Кір жуғыш машина
31 kidsteam project
Жобаның мақсаты: Бұл жоба кір жуатын машинаның жұмыс принципін визуализациялау үшін балаларға арналған ойыншық үлгі жасауға бағытталған. Балалар шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, кір жуу процесінің негіздерін түсінеді
Құндылық: Жоба балаларға технология, физика және өнер пәндерінен білім алуға мүмкіндік береді.Әр түрлі түстер мен материалдарды пайдалану балалардың шығармашылық ойлау қабілетін арттырады.Жобаны бірге орындау балалар арасындағы ынтымақтастықты және командалық жұмыс дағдыларын дамытады.
Тәрбиешіге арналған нұсқаулық
- Бұл жобаны балалар топпен, жұппен немесе жеке орындайды.
- Балалар жобаның мақсатын қамтитын тақырыптармен танысуы керек.
- Балаларға арналған жұмыс алаңын дайындаңыз.
- Тәжірибелік бөлімді бастамас бұрын балаларға барлық қажетті материалдарды таныстырыңыз және беріңіз.
STEAM жобасындағы қауіпсіздік техникасы
Ұйымдастырған іс әрекетті бастамас бұрын тәрбиленушіге қауіпсіздік техникасымен танысу ұсынылады. Қажет болған жағдайда (ҚТ-да көрсетілген заттарды пайдаланған жағдайда) балаларға қысқаша нұсқау жүргізу қажет.
Сілтемеге өтіңіз Қауіпсіздік ережелері
Теориялық бөлім
Кір жуатын машинаның негізгі жұмыс принципі — суды, жуғыш заттарды және механикалық қозғалысты пайдалану арқылы кірді тазалау. Кір жуғыш машинада барабан айналып, кір жуу циклы кезінде суды айналдырады, бұл кірді тиімді түрде жууға мүмкіндік береді.
Тәжірибелік бөлімі
1-қадам: Түрлі түсті фетрды алып, әртүрлі киімдерді қиып, ақ қағаздан дөңгелек шеңбер қиып алыңыз


2-қадам: Қиылған киімдердің артына және дөңгелекке липучка жапсырыңыз


3-қадам: Ақ қағазға кір жуатын машинаның суретін салып, түрлі түсті фломастермен бояңыз


4- қадам: Липучка жабысқан дөңгелекті кір жуатын машинаға концелялық кнопкамен орнатыңыз. Қағаз тарелкенің ортасын қиып алып, тарелкенің қиылған шет жағын машинаға жапсырыңыз. Ол кір жуатын машинаның есігі болады


5-қадам: Кір жуатын машинадағы киімдерді айналдырып жуып алып, киімдерді машинадан алып шығайық


Қорытынды:
Бұл жоба балаларға қызықты және интерактивті түрде кір жуатын машинаның жұмыс принципін үйретеді. Олар шығармашылық процеске қатысып, өз қолдарымен жасаған заттары арқылы жаңа білім алады. Жобаның нәтижесінде балалар технология мен өнердің тоғысуы арқылы өздерінің идеяларын жүзеге асыруды үйренеді.