Кемпірқосақ
7 Кемпірқосақ
Жобаның мақсаты
Қағаздан жиналмалы желпуіш жасау арқылы балалар түстерді таниды, желпуішті жинап қоятындай етіп құрау арқылы дайындалған затты ұзақ уақыт қолдану мүмкіндігін арттыруды үйренеді. Жай ғана жинамай бұлттың артына жинау арқылы балалар кемпірқосақ пен бұлттың байланысын түсінеді.
Құндылық
Табиғаттағы кез-келген құбылыстың өзіндік мәні бар екенін, мысалы күнді көлегейлеген бұлттың жаңбыр тамшыларының күнге шағылысуы арқылы артынша кемпірқосақты көрсетуі мүмкіндігі барын түсіндіреміз. Қарапайым затты бояп, пішінге салу арқылы оны пайдалануға болатын етіп өзгертіп, тіпті құнын да арттыруға болатынын көрсетумен адамның да әр үйренген жаңа дағдысы оның адами бағасын көбейте түсетінін түсіндіруге болады.
Тәрбиешіге арналған нұсқаулық
- Бұл жобаны балалар топпен, жұппен немесе жеке орындайды.
- Балалар жобаның мақсатын қамтитын тақырыптармен танысуы керек.
- Балаларға арналған жұмыс алаңын дайындаңыз.
- Тәжірибелік бөлімді бастамас бұрын балаларға барлық қажетті материалдарды таныстырыңыз және беріңіз.
Steam жобасындағы қауіпсіздік техникасы
Сабақты бастамас бұрын тәрбиешіге қауіпсіздік техникасымен танысу ұсынылады. Қажет болған жағдайда (ҚТ-да көрсетілген заттарды пайдаланған жағдайда) балаларға қысқаша нұсқау жүргізу қажет.
Сілтемеге өтіңіз Қауіпсіздік ережелері
Теориялық бөлім
Қағазды бүктеу арқылы оның мығымдығын арттыруға болады. Осылайша оның қолданыс мерзімін де ұзартамыз. Ал бұлт артына жасырынған кемпірқосақты жасай отырып балалар табиғаттағы құбылыстарды түсінеді.
Тәжірибелік бөлімі
Керекті заттар: 2 дана А4 қағаз, кемпірқосақтың түстерінде фломастер, сызғыш, желім, 2 дана балмұздақ таяқшасы, резина.
1-Қадам: А4 қағаздарды енінен екіге бөліңіз.



2-Қадам: Екіге бөлінген 4 дана қағазға жәй қаламмен … сантимерден сызып шығыңыз

3-Қадам: Сызылған жолақты кемпірқосақтың түсінің реттілігін пайдалана отырып бояңыз.


4-Қадам: Қағазды тура ортасынан бір бүктеңіз.

5-Қадам: Бүктелген қағазды ортасын ашып жанына қарай бір бүктеңіз. Осылай бірнеше рет гормошка қылып бүктеңіз



6-Қадам: Осы жолмен төрт қағазды гормошка қылып бүктеген соң, оларды тура ортасынан бір бүктеңіз

7-Қадам: Бүктелген қағаздарды бір біріне желіммен жапсырыңыз


8-Қадам: Желпуіштің енімен бірдей ұзындықта бұлттың суретін салып қиып аласыз.


9-Қадам: Бұлтты желпуіштің ортасына жапсырасыз.


10-Қадам: Кемпірқосақтың екі шетіне ыстық желіммен таяқшаларды желімдеңіз. Жиналған кемпірқосақ бұлттың артында тұруы керек.

11-Қадам: Таяқшаларды резинкамен бір-біріне ұстатып қоюға болады. Резинканы шешкенде бұлттың артынан кемпірқосақ шыққандай әсер болады.

Қорытынды
Қағазды дұрыс бағытта бүктеп, құрастыру арқылы кемпірқосақ жасай алатынымызға көз жеткіземіз. Оны қарапайым таяқшамен бекіту арқылы қолдануға ыңғайлаймыз. Ал түрлі түсті бояумен бояп, бұлттың суретін жапсырумен табиғат құбылыстарын үйренеміз.