Әуе шары

play-rounded-fill

26 Әуе шары

Мектепке дейінгі ұйымдағы Мектепалды  даярлық тобына арналған  Әуе шары қысқа мерзімді жобасы

Балабақша балаларына әуе шарын жасау арқылы бірқатар маңызды құндылықтарды қалыптастыруға болады:

1. Шығармашылық – Әуе шарын жасау балалардың қиялын дамытады, олар әртүрлі түстер мен пішіндерді қолдану арқылы өз идеяларын жүзеге асырады

2. Қол еңбегі және ұқыптылық – Балалар шарды жасау барысында қолмен жұмыс істеуді үйренеді, материалдарды ұқыпты ұстап, тәртіппен жұмыс істеуді меңгереді.

3. Командалық жұмыс – Егер әуе шарын жасау топпен ұйымдастырылса, балалар бір-біріне көмектесіп, ынтымақтаса жұмыс істеуге үйренеді.

4. Сабырлылық пен төзімділік – Жоба белгілі бір уақыт пен зейінді қажет етеді, сондықтан балаларды шыдамдылықпен және нәтижеге жетуге деген ұмтылыспен жұмыс істеуге үйретеді.

5. Қоршаған ортаға қамқорлық – Егер әуе шарын экологиялық таза материалдардан жасаса, балалар табиғатты қорғау және қоршаған ортаға қамқорлық құндылықтарын түсінеді.

6. Өз ісіне жауапкершілік – Шарды жасап, оны сақтап қалуға деген ұмтылыс балалардың жауапкершілік сезімін дамытады. Бұл құндылықтар балалардың болашақ өміріне маңызды негіз қалайды.

Тәрбиешіге арналған нұсқаулық

  • Бұл жобаны балалар топпен, жұппен немесе жеке орындайды.
  • Балалар жобаның мақсатын қамтитын тақырыптармен танысуы керек.
  • Балаларға арналған жұмыс алаңын дайындаңыз.
  • Тәжірибелік  бөлімді бастамас бұрын балаларға барлық қажетті материалдарды таныстырыңыз және беріңіз.

STEAM жобасындағы  қауіпсіздік техникасы


Ұйымдастырған іс әрекетті бастамас бұрын тәрбиленушіге қауіпсіздік техникасымен танысу ұсынылады. Қажет болған жағдайда (ҚТ-да көрсетілген заттарды пайдаланған жағдайда) балаларға қысқаша нұсқау жүргізу қажет.
Сілтемеге өтіңіз     Қауіпсіздік ережелері

Теориялық бөлім

Балалармен әуе шарын қандай формада жасауды жоспарлау. Бұл кезеңде балалар идеяларын ортаға салып, талқылайды.Заттарды пайдаланып, әуе шарын жасау. Балалар бірігіп жұмыс істейді, қажет болған жағдайда бір-біріне көмектеседі. Жоба дайын болғанда бір бірлеп әуе шарын қозғалтып көреді.

Тәжірибелік бөлім

Әуе шарының  жасалу жолы

1-қадам: Қағаз сүлгінің орамын және аспан түстес түсті бояуды және қылқаламды дайындап алыңыз

2-қадам: Қағаз сүлгі орамын  бояп алып, оны құрғатыңыз.

3-қадам: Бояу кепкенше  түрлі-түсті қағаздардан шеңберлер қиып алыңыз. Барлық шеңберлердің өлшемі бірдей болуы тиіс.

4-қадам: Ақ түсті қатты картонға жәй қаламмен әуе шарының құрылысын салып алыңыз. Үлгіде көрсетілгендей жасаңыз.

5-қадам: Түрлі-түсті шеңберлердің бір шетін бір-біріне қосып желімдеп алыңыз. Әуе шарының құрылысын фломастермен безендіріңіз. Ортасына гүл не басқа сурет салсаңыз болады мен жүрекшенің суретін салыд. Екі жақ таяқшасына жолақтар жасасаңыз болады.

6-қадам: Біріктірілген шеңберлерді әуе құрылысына желіммен жапсырыңыз

7-қадам: Боялған орамның оратсына  жіпті өткізіп, мықтап байлаңыз. Жіптің мықты тартылып байланғанына көз жеткізіңіз, жіп шешіліп кетпеу керек.

8-қадам: Тартылып байланған жіпке әуе шарын таспамен бекітіңіз. Бірінші түрлі түсті шардың астын, екінші салынған жүрекшенің артын таспамен мықтап бекітіңіз

9-қадам:  Жіпті қозғалту арқылы  әуе шарын ұшырыңыз. Әуе шары дайын.

Қорытынды:

Жобаның соңында балалар өз тәжірибелерімен бөлісіп, не үйренгендерін талқылайды.Әуе шарын жасау арқылы балалар көптеген  дағдылар мен қасиеттерді меңгереді.