Ақ қозым

play-rounded-fill

11. Ақ қозым

Жобаның мақсаты: Балаларға қарапайым пластик бөтелкеден қозы жасап үйрету.

Құндылық: Қойдың төлі қозы туралы түсінік беру. Берілген үлгіге  қарап, реттілігін сақтай отырып қозыны жасау. Жасау барысында жанындағы құрбыларымен заттарды бөлісіп, бір-біріне көмектесу

Тәрбиешіге арналған нұсқаулық

  • Бұл жобаны балалар топпен немесе жеке орындайды.
  • Балалар жобаның мақсатын қамтитын тақырыптармен танысуы керек.
  • Балаларға арналған жұмыс алаңын дайындаңыз.
  • Тәжірибелік  бөлімді бастамас бұрын балаларға барлық қажетті материалдарды таныстырыңыз және беріңіз.

Steam жобасындағы  қауіпсіздік техникасы
жобаны  бастамас бұрын тәрбиешіге қауіпсіздік техникасымен танысу ұсынылады. Қажет болған жағдайда (ҚТ-да көрсетілген заттарды пайдаланған жағдайда) балаларға қысқаша нұсқау жүргізу қажет.
Сілтемеге өтіңіз       Қауіпсіздік ережелері

Теориялық бөлім

Қала жағдайында, тіпті кейде ауылда да қазіргі таңда балалар үй жануарлары мен төрт түлікті күнделікті өмірде көріп, байланыс жасау мүмкіндігіне ие бола бермейді. Ата-анасы тарапынан еркелеткенде көп еститін қошақан, қоңыр қозы деген сөздің мәнін түсіну үшін өз қолдарымен қозының бейнесін жасау, балалардың қиялын шарықтатып, қол моторикасын дамытатын әрекет болады.

Тәжірибелік бөлім

1 қадам. Таяқшаны  4 бөлікке бөліңіз. Бөліктерді бөтелкенің өлшеміне қарай бөліңіз.

2 қадам.  Таяқшаларды бөтелкеге ыстық желімнің көмегімен жапсырыңыз.

3 қадам. Екі жағы жабысатын скотчты бөтелкенің жандарын ораңыз. Бөтелкенің түбін орамаңыз.

4 қадам. Скотчтың үстін мақтамен жапсырып шығыңыз.

5 қадам. Міне қозының денесі дайын болды. Енді басын жасауға кірісейік.  Қара  түсті қағазға қозының басының  суретін салып,  қиып алыңыз.

 6 қадам.  Дайын көздерді бастың мүсініне жапсырамыз.

 7 қадам. Дайын болған қозының басын бөтелкенің түбіне   ыстық желіммен жапсырыңыз.

8 қадам. Бөтелкенің ішіне герлянданы салып, қосатын жерін сыртқа шығарып, қақпағын жабыңыз. Гирлянданы жағыңыз. Ақ қозы дайын.