Жаңбыр
01. Жаңбыр
Жобаның мақсаты:
Табиғат құбылыстарына қызығушылығын арттыра отырып, табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Құндылық:
Жаңбырдың пайдасы жайлы әңгімелесу, жаңбыр секілді әрбір тіршілік иесіне пайдалы бола білуді дәріптеу
Тәрбиешіге арналған нұсқаулық
- Бұл жобаны балалар топпен немесе жеке орындайды.
- Балалар жобаның мақсатын қамтитын тақырыптармен танысуы керек.
- Балаларға арналған жұмыс алаңын дайындаңыз.
- Тәжірибелік бөлімді бастамас бұрын балаларға барлық қажетті материалдарды таныстырыңыз және беріңіз.
Steam жобасындағы қауіпсіздік техникасы
жобаны бастамас бұрын тәрбиешіге қауіпсіздік техникасымен танысу ұсынылады. Қажет болған жағдайда (ҚТ-да көрсетілген заттарды пайдаланған жағдайда) балаларға қысқаша нұсқау жүргізу қажет.
Сілтемеге өтіңіз Қауіпсіздік ережелері
Теориялық бөлім
Жаңбыр жерден көтерілген будың бұлтқа айналып, суық ауа ағымымен кездескен кезінде қайта су тамшыларына айналуынан пайда болады. Жаңбыр жалпы жер бетіндегі су айналымының соңғы баспалдағы. Осы тәжірибе арқылы біз әлемде болып жатқан үлкен құбылыстың іске асу жүйесін кішкентай заттарды қолдану арқылы іс жүзінде көре аламыз.
Тәжірибелік бөлімі
Керекті заттар:
- шыны ыдыс
- тәрелке
- су
- мұз
1-қадам Балалардың қауіпсіздігін ескере отырып суды буы шыққанша басқа бөлмеде ысытыңыз.

2-қадам. Шыны ыдысқа құйыңыз.
3-қадам. Бетін тәрелкемен немесе целлофанмен жабыңыз.

4-қадам. Санаулы секунд күтіп, бетіне мұз қойыңыз.

5-қадам. Ары қарай не болатынын бақылаңыз

Балаға жылы ауаның жеңіл болғаны үшін жоғары көтеріліп жатқанын, ал жоғарыда салқын ауамен [мұзбен] кездескенде суға айналып, қайта су тамшылары түрінде тамып жатқанын көрсете отырып түсіндіріңіз.
Қорытынды
Осылайша балаға табиғатта да жердегі судың күн қызуымен буланып аспанға көтерілетінін, бұлтқа айналып, суық ауамен ұшырасқанда қайта су тамшылары түрінде жерге түсетінін, жаңбырдың осылайша пайда болатынын түсіндіріңіз.