Жапырақтардан тәж

play-rounded-fill

19 Жапырақтардан тәж

Мақсаты: 

Жапсыру техникасынмен жұмыс істеу дағдысын дамыту.  Сұрақтарға жауап бергізу арқылы балалардың сөздік қорларын дамыту. Балаларды табиғатқа шығарып, зерттеуге  дағдыларын дамыту. Балаларды еңбексүйгіштікке, еңбек етуге тәрбиелеу.

Құндылығы: 

Ағаштың жапырақтарының, өсімдіктер адамдарға, құстарға жәндіктерге пайдасы қандай болса әрбір тіршілік иесіне пайдалы бола білуге тәрбиелеу

Тәрбиешіге арналған нұсқаулық

  • Бұл жобаны балалар топпен немесе жеке орындайды.
  • Балалар жобаның мақсатын қамтитын тақырыптармен танысуы керек. 
  • Балаларға арналған жұмыс алаңын дайындаңыз. 
  • Тәжірибелік  бөлімді бастамас бұрын балаларға барлық қажетті материалдарды таныстырыңыз және беріңіз.

Steam жобасындағы  қауіпсіздік техникасы
жобаны  бастамас бұрын тәрбиешіге қауіпсіздік техникасымен танысу ұсынылады. Қажет болған жағдайда (ҚТ-да көрсетілген заттарды пайдаланған жағдайда) балаларға қысқаша нұсқау жүргізу қажет.
Сілтемеге өтіңіз       Қауіпсіздік ережелері

Теориялық бөлім

Балалар табиғатқа шыққанда қолдарында бір-бір дорба болуы керек. Сол дорбаға өздерінің жинаған жапырақтарын салады

Балаларға тәж жасау үшін бірге алдымен картон қағаз керек болады. Жинаған табиғи қазыналарынмен бекітетін боламыз.

Тәжірибелік бөлімі

Керекті заттар:

  • Картон қағаз
  • Қайшы
  • Екі жақты скотч
  • Әр балаға дорба
  • Балалардың жинаған табиғи  қазыналары (кептірілген жапырақ, ағаштың қабығы)

1-қадам 

Балалармен балабақша ауласына шығып, дорбаларға ауладан жапырақтар және ағаштың қабығын жинайсыз

2-қадам 

Икемді картон екі жақты скотчты дайындайсыз

3-қадам

Әр баланың басының өлшемін өлшеп, картонды сол өлшеммен қиясыз.  Екі жақты скотчты картонның  өлшемімен өлшеп картонға жапсырасыз

4-қадам

Балалардың жинаған табиғи қазынасын картонға жабысқан скотчтың бетіне жапсырасыз.

Бұл балаларға айналаны зерттеуге және қазына жинауға мүмкіндіктер береді, табиғи тәжді өз қолдарымен жасап болған соң балалар ойнай алады