Домбыра

play-rounded-fill

33 Домбыра

Жобаның мақсаты: Домбыра жобасын жасау арқылы балалардың музыкалық білімі мен шығармашылық қабілеттерін дамыту. Жобаны жүзеге асыру барысында балалар өздерінің қолдарына домбыра жасау арқылы еңбек ету дағдыларын меңгеріп, музыкаға деген қызығушылықтарын арттырады.

Құндылық: Балалар өздерінің қиялдарын пайдаланып, домбыраның дизайнын жасайды. Қолмен жұмыс істеу арқылы моторика дағдылары дамиды. Жобаны топпен орындау балалар арасындағы ынтымақтастықты нығайтады.Домбыраның құрылысын және оның дыбысын шығару принциптерін түсінеді.

Тәрбиешіге арналған нұсқаулық

Бұл жобаны балалар топпен немесе жеке орындайды.

Балалар жобаның мақсатын қамтитын тақырыптармен танысуы керек. 

Балаларға арналған жұмыс алаңын дайындаңыз. 

Тәжірибелік  бөлімді бастамас бұрын балаларға барлық қажетті материалдарды таныстырыңыз және беріңіз.

Steam жобасындағы  қауіпсіздік техникасы
жобаны  бастамас бұрын тәрбиешіге қауіпсіздік техникасымен танысу ұсынылады. Қажет болған жағдайда (ҚТ-да көрсетілген заттарды пайдаланған жағдайда) балаларға қысқаша нұсқау жүргізу қажет.
Сілтемеге өтіңіз      

Теориялық бөлім:

Домбыра – қазақтың ұлттық музыкалық аспабы, оның тарихы терең. Домбыраның шығу тегі туралы аңыздар мен деректер оның қазақ халқының мәдениетінде ерекше орын алатынын көрсетеді. Домбыраның көмегімен қазақтың халық әндері мен күйлері орындалады, бұл аспап халықтың рухын, дәстүрін және өмір салтын жеткізеді.

Домбыраның құрылымы қарапайым, бірақ музыкалық дыбыстың шығуына әсер ететін бірнеше негізгі элементтерден тұрады:

Дене: Дыбыстың пайда болуына жауапты бөлік. Оның пішіні мен материалы дыбыс сапасына әсер етеді.

Құлақ: Аспаптың шектерін  бекітетін орын. Шектердің  қысымы мен орны дыбыстың шығуына әсер етеді.

Шектері: Домбыраның негізгі дыбыс шығару элементтері. Әрбір жіптің қалыңдығы мен материалы әртүрлі дыбыстар шығарады.

Тиек: Жіптердің биіктігін реттейтін элемент, дыбыстың тазалығын қамтамасыз етеді.

Музыка – адамдар арасындағы эмоциялық байланысты нығайтатын құрал. Балалар музыкамен шұғылданғанда, олар өздерінің шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік алады. Домбыра жасау процесі балалардың қиялын, эстетикалық талғамын дамытады, сонымен қатар, еңбектену дағдыларын қалыптастырады

Балалар шығармашылықпен жұмыс жасау барысына  – олардың жеке тұлғалық және әлеуметтік дамуына ықпал етеді.Балалардың шеберлік дағдылары дамиды.

Топтық жұмыстар арқылы ынтымақтастық және коммуникация дағдылары қалыптасады.

Өз бетінше жұмыс істеу және шығармашылық ойлау қабілеттері дамиды. Ермексазбен жұмыс істеу барысында балалар:Қол моторикасын дамытады.Эстетикалық көзқарастары қалыптасады. Шығармашылық жұмыстарды орындау дағдыларын меңгереді.

Домбыра жасау жобасы тек музыкалық аспапты емес, балалардың қолөнер, музыка, мәдениет және шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Мұндай жобалар балаларға өздерінің қолөнерлік шеберліктерін арттырумен қатар, ұлттық мәдениетімізді танып-білулеріне ықпал етеді.

Тәжірибелік бөлім

1 қадам: Сәлем, балақай! Бүгін сенімен қазақтың ұлттық аспабы домбыра жасайтын боламыз. Бұл жобаны  жасаған саған ұнайды деп ойлаймын. Олай болса ұлттық аспабымызды жасауды бастайық.

Аспапты жасауды бастамас бұрын қажетті заттарымызды дайындап алуды ұмытпайық. Ең бірінші бізге ақ түсті қағаз және картон, қағаз желімі қажет болады. Қағаздардың өлшемін мен ұзындығы 20 см енін 15 см қылып алдым.

Ақ түсті қағазды қатты картонның екі жағына қағаз желіммен жапсырып алыңыз.

2 қадам. Ақ қағаздың бетіне Kinder шоколодының сопақша құтысын қойып жәй қаламмен бастырып алыңыз.


3 қадам: Әрі қарай ақ қағаздың бетіне бастырып алған сопақшаны жалғастырып домбыраның суретін салыңыз. Домбыраның пернелерін салып, оюлармен безендіріңіз


4 қадам: Енді бізге қайшы қажет болады. Қағазға салынған домбыраның суретін қайшының көмегімен қиып алыңыз

5 қадам: Қоңыр түсті қарандашпен домбыраның пернесін, оюларын бастырып бояп шығыңыз

6 қадам: Бізге енді ақ түсті ермексаз қажет болады. Ермексазды жақсылап жұмсартып алып Kinder шоколодының құтысын үлгіде көрсетілгендей етіп қаптап шығыңыз

7 қадам: Ермексазбен қапталған Kinder шоколодының құтысын қағазға салынған домбыраның артқы жағына қойып ыстық желіммен жапсырыңыз (қауіпсіздік ережесін сақтаңыз)

8 қадам: Әрі қарай ақ түсті ермексазды жұмсартып отырып домбыраның сабағын қаптаңыз


9 қадам: Енді бізге 3 дана моншақты ине қажет болады (қауіпсіздік ережесін сақтаңыз) екі инені домбыраның басына қадаңыз үлгіде көрсетілгендей жасаңыз. Ол домбыраның құлағы. Егер ине ұзын болса үлкендердің көмегімен инені қысқарту керек болады. Ал бір инелі моншақты домбыраның сопақша жағының астына орнатыңыз. Бұл домбыраның түймесі болады.  Бұл моншақты инелер домбыраның шегін ұстап түруға және де дыбысты реттеуге көмектеседі


10 қадам: Әрі қарай домбыраның шегін ораналастыратын боламыз. Бізге балық аулау желісі (леска) қажет болады.  9 қадамда жасаған моншақты инеге балық аулау желісін байлаймыз. Бірінші домбыраның бір құлағына байлап төмен қарай түсіп, домбыраның түймесіне орап алып, жоғары қарай көтеріліп домбыраның екінші құлағына ораймыз. Міне біздің шегіміз дайын. Әрі қарай домбыраның тиегін жасауға кірісейік

11-қадам: Шпажкадан домбыраның тиегін жасаймыз. Ол үшін бізге кеңселік пышақ қажет болады. Кеңселік пышақтың көмегімен шпажканы қиып, тиек жасаймыз.

12-қадам: Міне біздің домбырамыз дайын.  Достарыңа  жасаған домбыраңды көрсетіп, қалай жасағаныңды айтып бер


Қорытынды

Домбыра қазақ мәдениетінің символы болғандықтан, балалар ұлттық өнер мен мәдениет туралы білім алады.

Бұл жоба балалардың шығармашылық, практикалық және әлеуметтік дағдыларын дамытуға үлкен мүмкіндік береді.

play-rounded-fill

33 Домбыра