Түймедақ алқабы
tarbieshi steam project — 11
Жобаның мақсаты: Табиғат керемет суретші екенін түсінуге көмектесу. .Балабақшадағы табиғат бұрышына түймедақ адқабын бейнелеу.
Қалыптастырушы дағдылар: Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, қол моторикасын жетілдіру.
Құндылық: Жобаны жасау барысында балалар өз идеяларын іске асыруға мүмкіндік алады, бұл олардың шығармашылық қабілеттерін арттырады. Қайшы, қылқалам және түтікшемен жұмыс істеу балалардың қол моторикасын жақсартады, бұл әсіресе кішкентай балалар үшін маңызды.
Тәрбиешіге арналған нұсқаулық
- Бұл жобаны балалар топпен, жұппен немесе жеке орындайды.
- Балалар жобаның мақсатын қамтитын тақырыптармен танысуы керек.
- Балаларға арналған жұмыс алаңын дайындаңыз.
- Тәжірибелік бөлімді бастамас бұрын балаларға барлық қажетті материалдарды таныстырыңыз және беріңіз.
STEAM жобасындағы қауіпсіздік техникасы
Ұйымдастырған іс әрекетті бастамас бұрын тәрбиленушіге қауіпсіздік техникасымен танысу ұсынылады. Қажет болған жағдайда (ҚТ-да көрсетілген заттарды пайдаланған жағдайда) балаларға қысқаша нұсқау жүргізу қажет.
Сілтемеге өтіңіз
Теориялық бөлім
“Түймедақ алқабы” жобасы шығармашылық қызмет және механика негіздерімен танысу арқылы мектеп жасына дейінгі балаларды кешенді дамытуға бағытталған. Бұл жоба балаларға табиғи құбылыстарды түсінуге, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, мүмкіндік береді. Әртүрлі материалдар мен әдістерді қолдана отырып, өз композицияларыңызды жасайды.
Тәжірибелік бөлімі
1-қадам: Картон қағаздан шеңбер қиып алыңыз.

2-қадам: Түтікшенің басын қайшымен ұзынша бөліктерге қиыңыз. Бұл түтікшенің басы арқылы гүл салатын боласыз.

3-қадам: Түтікше басын ақ түсті гуашқа батырып алыңыз.

4-қадам: Түтікшемен картонга түймедақ гүлдерін салыңыз. Қажет болған жағдайда түтікшені гуашқа батырып отырыңыз.

5-қадам: Қылқаламды жасыл түсті гуашқа батырып алып, гүлдердің сабақтары мен жапырақтарын салыңыз.

6-қадам: Сары түсті гуашқа қылқаламды батырып, гүлдердің орталарын бояп шығыңыз.

Дайын!

Қорытынды
Түймедақ алқабы жобасы балалар үшін қызықты және пайдалы тәжірибе болып табылады. Ол шығармашылық, қол моторикасы және командалық жұмыс дағдыларын дамытуға бағытталған. Жобаны жүзеге асыру арқылы балалар тек көңіл көтеріп қана қоймай, жаңа дағдыларды меңгереді. Нәтижесінде, бұл жоба балалардың дамуына оң әсер етеді және оларды болашақта шығармашылық жетістіктерге жетуге ынталандырады.