Кеме
30 kidsteam project
Жобаның мақсаты:Бұл жоба арқылы балаларға кеме жасау процесін үйрету, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Балалар түрлі түсті қағаздарды, тіс шұқығыштарды және ермексазды пайдаланып, кеменің желкенін жасауды үйренеді. Су ішінде кеменің қалай жүзетінін көру арқылы физикалық заңдарды түсінуге көмектеседі.
Құндылық: Балалар түрлі түсті қағаздарды, ермексазды және басқа материалдарды пайдаланып, өз қолдарымен ерекше кемелер жасауды үйренеді. Бірлесіп жұмыс істей отырып, бір бірімен қарым қатынасқа түсуді, ынтымақтастықты үйренеді. Кішігірім материалдармен жұмыс жасау балалардың қол моторикасын, назарын және координациясын дамытуға ықпал етеді. Балалар жобаны жүзеге асыра отырып, шыдамдылық, жауапкершілік, және өз жұмыстарын аяқтауға деген мотивацияны үйренеді.
Тәрбиешіге арналған нұсқаулық
- Бұл жобаны балалар топпен, жұппен немесе жеке орындайды.
- Балалар жобаның мақсатын қамтитын тақырыптармен танысуы керек.
- Балаларға арналған жұмыс алаңын дайындаңыз.
- Тәжірибелік бөлімді бастамас бұрын балаларға барлық қажетті материалдарды таныстырыңыз және беріңіз.
STEAM жобасындағы қауіпсіздік техникасы
Ұйымдастырған іс әрекетті бастамас бұрын тәрбиленушіге қауіпсіздік техникасымен танысу ұсынылады. Қажет болған жағдайда (ҚТ-да көрсетілген заттарды пайдаланған жағдайда) балаларға қысқаша нұсқау жүргізу қажет.
Сілтемеге өтіңіз
Теориялық бөлім
Кеменің принципі — су үстінде жүру. Су мен ауаның арасындағы әрекеттесу арқылы кеме жүзеді. Кеменің желкені желдің күшін ұстап, кемені алға жылжытады. Балалар кеме жасауда әр түрлі материалдармен тәжірибе жасап, шығармашылықты дамытады.
Тәжірибелік бөлімі
1-қадам: түрлі түсті қағаздарды ені 3 см ұзындығы 7см қиып алыңыз.
2-қадам: Үлгіде көрсетілгендей қиылған қағаздың тең ортасынан екіге бүктеңіз
3 қадам: бүктелген қағазды қиғаштау етіп үшбұрыш қиып алыңыз (қағаздың тұйық жағын қалдырыңыз) тұйық жағына тіс шұқығышты қоясыз
4- қадам: тіс шұқығышты қиылған үшбұрыш қағаздың ортасына салып, желіммен жапсырыңыз. Үлгіде көрсетілгендей әртүсті жалаушалар шығу керек
5-қадам: Әрі қарай бізге жалаушалардың санына қарай пластикалық бөтелкенің қақпақтары қажет болады.
6-қадам: Қақпақтардың ішіне жеңіл әртүсті ермексазды салып, саусақтарыңызбен қаттырақ басыңыз. Бұл біздің кемеміз болады
7-қадам:Қақпақтағы ермексаздың үстіне жалаушаларды орналастырыңыз
8-қадам: Енді бізге үлкенеу ыдыс қажет болады. Мен шұңғыл тарелкені қолдандым.
9-қадам:шұңғыл ыдысқа су құйып, кемелерді салып, жәймендеп үрлеңіз. Желкенді кемелеріміз судың бетінде жүзеді.
Қорытынды
Жобаның нәтижесінде балалар өз қолдарымен жасаған желкенді кемені суда жүздіріп, эксперимент нәтижесін көреді. Бұл жоба балалардың ғылым, математика және өнерге деген қызығушылықтарын арттыруға мүмкіндік берді. Олар командада жұмыс істеуді, идеялармен бөлісуді және креативті шешімдер қабылдауды үйренеді.
Желкенді кеме жасау – көңілді әрі пайдалы тәжірибе, балалардың қызығушылығы артады, шығармашылық қабілеттері дамиды
30 kidsteam project