Таза тістер

play-rounded-fill

tarbieshi steam project — 8

Жобаның мақсаты:
Балаларды тістерге күтім жасау маңыздылығын интерактивті кейіпкердің үлгісі арқылы үйрету. Бұл кейіпкер балаларға тістерді дұрыс тазалау әдістерін түсінуге көмектеседі. Жоба ұсақ моториканы, креативті ойлауды және балалардың өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын дамытуға ықпал етеді.

Құндылықтар:
Жоба денсаулыққа және жеке гигиенаға қамқорлық жасау, моториканы жетілдіру және қолөнер арқылы шығармашылықты дамытуға көмектеседі. Бұл балаларға тістерге дұрыс күтім жасау маңыздылығын түсінуге және ерте жастан жақсы әдеттерді қалыптастыруға ықпал етеді.

Қалыптастырушы дағдылар:

  • Ұсақ моториканы дамыту: Балалар макарон, көздер және басқа қолөнер элементтері сияқты кішкентай заттармен жұмыс істейді. Бұл олардың қол мен көз үйлесімділігін, сондай-ақ қимылдарының дәлдігін жақсартуға көмектеседі.
  • Креативті ойлау және шығармашылық дағдылар: Кейіпкердің бетін салып, тістерді жасау жолдарын шешу арқылы балалар шығармашылық дағдыларын дамытады. Олар бейнелер құруды және оларды көзбен елестетуді үйренеді, сондай-ақ өз қолөнерлеріне бөлшектер таңдауда шығармашылық таныта алады.
  • Қозғалыс үйлесімділігі: Тіс щеткасын пайдаланып, «тістерді тазалау» қозғалыс үйлесімділігін дамытуға көмектеседі. Балалар заттарды дұрыс ұстап, басқаруды, сондай-ақ ретті әрекеттерді орындауды (мысалы, тістерді тазалау) үйренеді.

Тәрбиешіге арналған нұсқаулық:

  • Жобаны жеке немесе жұппен өткізуге болады.
  • Жұмысты бастамас бұрын, балалардың қызығушылығын арттыру үшін тістерге күтім жасайтын кейіпкерлер туралы қысқа әңгіме айтып беріңіз. Мысалы: «Тісай әрқашан тістерін тазартады! Ал сендер ше? Тісайды жасап, оның тістерін тазалауға көмектесейік!»
  • Материалдарды алдын ала дайындап, балаларға жобаның мақсатын қарапайым әрі түсінікті тілмен түсіндіріңіз.
  • Жұмыс орнын балаларға қауіпсіз етіп ұйымдастырыңыз.

STEAM жобаларындағы қауіпсіздік техникасы:

  • Жұмысты бастамас бұрын балаларды қауіпсіздік техникасымен таныстырыңыз. Қажет болған жағдайда (өткір заттар қолданылса) қысқаша нұсқаулық жүргізіңіз.

Теориялық бөлім


Тістер – бұл тек дене мүшелері емес, олар бізге тағамды шайнап, күлімсіреуге көмектеседі! Біз тістерге күтім жасаудың маңыздылығын ерте жастан бастап үйренеміз, сонда олар таза әрі сау болады.

Тәжірибелік бөлім

«Таза тістер» үлгісін жасау бойынша қадамдық нұсқаулық:

1-қадам. Кейіпкердің бас бөлігін дайындау:

Бір қағаз тәрелкені алып, оны мұқият екіге бөліңіз. Тәрелкенің жартысын екінші тәрелкенің ортасына терможеліммен жабыстырып, ашылатын ауыз формасын жасаңыз

2-қадам:  Бояу:

Тәрелкелердің сыртқы жағын көк түске, ауыздың ішкі жағын қызыл немесе қызғылт түске бояңыз. Жақсылап құрғатыңыз.

3-қадам:  Тістерді жасау:

Тіс ретінде макарон, пісте қабығы сияқты заттарды пайдалануға болады. Макаронды ақ түске бояп, кептіріңіз.

4-қадам:  Кейін ауыздың ішкі жағына біртіндеп жабыстырып, тістерге ұқсас етіп орналастырыңыз.

5-қадам:  Құлақтар мен бетті жасау:

Картоннан құлақтар мен танау жасап оларды көк және ақ түске бояңыз. Суреттегідей құлақ пен көздерді жоғарғы бөлігіне, танауын ауыздың үстіне жабыстырыңыз. 

6-қадам:  Барлық бөлшектердің жақсы жабысып, мұқият құрғағанын тексеріңіз.

Дайын! Енді ойнаймыз. Балаларға тіс щеткасымен тістерді тазалау үлгісін көрсетіңіз. Тістердің араларына “дақтар” қойып, балаларға оларды тіс щеткасымен тазалап көруге мүмкіндік беріңіз.

Қорытынды

Бұл жобаны жасау процесі балаларға шығармашылық қабілеттерін дамытуға, моториканы жақсартуға және тістерге күтім жасауды үйренуге көмектеседі. Жоба барысында тіс щеткасын қолдану балаларға тістерді үнемі тазалаудың маңыздылығын оңай меңгеруге мүмкіндік береді.