Сары балапан
25 Сары балапан
Үлкендердің көмегімен жасалатын жоба
Жобаның мақсаты: Балаларға пенопласт шарлары мен метрлік мамықтарын пайдаланып балапан жобасын жасап үйрету арқылы олардың шығармашылық қабілеттерін, топта жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
Құндылық: Балалар өз қиялдарын жүзеге асыра отырып, түрлі формалар мен түстерді қолдана алады. Пенопласт шарларды ұстап, оларды желімдеу арқылы қол моторикасы дамиды. Балалар бір-бірімен ынтымақтасып, идеяларын бөлісіп, топта жұмыс істей отырып, әлеуметтік дағдылары артады. Жобаны жасау барысында балалар логикалық ойлау мен жоспарлау дағдылары дамиды.
Тәрбиешіге арналған нұсқаулық
- Бұл жобаны балалар топпен, жұппен немесе жеке орындайды.
- Балалар жобаның мақсатын қамтитын тақырыптармен танысуы керек.
- Балаларға арналған жұмыс алаңын дайындаңыз.
- Тәжірибелік бөлімді бастамас бұрын балаларға барлық қажетті материалдарды таныстырыңыз және беріңіз.
Steam жобасындағы қауіпсіздік техникасы
Сабақты бастамас бұрын тәрбиешіге қауіпсіздік техникасымен танысу ұсынылады. Қажет болған жағдайда (ҚТ-да көрсетілген заттарды пайдаланған жағдайда) балаларға қысқаша нұсқау жүргізу қажет.
Сілтемеге өтіңіз Қауіпсіздік ережелері
Теориялық бөлім
Пенопласт дөңгелектері мен боа мамықтары – балалар шығармашылығын дамытуға арналған қызықты материалдар. Бұл жобада балаларға балапанның формасын жасау арқылы шығармашылық, моторикалық және әлеуметтік дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді. Пенопласт жеңіл, жұмсақ әрі оңай тесілетін материал. Ол балаларға қауіпсіз, өйткені өткір емес. Мамықтарды қолдану арқылы балалар форма жасауға, сәндеуге және әртүрлі комбинациялар жасауға үйренеді. Балапанның дизайнын жасау балалардың шығармашылық ойлауын дамытады.
Тәжірибелік бөлім
1-Қадам: Денені дайындаудан бастайық. 6 не 8 қағаз қыстырғышты `(скрепке) тістеуіктің көмегімен екіге бөліңіз. Бізге дене үшін төрт, бас үшін екі қажет. Бұл ересектердің көмегімен жасалады.


2-Қадам: Үлкен шар бұл денесі ал, кішкентай шар басына арналған. Скрепкені кіргізетін жерді маркермен нүкте жасап белгілеңіз. Қағаз қыстырғышты дененің жоғарғы орталық бөлігіне және мойынның алдыңғы орталық бөлігіне және аяқтың ортасында екі жағына қосыңыз. Егер скрепке тұрмайтын болса (шығып кететін болса) скрепкенің басына ыстық желімді жағыңыз. Сол кезде скрепке қозғалмай тұрады. Бұл ілгектер мойны мен екі аяғын, қанаттарын байлауға керек болады.


3-Қадам: Әрі қарай, метрлік мамық қауырсындарды екі дөңгелекке ыстық желімнің көмегімен ораңыз. Қағаз қысқыштарына бос орын қалдыруды ұмытпаңыз. Балалар қолданғанда қауіпсіздік ережесін сақтауды ұмытпаңыз


4-Қадам: 16-18 см жіпті кесіп алыңыз. Аяқтар үшін екі ұзын әрі мықты жіпке бір бірден үлкен моншақты жіпке тізіп алып, кейін екі түсті моншақтарды кезектестіріп тізіп, мықтап байлаңыз. Сызғыштың көмегімегімен жіпке тізілген моншақтарды өлшеп алыңыз. Мен 18 см өлшеп алдым


5-Қадам: Мойын жасау үшін жіпті 10 см кесіңіз. Бірінші моншақты байламас бұрын кішкене бос орын қалдырыңыз, ол қазағ қыстырғышты байлауға ыңғайлы болу үшін. Үлкен шарың екі жағындағы қысқыштарға моншақ аяқтарын бекіту үшін қаттырақ бірнеше рет байлаңыз. Әрі қарай, балапанның денесі мен басын байланыстыратын мойынды (моншақты) байлаңыз. Артық жіпті кесіңіз.

6-Қадам: Көлденең балмұздақ таяқшасын тік балмұздақ таяқшасына ортасына емес, сәл жоғарырақ жабыстырыңыз. Бұл қуыршақтың дұрыс тепе-теңдігін сақтауға көмектеседі. Балмұздақ таяқшаларының ұштарында кішкене тесіктер жасаңыз. Ұзын ұштары басына бекітіледі. Сол және оң жақтары аяққа бекітіледі. Қосу таңбасының ортасы денеге бекітіледі.

7-Қадам: 4 Үлкен балық аулау жіпті (леска) кесіп алыңыз. Егер сіз қуыршақпен тұрып ойнайтын болсаңыз, қуыршақты ұзағырақ кесіңіз. Егер бұл үстел ойыншығы болса, оларды қысқартыңыз. Алдымен таяқшаның шеттеріне суретте көрсетілгендей тескіштің көмегімен тесіп алып, мықтырақ етіп бекітіңіз. Содан кейін оны бастың жоғарғы жағына және екі аяғымен үлкен моншақтың үстіне байлаңыз.

8-Қадам: Балапанның екі қанаты мен құйрығын ыстық желімнің көмегімен бекітіңіз. Егер құстың қауырсындары үлкен болса артығын кессеңіз болады.


9-Қадам: Балапанның денесін таяқшамен көтеріп көріңіз, қажетті биіктікгін табыңыз.
Тұмсық жасау үшін қызғылтсары түсті фетрды үлкен және кішкентай үшбұрышты кесіп алып, үлкен үшбұрышты және оның ішіндегі кішірек үшбұрышты жабыстырыңыз. Ен соңында екі көзді жабыстырыңыз.

10-Қадам: Міне біздің сары балапанымыз дайын. Жанына дос жасасаңыз да болады. Балалармен қуыршақ теартын ұйымдастырып ойнаңыздар.

Қорытынды:
Осы жоба балаларға тек қолөнер жасау емес, сонымен қатар, олардың тұлғалық және әлеуметтік дамуында маңызды рөл атқарады.