Балық

play-rounded-fill

29 Балық

Жобаның мақсаты:

Балықтың моделін жасау арқылы балалардың  шығармашылық қабілетін дамыту, экологиялық сана қалыптастыру және әртүрлі материалдарды пайдалану арқылы жоба жасауды үйрету.

Құндылық:

Жобаны жасауда  экологиялық материалдарды қолдана отырып, балаларға табиғатты қорғау және қалдықтарды қайта өңдеу туралы білім беру. Балалар өз қиялдарын жүзеге асырып, шығармашылық қабілеттерін дамытады. Қағаздан балықтың қанаттары мен көздерін жасап, самоклейкамен жұмыс істеу балалардың қол моторикасын жақсартады. Жобаны жұппен орындау  балалардың командалық жұмыс жасау дағдылары дамиды.  

Тәрбиешіге арналған нұсқаулық

  • Бұл жобаны балалар топпен, жұппен немесе жеке орындайды.
  • Балалар жобаның мақсатын қамтитын тақырыптармен танысуы керек.
  • Балаларға арналған жұмыс алаңын дайындаңыз.
  • Тәжірибелік  бөлімді бастамас бұрын балаларға барлық қажетті материалдарды таныстырыңыз және беріңіз.

STEAM жобасындағы  қауіпсіздік техникасы
Ұйымдастырған іс әрекетті бастамас бұрын тәрбиленушіге қауіпсіздік техникасымен танысу ұсынылады. Қажет болған жағдайда (ҚТ-да көрсетілген заттарды пайдаланған жағдайда) балаларға қысқаша нұсқау жүргізу қажет.
Сілтемеге өтіңіз     Қауіпсіздік ережелері

Теориялық бөлім

Балық моделін жасау кезінде балалар өздерінің идеяларын жүзеге асыруда шығармашылықтарын көрсете алады. Бұл процесс балалардың дизайнерлік ойлауы мен өнердің негіздерін үйретеді.  Қағаздан қанаттар мен көздер жасау балалардың қол қимылдарын жетілдіреді. Бұл материалды пайдалану балаларға жапсыру жұмыстарын оңай әрі жылдам орындауға мүмкіндік береді, бұл олардың конструктивті ойлау қабілеттерін дамытады. Қолмен жұмыс жасау — моторика мен зейіннің дамуына ықпал етеді. Балық моделін жасау кезінде балалар құралдарды дұрыс қолдануды, материалдарды біріктіруді және жапсыруды үйренеді.

Тәжірибелік бөлімі

Балықтың  жасалу жолы

1-қадам: ақ қағазға балықтың қанаттарын жәй қаламмен салып аламыз. Қанаттары пакеттің пішініне сәйкес келу

2-қадам қағазға салынған қанаттарды қайшымен қиып алыңыз

3-қадам балықтың қанаттарын қара түсті маркермен жүргізіп шығыңыз.

4-қадам Целлофан пакеттің түпкі жағын конценлярлық резенкемен байлаңыз

5-қадам Целлофан пакеттің резенкемен байланған жағын ішіне қарай аударып, пакетті ауаға толтырып екінші резеңкемен байлаңыз

6-қадам Ауа толған пакеттің екі жағына суретте көрсетңлгендей етіп балықтың көзін жапсырыңыз

7-қадам әрі қарай балығымызды жасауды жалғастырамыз, қанаттар мен теңгесін жапсырыңыз. Балық дайын.

Қорытынды:

  Целлофан пакеттің көмегімен балық жобасы экологиялық тұрғыдан құнды әрі қызықты жоба. Балалар материалдарды шығармашылықпен қолдану арқылы жаңа нәрселер жасап, өз қабілеттерін ашады. Бұл жоба балалардың экологиялық санасын, шығармашылық ойлауын және қолмен жұмыс жасау дағдыларын дамытуға үлкен септігін тигізеді.