараларға оңай еніп, балаларға жағымды әсер мен пайдалы әдеттер қалдырады.