Спортшы

play-rounded-fill

27 Спортшы

Жобаның мақсаты:Балаларға шығармашылық қабілеттерін дамыту, қол моторикасын жақсарту және өз бетінше жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастыру. Балалар мүсін жасау арқылы логикалық ойлауын, кеңістіктік түсінігін және визуалды қабылдауын жетілдіреді.

Құндылық:  Балалар өз қолдарымен жұмыс істей отырып, шығармашылық қабілеттерін ашады, ерекше идеяларын іске асыруға мүмкіндік алады. Балалар бірге жұмыс істеп, бір-бірімен тәжірибе алмасу, бірлескен жобаларды дамыту арқылы әлеуметтік дағдыларын жетілдіреді.  Түрлі материалдарды пайдалану арқылы олардың текстураларын, формаларын сезіну, балалардың сезім мүшелерінің дамуына ықпал етеді. Мүсіннің аяқтары мен қолдарын жасау барысында кездесетін қиындықтарды жеңу, логикалық ойлау және креативті шешімдер табу дағдыларын нығайяды.

Тәрбиешіге арналған нұсқаулық

  • Бұл жобаны балалар топпен немесе жеке орындайды.
  • Балалар жобаның мақсатын қамтитын тақырыптармен танысуы керек.
  • Балаларға арналған жұмыс алаңын дайындаңыз.
  • Тәжірибелік  бөлімді бастамас бұрын балаларға барлық қажетті материалдарды таныстырыңыз және беріңіз.

Steam жобасындағы  қауіпсіздік техникасы
жобаны  бастамас бұрын тәрбиешіге қауіпсіздік техникасымен танысу ұсынылады. Қажет болған жағдайда (ҚТ-да көрсетілген заттарды пайдаланған жағдайда) балаларға қысқаша нұсқау жүргізу қажет.
Сілтемеге өтіңіз       Қауіпсіздік ережелері

Теориялық бөлім

Спортшы мүсінінің аяқтары мен қолдарын жасау – балаларға шығармашылық қабілеттерін дамытуда үлкен маңызға ие. Бұл процесс балалардың тәжірибелік және логикалық ойлау қабілеттерін нығайтуға көмектеседі. Практикалық жұмыстар балаларға заттардың формасын және құрылымын жақсы түсінуге, олармен тәжірибе жасауға мүмкіндік береді.

Жобада қолданылатын материалдар экологиялық таза және қауіпсіз, балаларға жарамды. Әр түрлі материалдармен жұмыс істеу процесінде балалардың ынтасы артып, шығармашылық шекараларын кеңейтеді.

Тәжірибелік бөлім

1-қадам: Спортшыны жасау үшін бірінші бізге қағаз стакан және тесетін құрал керек болады менің қолданғаным өздеріңіз көріп тұрағндай жіңішке бұрағыш. Стаканды теріс аудырып қойып, стаканның түпкі жағын жіңішке тескішпен екі жағын тесіп алыңыз.

2-қадам: Стакандағы екі бүйіріндегі тесікке шпажканы кіргіземіз. Бұл біздің спортшымыздың тартыланыт турнигі болады.

3-қадам: Енді бізге сырты бар арахис пен майысатын сым қажет болады. Арахистің астыңғы жағы мен үстіңгі жағынан майысатын жіңішке сымды ортасынан өткізіңіз. Үлгіде көрсетілгендей. Арахис біздің спортшымыз ал екі сымның біреуі қолдары екіншісі аяқтары болады

4-қадам: әрі қарай екі сымның біреуін астыға қарай екіншісін жоғары қарай қайырыңыз. Енді жұмсақ ермексаз бен дайын көздерді қолданасыз. Жұмсақ ермексаздың кішкене бөлігін алып екіге бөліп төмен қарап тұрған сымға бекітіңіз. Ол спортшының аяқтары болады. Екі жоғары қарап тұрған сымды шпажкаға ораңыз. Ол спортшының қолдары болады. Әрі қарай дайын тұрған көздерді ыстық желімнің көмегімен екі қолың ортасын жапсырыңыз. Міне біздің спортшымыз турникке тартылуға дайын. Қане спортшымызды бірнеше турниктен айналдырып көрейік

5-қадам: Біздің жасаған спортшымыз нағыз шыныққан спортшы екен турниктен бірнеше рет айналды. Ал сен спорттың қай түрімен айналысқанды ұнатасың?

Қорытынды:

Жобаның нәтижесінде балалар спортшы мүсіншесінің аяқтары мен қолдарын жасап, шығармашылық қабілеттерін дамытады. Олар мүсін жасау процесі арқылы командалық жұмыс, бір-біріне көмек көрсету, және шығармашылық ойлау дағдыларын үйренеді. Балалар өз жұмыстарын аяқтағанда қуаныш сезінеді, бұл олардың өнер мен қолөнерге қызығушылығын арттырады. Жоба балаларға шығармашылыққа, топпен жұмыс істеуге, және өз идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, осылайша олар болашақта өнермен айналысуға ынталанады.