Сырғанақ

play-rounded-fill

21 Сырғанақ

Жобаның мақсаты: Бос қораптан сырғанақ  жасау

Құндылық

Босаған қораптардан балаларды қызықтыра отырып ойыншық құрау арқылы үнемдеуге, қоршаған ортаны сақтауға тәрбиелеу

Тәрбиешіге арналған нұсқаулық

Бұл жобаны балалар топпен, жұппен немесе жеке орындайды.

Балалар жобаның мақсатын қамтитын тақырыптармен танысуы керек.

Балаларға арналған жұмыс алаңын дайындаңыз.

Тәжірибелік  бөлімді бастамас бұрын балаларға барлық қажетті материалдарды таныстырыңыз және беріңіз.

STEAM жобасындағы  қауіпсіздік техникасы

Сабақты бастамас бұрын тәрбиешіге қауіпсіздік техникасымен танысу ұсынылады. Қажет болған жағдайда (ҚТ-да көрсетілген заттарды пайдаланған жағдайда) балаларға қысқаша нұсқау жүргізу қажет.
Сілтемеге өтіңіз     Қауіпсіздік ережелері

Теориялық бөлім

Қарапайым заттардың көмегімен қызықты ойындар  құрастыруға  болады. Біз сіздермен қолданыстан шыққан бос қорап пен магнитті пайдаланып қысқы сырғанақ құрастыратын боламыз. Балалар қыстың күндері сырғанақ тепкенді ұнатады. Бізге төмендегі заттарқажет болады.

Тәжірибелік бөлім

Қысқы көріністі құру:

Бос қорапты ақ қағазбен не болмаса ақ бояумен боясаңыз болады. Мен қорапты ақ түсті А4 қағазымен қаптадым.

Ақ қағаздың жартысына жуығын бірнеше тауларды сызып, оларды қайшымен қиып алыңыз.

Жасыл қағаздан  шамамен үштен біріне бірнеше зигзаг шыршаларын сызыңыз және оларды қайшымен қиыңыз.

Ескі тіс щеткасын ақ бояуға батырып, оны  көк қағаздың бетіне  қар бүріккіштерін жауып тұрғандай шашыңыз.  Көк қағаздың үстіне  ақ түсті тауларды, оның үстіне жасыл түсті шыраларды қарындашты желімнің көмегімен жапсырыңыз. Дайын болған қысқы көріністі қораптың артқы жағына жапсырыңыз

Кейіпкерлерді құру:

1 қадам.Қораптың өлшеміне қарай аяғында коньки киген қысқы киім бар  адамдарды салып оны бояп безендіріңіз.

2 қадам.Бояу кепкен соң адамдарды қайшының көмегімен қиыңыз.

3 қадам. Жасыл түсті А4 қағаздың үштен біріне  шыршаның суретін салып, қиып алыңыз. Ақ түсті А4 қағаздың жартысына бірнеше таулардың суретін салып, қиыңыз.

4 қадам. Ақ түсті гуашқа қолданыстан шыққан тіс щеткасын батырып, көк түсті қағаздың бетіне шашыңыз. Ол сізде жауып тұрған қарды білдіреді.

5 қадам. Әрі қарай сырғанақшаларды магнитке жапсырайық.

Сырғанақшалар мен магниттің арасын бекіту үшін картоннан кішірек сопақша қиып алып, оны екіге бүктеңіз. Бүктелген қағаздың бас жағын сәл ашын магниттің үстіне ыстық желіммен жапсырыңыз. Магинтке жабысқан қағаздың үстіңгі жағының дәл ортасын қайшымен қып сырғанақшаларды орналастырыңыз. Екінші магниттің астыңғы жағына таяқшаның бас жағын бекітіңіз. Магиниттерді жапсырмас бұрыс  + , — (оң, терісіне) мән беріңіз.

6 қадам.  Әрі қарай сырғанақ алаңына шыршалар мен тауларды  жапсырайық. Ең әуелі көк түсті қағаздың үстіне ақ түсті тауларды оның үстіне жасыл түсті шыршаралды бір біріне жыпсырып алыңыз. Дайын болған соң, қораптың артқы жағына ыстық желіммен жапсырыңыз.

7 қадам. Сырғанақшалар да, мұз алаңы да дайын.