Сүйкімді қоян
23 Сүйкімді қоян
Жобаның мақсаты
Қолдан қимылдайтын қоян жасау
Құндылық
Қоқысқа кететін заттарды ойыншыққа айналдыру арқылы үнемдеуге, қоршаған ортаны сақтауға тәрбиелеу.
Тәрбиешіге арналған нұсқаулық
- Бұл жобаны балалар топпен, жұппен немесе жеке орындайды.
- Балалар жобаның мақсатын қамтитын тақырыптармен танысуы керек.
- Балаларға арналған жұмыс алаңын дайындаңыз.
- Тәжірибелік бөлімді бастамас бұрын балаларға барлық қажетті материалдарды таныстырыңыз және беріңіз.
STEAM жобасындағы қауіпсіздік техникасы
Сабақты бастамас бұрын тәрбиешіге қауіпсіздік техникасымен танысу ұсынылады. Қажет болған жағдайда (ҚТ-да көрсетілген заттарды пайдаланған жағдайда) балаларға қысқаша нұсқау жүргізу қажет.
Сілтемеге өтіңіз Қауіпсіздік ережелері
Теориялық бөлім
Жыл сайын қоршаған ортаның адамдар пайдаланған қоқыстың салдарынан экологиялық ахуалы нашарлай түсуде. Әсіресе бір реттік пайдаланатын ыдыстардың табиғатқа тигізіп жатқан зияны шексіз. Қайта өңдеу арқылы олардың теріс нәтижесін азайту үшін балалармен қоқысқа кететін қалдықтарды тағы бір рет пайдалану жолдарын үйрену, қоршаған ортаны сақтауға бағытталған пайдалы бір іс болмақ. Осы орайда ең қызықтысы оларды ойыншыққа айналдыру. Ол ойыншықтар қимылдайтын болса балалардың қызығушылықтары да арта түседі.
Тәжірибелік бөлім
1-қадам: Түтікшелердің үшеуін біріктіріп ортасынан скочпен байлаймыз.

2-қадам: Стаканның түбінің ортасынан және екі жағынан орта жерінен үш тесік жасаймыз.



3-қадам: Түтікшенің майысқақ бөліктерді стаканның екі жағындағы тесіктен, ортасындағы түтікшенің басын стаканның түбіндегі тесіктен шығарамыз.


4-қадам: Ақ қағазға бір үлкен, екі кішкене дөңгелек салып, қоянның басы мен алақандарын салып, бояп, қиып аламыз. Жәнеде екі қолын яғни екі түтікшені 2-3см қип алыңыз.

5-қадам: Стаканнан шығып тұрған түтікшелерге жапсырамыз.

6-қадам Стаканды төңкеріп ұстап, оның ашық бетінен шығып тұрған түтікшені қозғағанда қоянның қол бұлғайтынын, немесе бетін жабатынын көруге болады. Осы әдіспен басқа жануарларды да жасап көруге болады. Түтікшені майыстыру арқылы басқа қимылдарды жасатуға болады.

Қорытынды
Бұл жоба арқылы балалардың жануарлармен таныстығы көбейіп, қоқысқа тасталатын заттарды ойыншыққа айналдыруға болатынын, осылайша қоршаған ортаны қорғауға үлес қосу мүмкін екенін үйренеді.